Әлеумет мұңы – баспана

Газет мақаласы "Айқын" газеті № 176

Елбасы Қа­зақ­­стан хал­қы­на арнаған «Қа­зақ­стан­дық­тардың әл-ау­қаты­ның өсуі: табыс пен тұр­мыс са­па­сын арттыру» атты Жол­­дауында «Нұрлы жол» бағ­дар­ла­ма­сы­на оң ба­ға берді. 2016 жы­лы қабыл­­дан­­ған тұр­ғын үй бағ­дар­ла­­­ма­сын, был­тыр мем­­­­ле­кет­тік бағ­дар­лама ре­тін­де қайта бе­кіт­кен еді. Мұн­­да­ғы бас­ты мін­дет – ха­лық­тың тұр­­­ғын үйге қол­же­тім­ді­лігін артты­ру.

Әлеумет мұңы – баспана

Осындай қолдаудың арқа­сын­да Қызылорда облысында тұрғын үй құрылысында жылдан-жылға өсу байқалады. Биылдың өзінде осы бағдарлама аясында 22,2 млрд теңге бөлінді. Соның көмегімен облыс көлемінде бірнеше отбасы бас­паналы болды. Оған қоса, бағ­дар­лама есебінен қаржылан­ды­­рылған
1 862 пәтерлі 43 көпқа­бат­ты тұрғын үйдің құрылысын жүр­­­гізу жоспар­ланған.

Осыған орай, мемлекет тара­пы­­нан бағдарламаның басым бағыт­тары бойынша халыққа кө­мек көр­сету тетіктерін үнемі же­­тілдіріп жатыр. Мәселен, ипо­те­ка­лық несиелендірудің қолжетім­ді­­лігін арттыру, тұрғын үй құры­лыс жинақ жүйесі арқылы несие­лік тұрғын үй салу қарастырылған. Тіпті, халық­тың әлеуметтік осал топтары үшін жалдамалы тұрғын үй қо­рын құрды. Ал жеке тұрғын үй құрылы­сын дамы­тып қана қой­­май, жеке құры­лыс салушы­лар­ды тұрғын үй құры­лы­сына ынталандыру қарас­ты­рыл­ған. Сонымен қатар бұрын қа­былдан­ған мемлекеттік тұрғын үй бағ­дар­ла­маларын іске асыру тағы бар. Осы бойынша қар­жы­лан­дыру және субси­диялау тұрғын үй са­тып алғысы келетін аза­мат­тарға ғана емес, сондай-ақ тұр­ғын үй салу­шы компа­ния­лар мен ипоте­ка­л­ық несие бере­тін екін­ші дең­гей­лі банк­терге де ұсы­ны­лады.

Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру барысында қазақстан­дық­тардың жеке тұрғын үй құрылысына қызығушылығы арта түсті. Бұған жер телімін алуға кезекте тұрған азаматтар қатыса алады. 2017 жылы облыс орталық­та­рында жеке тұрғын үй құры­лы­сын жалғыз сәу­леттік стильде салу үшін пилот­тық жоба іске қосыл­ған болатын. Ол бір құрылыс салу­­шы арқылы жергілікті құры­лыс материалдары мен үй құры­лы­сы комбинатының техно­ло­гиясын қолдануды көздейді. Атал­ған технологияларды типтік құры­лыс жобаларына қолдану тұр­ғын үй құрылысының құ­нын 1 шаршы метрі үшін 120 мың теңгеден асырмауға мүмкіндік берді. Соны­мен бірге бұл жоба 2018 жылы жал­ғасын тап­қан. Республи­калық бюд­жеттен су және электрмен жаб­дықтау желілері салынып жа­тыр. Алдын ала деректер бо­йын­ша, былтыр 160 үй пайда­ла­нуға берілген. Бұдан өзге, 179 үйдің құрылыс жұ­мыс­тары жүргізіліп, 20 үйдің жо­ба­­лық-қаржылық құжат­тары дайын­­­далды.

 

Пәтермен қамтылған көпбалалы отбасылар

Бүгінде облыста «Нұрлы жер» бағдарламасы әрбір ауданда тү­бе­гей­лі жүзеге асырылуда. Мы­салы, са­тып алу құқығынсыз жалға берілетін 946 пәтерлі 24 тұр­ғын үйге респуб­ли­калық бюд­жет­тен 6 млрд теңге, ал облыстық бюджет­тен 1,2 млрд теңге бөлінді. Сонда оған барлығы 7,2 млрд теңге жұм­сал­ды. Қазір Қызы­лорда қала­сын­дағы Сырдария өзенінің сол жағалауында отыз мың шаршы метрді құрайтын 820 пәтерлі 17 үй тұр­ғызылмақшы. Оның ішінде, был­тыр 220 пәтерлі 4 үйдің құры­лысы басталған. Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінде 108 пәтерлі 6 үй, Шиелі ауданы, Шиелі кентінде 18 пәтерлі 1 үйдің құрылысы қар­қын алған. Ал жеке құрылыс салу­шы­лар есебінен де Сырдария өзе­нінің сол жағалауында 86 пә­тер­­лі 2 үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр.

