Қытайға LRT үшін қарыз емеспіз

Газет мақаласы "Айқын" газеті № 173

Қазақстан Қытай даму бан­кінен LRT (жеңіл рельсті көлік) жобасы үшін алған қарызынан құ­тылды. «Астана LRT» ЖШС бас­­па­сөз қызметі Қытай даму бан­­кі алдындағы қарыз есеп­тел­­ген сыйақысы­мен бірге мер­­­зі­мінен бұрын төленгенін рас­­тады.

Қытайға LRT үшін қарыз емеспіз

Биылғы қыркүйекте «Астана LRT» ЖШС 420 миллион доллар көлемінде қаржы тартып, соның 343 миллионын Қытай даму банкіндегі несиені жабу­ға жұмсады. Несие шартының талап­тарына сәйкес, есептелген сыйақы да тө­ленген.

Есте болса, тамыз айында Премьер-Министрдің бірінші орын­басары – Қаржы министрі Әлихан Смайылов Қа­зақстанның Қытай мемлекеттік банкіне 344 млн доллар қарызы ба­рын хабарлаған-ды. Министрдің ай­туынша, LRT құрылысына Қытай мем­лекеттік банкінен 1,5 миллиард дол­лар қарыз алынған. Сол ақшаның 344 миллионы құрылысқа жұмсалып кет­ті. Қытай қалған қаржыны беруді тоқ­татқан соң, Үкіметте қытай ком­­па­нияларына байланысты қаржы­лан­­дыру жүйесі қайта қаралды. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ұсы­­нысын қараған Үкімет Қытай мем­лекеттік банкінің қарызын қайта қар­жы­лан­дыруды жоспарлаған болатын. Сол жоспарға сәйкес, «Астана LRT» ком­­паниясының жалпы құны 1,5 миллиард долларды құрайтын об­лигацияларын ішкі нарыққа шы­ғарып, сату арқылы Қытай мемле­кетт­ік банкінің 344 миллион доллар кө­леміндегі қарызын өтеу көзделген. Қал­ған 1,2 миллиард доллар LRT құры­лысына жұмсалады делінген. Егер әкімдік ұсынған жоба жүзеге асып жатса, жеңіл рельсті көлік же­­лі­сінің құрылысы келер жылы 1 қыр­күйек­ке дейін аяқталуы тиіс.


Астана әкімі Алтай Көлгінов т­а­мыз айында LRT құрылысына қа­жетті 600 миллион доллардың 500 мил­лионын «Халық банктен» 3 пайыз­дық мөлшерлемемен, 100 мил­­лион долларды «Бәйтерек» хол­дингінен қарыз алу арқылы жи­нас­ты­ратынын жеткізген. Сонымен қа­тар қарыздан бас тарту 800 мил­лион доллар үнемдеуге мүмкіндік бе­ре­тінін де айтқан. Бұл орайда LRT-ның шағын нұсқасын таныс­тыр­­ғаны есімізде. Сол жобаға сәй­кес, жылжымалы құрамдар санын 19-дан 11-ге дейін қысқарту арқылы 15 миллиард теңге, аялдама-стан­са­ларды қысқарту арқылы 42 мил­лиард теңгеден астам қаражат үнем­делуі керек. Бастапқы сызбада 18 станса болса, соңғы жобада 11 стан­са қалдырылды. Жалпы, осылай ықшамдау, қысқартудың арқасында жоба шығындары 135 миллиард тең­геге дейін азаюы керек. Ал Үкіметтің Қы­тай даму банкінің қарызынан бас тарту туралы шешімі бюджетке тү­сетін салмақты 800 миллион АҚШ дол­ларына дейін азайтпақ.

Айта кетсек, Президент LRT құ­ры­лысының дұрыс жоспарлан­баға­нын сынға алған болатын.

«Әкімдіктің мәліметіне сәй­кес, жеңіл рельсті көлік жүйе­сі­мен бір тәу­лікте жүретін жо­­лаушылардың саны – 146 000 адам. Бұл – болжам. Алай­да қазір дәл осы маршрутпен, яғни әуе­жайдан жаңа теміржол вокзалына дейін тек 2 000 адам ғана жүреді. Мен сіздердің жолаушылар санын 70 есеге қалайша арттыратындарыңызды түсінбей отырмын» деген еді үкімет­тің кеңейтілген отырысында.


Айдана БЕГІМ