Мамин: «Нұрлы жол», «Нұрлы жердің» қаражатын игермей отыр

Үкімет отырысында Премьер-министр Асқар Мамин Бірқатар бюджеттік бағдарламаның әкімшілері қазынаның қаражатын толығымен игермей отырғанын айтты.

Мамин: «Нұрлы жол», «Нұрлы жердің» қаражатын игермей отыр

– Бірқатар бюджеттік бағдарламаның әкімшілері бюджет қаражатын толығымен игермей отыр. Осы бағытта жұмысты күшейту қажет және қаржыны уақытында игеруді қамтамасыз ету керек. Экономиканың тұрақты өсімін қамтамасыз ету қажеттілігін тағы да бір рет атап өткім келеді. Осы ретте қолда бар әлеуетті тиімді қолдану маңызды, – деді Асқар Мамин.

 Премьер-министр «Нұрлы жол», «Нұрлы жер», Индустриалды-инновациялық даму және басқа да мемлекеттік бағдарламалардың уақтылы орындалуын қадағалауға тапсырма берді.

– Осы бағдарламалардың іске асырылуы – экономиканың дамуына серпін береді. Орталық және жергілікті мемлекеттік органдар экономика өсімінің қарқынын арттыруға барлық күш-жігерді жұмсауы керек. Әлихан Асханұлы, бұл мәселені бақылауда ұстаңыз, – деді Премьер-министр.

Бұдан былай мемлекеттік бағдарламалардың іске асу мерзімі тұрақты қадағаланатын болды.