FlyArystan бір айда 50 мың жолаушы тасымалдады

FlyArystan әуе компаниясы іске қосылған алғашқы айының қорытындысын жариялады. Әуе компаниясы бір айдың ішінде 50 мың жолаушы тасымалдады.

FlyArystan бір айда 50 мың жолаушы тасымалдады

Мамыр айында лоукостер 6 бағыт бойынша 50 мың жолаушыны тасымалдаған. Жалпы саны 309 рейс орындалды. Олардың 94 пайызы дәл уақытында ұшып, уақытылы қонған. Ал ұшақтардың толуы 93 пайызды құрады.

Сол аралықта әуе компаниясынан 125 мың билет сатылды. Жолаушылардың 60 пайызы билетті алдын ала алған. Сондықтан әуе компаниясының қызметін алдағы бірнеше айдың ішінде тұтынады.
Бүгінде FlyArystan компаниясының ресми сайтында 26 қазанға дейінгі аралықта билет сатылымы ашық.

Қазір FlyArystan әуе компаниясында 180 адамдық 4 ұшақ бар. 2022 жылға дейін компания ұшақ санын 15-ке жеткізуді жоспарлауда.