Елордада мың адамның қарызы кешірілді

Нұр-Сұлтанда мың адамның салықтық қарызы кешірілді. Бұл жайында «Хабар 24» хабарлады.

Елордада мың адамның қарызы кешірілді

 Олардың жалпы берешегі – 30 млн теңге. Бұған жер, көлік, корпоративтік табыс және қосымша құн салықтарынан жиналған өсімпұлдардың сомасы кіреді.

Бүгінде елордада 114 мың азамат бюджетке 2,2 млрд теңге берешек. Олардың ішінде ең көп қарызданған тұрғынның төлеуі тиіс салық көлемі – 9 млн теңге. Оның осыншама көлемде өсімпұлы тағы бар.

Салықтық қарызының бар-жоғын кез келген адам Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми сайтынан тексере алады.

– Адам берешегін төлесе, өсімпұлы кешіріледі. Сонымен бірге, амнистия 31 желтоқсанға дейін болады. Осы уақытқа дейін төлесе, өсімпұл толық кешіріледі. Бұдан кейін кешірілмейді, – дейді Азат Есмағамбетов, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басқармасының басшысы.