Табыс көлемі артты

Былтырмен салыстырғанда «Самұрық-Қазынаның» табысы артқан. Яғни 128 миллиард теңгеге көбейген. Таза пайда 291 миллиард теңгеге жеткен.

 Табыс көлемі артты
Фото: Интернеттен алынды

Сонымен қатар, сатудан түскен табыс 2 533 млрд теңгені құрады, бұл – былтырмен салыстырғанда 20%-ға жоғары көрсеткіш. Биыл үш айдағы операциялық пайда 276 млрд теңгені құраған.

Таза табыс өсуінің негізгі факторлары шикі мұнай мен газды экспортқа сату көлемі мен бағасының артуы, телекоммуникация қызметтерінен және тазартылған алтыннан түсетін кірістің өсуі, сондай-ақ «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ тобының қауымдасқан және бірлескен кәсіпорындарынан түсетін кірістің үлесі.

Ескерер жайт, 2018 жылдың I тоқсанындағы таза кіріс, негізінен, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ сатып алған компаниялар үшін 312 млрд теңге мөлшеріндегі ақшалай емес кірісті қамтиды. Пайданың бұл мөлшері ХҚЕС талаптарына сәйкес сатып алынған компаниялардың топқа қосылған кездегі қайта бағалануы болып табылады және деректерді салыстыру логикасын бұрмалайтын операциялық емес қызметтен бір реттік ақшалай емес фактор болғандықтан, ағымдағы жыл көрсеткішімен салыстырғанда ескертілмеуі керек. Өткен жылдың бірінші тоқсанындағы қордың таза табысы осы факторды есептемегенде 163 млрд теңгені құрады.