Делегаттар сайланды
Делегаттар сайланды
170
оқылды

Республика көлемінде жер-жерде бастауыш партия ұйымдарының жиналысы өтіп жатыр. Жиналыс бары­сында 2019-2020 жылдарға арналған БПҰ төрағаларының есептері тыңдалып, бас­тауыш партия ұйымының төра­ғасы мен орынбасары, партияның аудандық және қалалық конференция­ла­ры­на қатысу үшін делегаттар сай­ланып, сайлауалды бағ­дар­ламаның орындалуы бойынша Жол картасы тал­қыланды.

Ақмола облысында 37 мыңнан астам партия мүшесінің басын біріктірген 276 бастауыш партия ұйымы бар. 19-23 сәуір аралы­ғында аталған барлық БПҰ-ында жиналыс өтеді. Алғашқылардың бірі ретінде Целиноград аудандық партия филиалына қарасты «Родина» бастауыш партия ұйымының жиналысы өтті. Бұл ұйымда төрт партиялық топқа біріктірілген 133 партия мүшесі бар. Іс-шара барлық карантин шараларды сақтай отырып, аралас форматта өтті. Оған 80-нен астам партия мүшесі қатысты. Бастауыш пар­тия ұйымы мемлекеттік орган­дармен, кәсіпкерлік субъекті­ле­рімен бірлесіп, ауылдық жерлерді дамытуға және оларды жаңғыр­туға бағытталған партиялық жо­баларды іске асыруды мақсатты түрде жалғастырып отыр. «Ауыл – ел бесігі» партиялық жобасы елді мекендерді дамытуға, жаңа жұмыс орындарын құруға және ауылдық жерлерде өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған. Бүгінде Родина ауылының мек­тебінде «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы бойынша жас мұға­лімдер жұмыс істейді. Сон­дай-ақ соңғы 2 жылда 15 жас маман ауыл­дық округке ауыл ша­руа­шылығы мамандығы бойынша еңбек етуге келді. Сонымен қатар «Родина» ЖШС агрофирмасы аудандағы барлық әлеуметтік және тұрмыстық мәселелерді шешуге, атап айтқанда сумен жаб­дықтау жүйесін, жылу желі­лерін күтіп ұстау, жолдарды та­зарту немесе жөндеу, жарықтан­дыру, балаларды әкелу, мектепте ыстық тамақ ұйымдастыру, зей­неткерлерге, мүгедектерге көмек көрсету, спорттық және мәдени іс-шараларды өткізу, әлеуметтік объектілерді күтіп ұстау және материалдық жабдықтаумен көмек­тесіп отыр. 2020 жылы Агрофирма аудан тұрғындарына емделуге, бала тууына, үйлену тойларына, жер­леу рәсімдеріне 6,5 млн теңге кө­ле­мінде материалдық көмек көр­сеткен. Садовое кентіндегі мә­­де­ниет үйінде өз қаражаты есе­бінен 6 910 500 теңгеге шатыр­ды күрделі жөндеуден өткізді. Сондай-ақ ғимарат ішінде 3 455 000 теңге көлемінде жөндеу жұ­мыс­тары жүргізілген. Соны­мен қатар ауыл ішінде көгалдан­дыру бойынша үлкен жұмыс жүр­гізілуде. Бұл игілікті істер одан әрі жалғаса бермек. Жиналыстың шешімімен бастауыш ұйымның жұмысы қанағаттанарлық деп танылды. Жиналыс барысында Целиноград аудандық филиалының кезектен тыс ХХХV конференциясына делегаттар сайланып, «Родина» БПҰ төрағасы болып ауылдық округ әкімі Талғат Мұқышев және оның орынбасары ретінде Сергей Ибряев сайланды.

Әбілмансұр ЖАСАН