Қазақстандықтар 52 млрд теңгеге автокөлік сатып алған

Қазақстандықтар сәуір айында 52 млрд теңгеге 5,5 мың автокөлік сатып алып, көлік саудасы жағынан 2016 жылдан бергі рекордты жаңартқан екен.

Қазақстандықтар 52 млрд теңгеге автокөлік сатып алған

Қазақстан экономикасының өсім қарқыны 4 пайыздық деңгейді сақтай отырып, бір айдың ішінде 52 млрд теңгеге 5,5 мың автокөлік сатып алынды.

Оның 58,6 пайызы отандық өндіріске тиесілі. Мұндай өсім жеңілдетілген автонесие бойынша мемлекеттік бағдарламаның арқасында болу мүмкіндігін «Қазавтоөндіріс» автокөлік саласындағы кәсіпорындар одағының директорлар кеңесінің төрағасы Олег Алферов жасырмады. Ал 8 389 көлік импортқа тиесілі екен.

2019 жылдың қорытындысы бойынша, қазақстандықтардың сұранысын Lada бастап тұр. Төрт айда осы маркамен 4 743 көлік сатылған. Toyota – 4 115-і, 3 Hyundai – 450-і және KIA маркісінің 1 259-ы сатылған.