Салық рақымшылығы кімге жасалады?

Газет мақаласы Айқын газеті №87

Елбасы тапсырмасы бойынша елімізде шағын және орта бизнес субъектілеріне негізгі салық сомасын төлеген жағдайда өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығару бойынша салық рақымшылығы жүргізіліп жатқаны белгілі. Оны жүргізу тәртібіне сәйкес мемлекеттік кірістер органдары өз еркімен салық төлеушілердің жеке шоттарын тексеріп, күнделікті салықтың негізгі сомасының төленуіне мониторинг жүргізеді.

Салық рақымшылығы кімге жасалады?

Бүгінде республика бойын­ша 37 644 салық төлеуші салық төлемін өтеген.

«Салықтық рақымшылық биылғы жылдың соңына дейін жалғасады. Осы орайда шағын және орта бизнес субъектілерін жиналған қарыздан құтылып, мемлекеттік кірістер орган­дары­­мен салынған шектеулерді жоюға шақырамыз.

Мониторингке жататын ірі салық төлеушілер, 2018 жыл­дың 1 қазанындағы жағдай бойынша белгілі бір қызмет түрлерінің біреуін немесе бірнешеуін іске асырған салық төлеушілер рақымшылыққа ілінбейді. Мысалы, жерасты суларын, емдік балшықтарды өндіру құқығына ие болғандық­тан ғана жер қойнауын пайда­ланушылар болып саналатын­дарды қоспағандағы жер қойнауын пайдалану­шылар, акцизделетін өнім өндірушілер, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адво­каттың, кәсіпқой медиатордың қызметін, кәсіпкерлік қызметті іске асыруына байланысты туындаған салықтық берешекті қоспағанда, жеке тұлғаларға қол­данылмайды. Қазір салық­тық рақымшылық бойын­ша жаңа жоба дайындалып жатыр» – дейді Мемлекеттік кіріс­тер комитеті төрағасының орын­басары Жайдар Іңкәрбаев.

Өткен жылдың 1 қазанын­дағы жағдай бойынша, елімізде 90 077 шағын және орта бизнес субъектілерінің өтелмеген салықтық берешегі болған. Олардың бересі сомасы – 210,4 млрд теңге, өсімпұлдар – 122,9 млрд теңге, ал айыппұлдар 7,4 млрд теңге болды.

Салықтық рақымшылыққа қатысу үшін ешқайда барудың қажеті жоғына назар аударған жөн.

Ақмола, Алматы, Атырау, Жам­был және Қостанай об­лыс­­­тарының салық төлеу­ші­лері рақымшылықтың ең бел­сен­ді қатысушылары болып отыр.

Жеке тұлғалар үшін алдағы болатын салықтық рақым­шы­лық туралы қосымша атап өту керек. Еліміздегі салық заңна­ма­сына түзетулер әзірленген. Осы түзетулер 2019 жылғы 1 қаңтарға дейінгі салықтық кезеңдер үшін салықтық міндеттемелер бойынша жеке тұлғамен негізгі қарыз сомасын төлеген жағдайда өсімпұлдарды есептен шығару қарастырылған.


Сондай-ақ оқыңыз

Түзетулерді қабылдаған жағдайда рақымшылыққа 1 390,0 мың адам жатады, олар­ға 13,9 млрд теңге сома­сын­да бере­сіні төлеу шартын орын­да­ған кезде 7,0 млрд теңге өсімпұл есептен шығарылатын болады.

Қазіргі уақытта салықтық әкімшілендіру екпіні салықтық тексерулерден камералдық бақылауға ауысты. Бұл – салық декларацияларын өзара са­лысты­ру арқылы немесе басқа ақпарат көздерінен алынған ақпаратпен салыстыру арқылы жүзеге асырылатын салықтық бақылаудың бір түрі.

Камералық бақылаудың негізгі мақсаты – салық төлеу­шіге айыппұл салмай, заң бұзушы­лықтарды өз бетінше жоюға мүмкіндік беру. Мәсе­лен, өткен кезеңде «белсенді», яғни айналымдары бар салық төлеушілердің жалпы санының оныншысына ғана хабарлама жібе­ріледі. Мәселен, өткен жыл­мен салыстырғанда хабар­лан­дыру саны 20% -ға артып, 95 мыңнан 117 мыңға дейін өсті. Хабарлама саны көбейген сайын, өнімділік индикаторы параллель түрде 63%-ға жетіп, ары қарай өсіп келеді.

Өткен жылы камералдық бақылау нәтижесінде, салық төлеушілер қосымша деклара­циялар тапсырып, жинақталған және өндірілген салық сомасы 127,3 млрд теңге болған. Алайда салық төлеушілердің хабар­ла­ма­ларын орындамау жағдай­лары бар. Мысалы, 29 мың орындалмаған хабарламалар­дың банктік шоттары тоқта­тыл­ған, олардың 10% немесе 3 мың салық төлеушінің шоты толық жауап бермеуіне бай­ла­ныс­ты жабылып, тиісінше мемлекеттік органдардың хабарламаны орындамағаны туралы шешім қабылданды.

Қазіргі уақытта, Салық кодексінде хабарлама қабыл­дан­баған деп тану туралы жазбаша шешім қабылданып, салық төлеушіге жіберіледі. Шешім қабылданғаннан кейін салық төлеуші уақытылы іс-әрекет жасап, заң бұзушылықты жоюға тиіс. Егер салық төлеушi шешім бойынша заң бұзушы­лықты хабарламаның мерзiмi аяқталғанға дейін түзетсе, онда қаржылық шығыс операция­ла­рына тоқтатылу қолданыл­май­ды. Сонымен бірге, Салық кодексі камералдық бақылау хабарламасына қатысты шағым беріліп хабарламаның орын­далу мерзімін тоқтату құқығы қарастырылған. Салық төлеу­ші­лердің ұсынысын ескере отырып, камералық бақылау шеңберінде өзара әрекеттесу туралы бірқатар түзету енгізілді. Мәселен, салық төлеушілерге хабарламаны орындамау туралы шешімге шағымдану құқығы берілді, әртүрлі себеп бойынша жіберілген өтеу мерзімін қалпына келтіру үшін салық төлеушіге өтініш беру құқығы берілді және шешімге шағым беру кезінде салық төлеушінің банк шоттарын жабу және салық органы жоспардан тыс салықтық тексеруді тағайындау тоқтатыла тұрады.


Эльмира ЖАҚСЫБАЙҚЫЗЫ