Арзан бағадағы жәрмеңке

Газет мақаласы "Айқын" газеті №108

Бүгінде Арыс қаласын тез қалпына келтіру мақсатында түрлі бағытта жұмыс жүріп жатыр. Тек қана жанданған құрылыс жұмыстары емес, халық­тың тұрмыс-тіршілігіне де баса назар аударылып, әлеуметтік қолдау жасалуда. Осыған орай, бүгін қалада екі жүз тоннадай ауыл­шаруашы­лық тауарлары арзан бағаға берілген  жәрмеңке ұйымдастырылды.

Арзан бағадағы жәрмеңке

Облыс әкімдігінің қолдауы­мен Арыс қаласында өткен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәр­меңкесінде жергілікті 50 шақты тауар өндіруші 200 тоннаға жуық өз өнімін ұсынды. Тауар қала тұрғындарына базар нарқынан 30 пайызға төмен бағада саты­лымға түсті. Жиналған өнімдер­дің жал­пы құны 67 млн теңгеден асады.

Жәрмеңкеге жеткізілетін өнім­дер барлық аудан, қа­ла­лар­дан даму басымдылықтарына сәйкес жинақталған. Ондағы ет және ет өнімдерінің жалпы кө­ле­мі – 37,5 тонна, көкөніс – 55 тон­на, сүт өнімдері – 24,4 тонна, бақша өнімдері – 41 тонна, же­міс-жи­дектің жалпы көлемі – 16,7 тонна, 2 тонна әсел, 5 тонна балық, 14 тон­на өзге де ауыл ша­­руашылығы өнімдері ұсынылды.

Бұдан бөлек, ауыл шаруашы­лығы саласының түрлі бағыт­та­рында жұмыс істейтін өңірлік ірі кәсіпорындар өз өнімдерін жәр­меңкеге алып келді. Атап айт­қанда, «Аманкелді» ЖШС (Қа­зығұрт ауданы), «Асыл тұқымды Ордабасы ешкі сүт өнімдері» ЖШС (Ордабасы ауданы), «Бөрте милка» ЖШС (Ордабасы ауданы), Dala fruit.kz ЖШС (Сайрам ауда­ны), «Қайып ата» ЖШС (Қазығұрт ауданы), «Ор­дабасы құс» (Орда­басы ауданы), «Хамит» СТК (Шар­дара ауданы) және тағы басқа 22 кәсіпорын өнімдерін ұсынды.

Арыстық тұрғындарға арнал­ған жәрмеңкеге арнайы Төлеби ауданынан өнерпаздар қатысып, өз концерттік бағдарламаларын көрсетті.

Түркістан облысы