Биыл алғашқы 6 айдың қоры­­тындысында пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 277,3 мың шаршы метрді құрап отыр. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда жос­пар екі есе артық орындалған. Облыс әкімі­мен келісіліп, бекітілген кесте бар. Соған сәйкес 6 айда 228 мың шар­шы метр, 9 айда 447 мың шар­шы метр көлемді орындау жос­пар­ға алынған-ды.

Қазір облыста тұрғын үй алуға барлық санат бойынша 27 906 азамат кезекке тіркелген. Оның 14 074-і тұрмысы төмен топқа жатады. Ал не­гізінен облыс орталығында 11 623, аудандарда 2 451 адам пәтер ке­зегінде тұр. Жал­пы, аймақтағы тұр­ғын үйге аса мұқ­таж 150 көпба­ла­лы отбасы анық­талды. Соның арасында облыс­т­ық бюджеттен жүз шақты­сына демеу­шілер арқы­лы болса, елуін жеке құры­лыс са­лу­шылар баспанамен қамта­ма­сыз еткен.

 

Жүзеге асқан жобалар

Бағдарлама аясында респуб­ли­­калық бюджеттен 3,6 млрд тең­ге бағыт­тау қарастырылып отыр. Оның 1,8 млрд тұрғын үй құрылысына жұм­салса, қалған 1,8 млрд дайын пә­тер сатып алуға бағыт­талған. Бұл мақ­сатта тұрғын үй құрылысының жо­балары бо­йын­ша Индустрия және инфра­құры­лымдық даму ми­нистр­лігіне бюджеттік өтінім тап­сы­рыл­ған. Осыған сәйкес облыс тұр­ғындары, әсіресе халықтың әлеу­меттік жағы­­нан осал топтары кіреді. Атап айтар болсақ, көпбалалы отба­­сылар, І және ІІ топ мүге­дек­тері, жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар. Міне, осы азаматтарды барынша қолжетімді баспанамен қамта­ма­сыз ету мақсатында 2017 жылы өңірлік «Орда» жол картасы бекі­тіл­ді.

Тұрған үйі апат­ты болып таныл­ғандардың кейбірі қайта жөндеуден өтіп, пайда­ла­ну­ға берілген. Мұның арасында бір қа­бат­ты 27 тұрғын үй, «Бәйтерек Деве­лопмент» АҚ желісі арқылы 300 пә­терлі 5 тұрғын үй, «Самұрық Қазы­на» АҚ желісі арқылы 400 пә­терлі 5 тұрғын үй, 1 162 пәтерлі 28 тұр­ғын үй жеке құрылысшылар есе­бінен жөнделген. Инженерлік-комму­ни­кациялық инфрақұры­лым желі­­лерін дамыту мақсатында 2017-2018 жылдар аралығында 52 жоба рес­­публикалық бюджеттен қаржы­лан­­ды. Нәтиже­сінде 642 шақырым инженерлік желі пайдалануға берілді. Осындай тәсіл арқылы кезекте тұрғандар үшін ай сайынғы төлем алғашқы 5 жылда 70 мың теңге, кейінгі 10 жылда 56 мыңнан болады. Сонда жыл сайын шамамен 40 мың пәтер енгі­зуге мүмкіндік береді. Мәсе­лен, 2017 жылы 184 үй пайда­ла­нуға беріл­ген.

Елімізде тұрғын үй құрылысы белсенді дамып келеді. Бұл өз ке­зе­гінде азаматтардың өмір сүру жағ­дайын айтарлықтай жақсарту­ға, құрылыс қарқынын өсіруге ықпал етеді. Биыл 13 млн м2 астам тұрғын үй пайдалануға бе­рі­леді деп жоспарлануда. Ал бұл – 100 мыңнан астам тұрғын үй. Осыған қарап-ақ «Нұрлы жер» бағдар­ламасын жүзеге асыру бойынша Сыр елі үздік үштіктің қатарында деуге болады. Өйткені Қазақстан Президенті әр кезде­суін­­де қазақ­стандықтардың тұр­ғын үй мәсе­лесін шешуге баса на­зар аудара­ты­ны белгілі. Оған дәлел Мемлекет бас­шысының халыққа қажетті тұр­ғын үй жағ­дайын жақ­сар­тып, еліміздің кез келген елді мекенінде жайлы әрі қауіпсіз өмір сүруге жағдай жаса­уын­да.

 

Миуа БАЙНАЗАР,
Қызылорда облысы