Ұлттық банк несиеге қатысты жағымды жаңалықпен бөлісті

2020 жылдың 16 желтоқсанынан бастап шетелдік банктер Қазақстанда өз филиалдарын аша алады, ал бұл несиенің пайыздық мөлшерлемесін төмендетуге ықпал етпек. Бұл туралы Мәжіліс отырысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев мәлімдеді, – деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ұлттық банк несиеге қатысты жағымды жаңалықпен бөлісті

«2020 жылдың желтоқсанынан шетелдік банктерге тікелей филиалдарын ашуға рұқсат етіледі. Бұл банк секторы мен сақтандыруды қадағалауға қатысты, ал құнды қағаздар нарығы бойынша тікелей филиал ашуға тыйым салынған. Олар еншілес ұйым құру арқылы жұмыс істеуі тиіс. Нарыққа қатысушылар алаңының кеңеюі тариф пен комиссиялардың азаюын, шарттардың жақсаруын, болашақта пайыздық мөлшерлеменің төмендеуін білдіреді», – деді Е.Досаев.

ҰБ төрағасының айтуынша, қазақстандық банктер шетелдік қаржы ұйымдарымен бәсекеге дайын. Досаев көрші Ресей мен Қытайдың ірі банктерінің филиалдары елімізде бұрыннан жұмыс істейтінін атап өтті.