Майк Тайсон ұшақта жолаушыны соққыға жықты – Видео
Майк Тайсон ұшақта жолаушыны соққыға жықты – Видео
Танымал боксшы Майк Тайсон ұшақта жолаушыны соққыға жыққан сәті видеоға түсіп қалған. TMZ басылымы мәліметінше, оқиға Сан-Францискодан Флоридаға ұшып бара жатқанда орын алған. Куәгерлердің айтуынша Тайсонның арт жағында отырған жолаушы ішімдікке сылқия тойып алған және аты аңызға айналған былғары қолғап шеберіне маза бермеген. Нәтижесінде америкалық боксшы бірнеше рет ескерту жасаған. Бірақ мазалауын тоқтатпаған соң Тайсон оған соққы жұмсап, ұшақтан шығып кеткен. Медециналық көмек көрсетілген жолаушы полицияға жүгінген. Әзірге полиция тарапынан Майк Тайсонға хабарлама келмеді. https://www.youtube.com/watch?v=V3C4pWwDqps