22 миллион теңге аламын деп, 9 жылға қамалды
Нұр-Сұлтан қаласының Есіл аудандық сотының үкімімен елордалық әділет департаменті басшысының орынбасары Р. Рамазанов «Астана қалалық жарық» ЖШС шоттарынан тыйым салуды алу үшін 22 млн теңге пара алуға оқталғаны үшін кінәлі деп танылып, 9 жыл бас бостандығынан айырылды.
Сақтандыру қорына 2 миллион түскен
Алматы қаласы бойынша жыл басынан бері сақтандыру қорына  2 млн 317 мың теңге түскен. Жыл басынан бірыңғай жиынтық төлемді 1574 адам төлеген екен. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы қалалық филиалы хабарлады.
37 мыңнан астам салық төлеушінің айыппұлы кешірілді
2019 жылғы 20 мамырға дейін республика бойынша 37 150 салық төлеуші салық берешегін өтеді. Енді олардың  1,9 млрд теңге  өсімпұлы мен 98,7 млн теңге сомасындағы айыппұлы есептен шығарылады. Бұл туралы  Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Марат Сұлтанғазиев хабарлады.
МӘМС: сәуір айында 1,2 млрд теңге жарна түсті
Сәуір айында Нұр-Сұлтан қаласы бойынша жинақталған жарнаның жалпы сомасы 1,2 млрд теңге шамасында. Бұл республика бойынша түскен 167,2 млрд теңге көлеміндегі сақтандыру жарнасы мен аударымдарының 12,5%-ын құрайды.
Салықты уақтылы төлеу – міндет
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-мемлекеттер аумағынан Қазақстан Республикасы аумағына тауарларды импорттау кезінде, тауарлардың жалпы құнының 12% мөлшерінде қосылған құн салығы  105115 төлем кодына (ЕАЭО аумағынан импортталған тауарларға қосылған құн салығы) төленеді. Қосылған құн салығы тауарларды алушының тіркелген мекенжайы бойынша өндіріледі.
Руслан Дәленов: Үш айда 13 млрд доллардың тауары экспортталды
Қазақстан үш айда 13 млрд доллардың тауарын экспорттаған екен. Бұл жайында Үкімет отырысында ел экономикасының І тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық дамуын баяндаған Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтқан.
Қазақстандықтар 52 млрд теңгеге автокөлік сатып алған
Қазақстандықтар сәуір айында 52 млрд теңгеге 5,5 мың автокөлік сатып алып, көлік саудасы жағынан 2016 жылдан бергі рекордты жаңартқан екен.
Долларлық депозиттер сыйақысы өсті
Елімізде шетелдік валютадағы банк салымдарының сыйақысы көтерілді. Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры 2019 жылғы 1 маусымнан бастап, доллар мен еуродағы депозиттердің сыйақы мөлшерлемесін 2%-ға дейін көтеруге шешім қабылдады.
Мамин: «Нұрлы жол», «Нұрлы жердің» қаражатын игермей отыр
Үкімет отырысында Премьер-министр Асқар Мамин Бірқатар бюджеттік бағдарламаның әкімшілері қазынаның қаражатын толығымен игермей отырғанын айтты.
Түйсік өзгермей, жемқорлық жүгенделмейді
Transparency International ұйымы сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексінің жаңа әлемдік рейтингін түзді. Онда Қазақстан 100 ұпайдың 31-ін иемденіп 124-орыннан көрінді.
Беттер: Бұрынғы 1 ... 8 9 10 11 12 Келесі