44 қазақстандық чек талап етіп, смартфон ұтып алды

1 мамырдан бастап 8 тамызға дейін Қазақстан Республикасының азаматтары «Чекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» акциясына қатысуда. Акцияны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті фискалдық деректер операторымен бірлесіп өткізуде.

44 қазақстандық чек талап етіп, смартфон ұтып алды

Бүгінге дейін Қарағанды облысында - 16 жеңімпаз, Ақмола облысында - 6, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында және Нұр-Сұлтан қаласында 4 жеңімпаздан, Қостанай, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында - 2 жеңізпаздан, Батыс Қазақстан облысында және Шымкент қаласында бір жеңімпаздан анықталды. Жалпы акция басталғаннан бері 14 037 қатысушы жалпы сомасы 1 072 737 711 теңге болатын 263 460 чектерді жіберді.

Науқан кезінде Қазақстанның әрбір тұрғыны кез келген затты сатып алу немесе ақылы қызметті қолдану кезінде смартфон ұтып алу мүмкіндігіне ие болады. Тек тауар, жұмыс және қызмет үшін төленген сомаға берілетін чектерді «Таңдау» мобильдік қосымшасында тіркесе болды. Акцияға тек деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-кассалық машиналардың чектері (Онлайн БКМ) қатысады.

Акцияны өткізудің мақсаты – азаматтық белсенділікті арттыру, азаматтардың тауар, жұмыс және қызмет тұтынушысы ретіндегі өз мүдделерін қорғау бойынша құқықтық мәдениетін қалыптастыру, көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқарту.

 «Чекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» республикалық акциясына кез келген тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу кезінде Онлайн БКМ чектерін алған Қазақстанның азаматтары қатыса алады.

Қатысушы және чек туралы мәліметтерді тіркейтін «Таңдау» тегін мобильді қосымшасы App Store, Google Play market-те қолжетімді.

Бір қатысушы тіркейтін чектер саны шектелмеген.

Акцияның толық шарттарын және қосымшамен жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулықты www.trebui.kz сайтынан көруге болады.

Қатысушылар арасында акция өту кезінде 100 смартфон ойнатылады.