22 миллион теңге аламын деп, 9 жылға қамалды

Нұр-Сұлтан қаласының Есіл аудандық сотының үкімімен елордалық әділет департаменті басшысының орынбасары Р. Рамазанов «Астана қалалық жарық» ЖШС шоттарынан тыйым салуды алу үшін 22 млн теңге пара алуға оқталғаны үшін кінәлі деп танылып, 9 жыл бас бостандығынан айырылды.

22 миллион теңге аламын деп, 9 жылға қамалды
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, сот шешімімен оның сыбайлас қатысушылары – елордалық әділет департаментінің атқару өндірісін қамтамасыз ету басқармасының басшысы Е. Дәулетбаев және аға сот орындаушы – астаналық әділет департаментінің Алматы аумақтық бөлімінің басшысы Г. Манапова – сәйкесінше 9 және 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасына тартылды.