МӘМС: сәуір айында 1,2 млрд теңге жарна түсті

Сәуір айында Нұр-Сұлтан қаласы бойынша жинақталған жарнаның жалпы сомасы 1,2 млрд теңге шамасында. Бұл республика бойынша түскен 167,2 млрд теңге көлеміндегі сақтандыру жарнасы мен аударымдарының 12,5%-ын құрайды.

МӘМС: сәуір айында 1,2 млрд теңге жарна түсті

«Медициналық сақтандыру қорына жарна аударуда елордалық жұмыс берушілер белсенділік танытуда. Яғни, медициналық сақтандыру жарналар мен аударымдарының қомақты бөлігі – 1,2 млрд теңге (99,34%) жұмыс берушілерге тиесілі. Қалған 7,8 млн теңге (0,66%) – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін азаматтардан түскен жарналар», - дейді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары, яғни жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады. Болашақта бұл қаражат Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады.