Aikyn 115

Aikyn 115

Бұл нөмірден оқитындарыңыз: 

  • Тастайтын да, тазалайтын да - өзіміз
  • Автоөндірістің жайы қалай?
  • Мәйіт доноры болуға дайынсыз ба?
  • Жайылымға жарымай жүрміз
  • Қызым, қасыңдағы адамдар қандай?
  • Елімізде етікші тапшы 


Материалы номера
Дәурен Раманқұл, Shoes Republic аяқкиім фабрикасының басшысы: Елімізде етікші тапшы
Ел экономикасын дамытудың кілті – жастарды жаппай жұмыспен қамту, сол арқылы елдің әлеуметтік тұрмысын жақсарту. Қазір білім алам, кәсіппен айналысам деген адамға жол ашық. Елбасы жастармен кездескенде жұмыссыз жүрген жастарды оңай ақшаның соңынан қумай, адал еңбекпен нан табуға шақырған еді. «Мен жұмыс таппай, әркімнің табалдырығын тоздырғаннан кейін оңай ақшаның соңынан кететін жастарға әрдайым айтып келемін. Мұндайды көру аянышты, себебі, істейтін адамға жұмыс бар. Бала бақсаң да, үй тазаласаң да, ас дайындасаң да, әйтеуір еңбек етуге болады. Бірақ өзіңді-өзің ешқашан сатпауың керек», – деген болатын. Осындай «Елім маған не береді деп емес, мен еліме не беремін?» деп еңбек етіп жүрген азаматтың бірі – Дәурен Раманқұл. Елде тігін фабрикасына қажетті құрал-жабдық тұрмақ, етікші тапшы кезде аяқкиім тігуді қолға алған кәсіпкер қазір жұрттың алғысына бөленгеніне дән риза.  
Жомарттық жолыңды ашар
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» мақаласы ұсынылған күннен бастап ізгілікті мұрат еткен, руханиятты жандандыруға ұмтылған жобалардың саны артып, ел арасында жақсы ісімен көзге түскен азаматтардың қатары артып келеді. Биыл да осы үрдіс жалғасын тауып, Таразда «Жомарт жүрек» сыйлығының иегерлері анықталды.
Жайылымға жарымай жүрміз
«Ата кәсіптен қол үзген қазақ». Қазіргі мал шаруашылығының ахуалын дәл осы сөздер анық сипаттайтындай.
Қызым, қасыңдағы адамдар қандай?
Таңдау құқығы бар дүниенің бәрі жақсы. Қолайың мен ыңғайыңа қарап, талғауға рұқсат. Соның ішінде, билет аларда жынысына қарай орын алуға мүмкіндік туса, тіпті құба-құп. Мейлі пойыз не автобус болсын, мінерде көршіңнің ер не әйел екенін алдын ала білген дұрыс. Мұндай ұсыныс бірлі-екілі көтеріліп, жазылып жүр. Қазіргі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі былтыр мұндай бастаманы көтерген еді. Әйтсе де, сол ұсыныс аяқсыз қалды. Зорлық-зомбылықты азайту үшін ғана емес, жолаушының қолайы үшін қызметтің осы түрі қосылса неткен ғажап болар еді?! Әрі ата-ана баласы үшін «қызым, қасыңдағы адамдар қандай?» деп уайымдаудың да қажеті болмайды.
Пәтер кілті табысталады
Nur Otan партиясының «Құтты мекен» жобасы аясында елдімекендердегі инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына бақылау жүргізу шаралары жалғасуда.
Ипотекалық несие қалай беріледі?
Қарағандыда «7–20–25» бағдарламасы бойынша тұрғын үй жәрмеңкесі  өтті. Шара кезінде 13 құрылыс компаниясы мен «Баспана» ипотекалық ұйымының 8 серіктес банкі тұрғындарға ипотекалық несие алу жолдарын түсіндірді.
Тегін заңгерлік көмек көрсетеді
Елімізде қоғамдағы өзекті мәселелерге қатысты жедел әрекет ету мақсатында жалпыұлттық «Халыққа көмек» жобасы құрылған болатын.  Бүгінде жаңа бастаманы Nur Otan партиясы мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес ұйымдармен және бизнес қауымдастықпен бірлесіп іске асыруда.
5 жел генераторы іске қосылады
Облыс орталығына іргелес жатқан Краснояр селосында Nur Otan партиясы Ақмола облыстық филиалы жанындағы жоғары технологияларды дамыту мәселелері жөніндегі комиссияның көшпелі отырысы өтті.
Көгілдір отын – ел игілігі үшін
Nur Otan партиясы Жамбыл облыстық филиалында «Жоғары технологияларды дамыту» бағыты бойынша комиссия отырысы өтті. Онда  Жамбыл облысы бойынша елдімекендерді газдандырудың барысы туралы мәселе қаралды.
Байқауда бақ сынаңыз!
Қазақстан Парламенті мен орталық мемлекеттік органдардан тағылымдамадан өтуге «Жастар кадрлық резерв» байқауы жарияланды. Оған 18 бен 29 жас аралығындағы қазақстандықтар қатыса алады.
Мәйіт доноры болуға дайынсыз ба?
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов медицина саласының  күрмеулі мәселелерін шешеді деген бағдарламалардың орындалу барысын сараптаған алқа мәжілісін өткізіп, елең еткізер мәлімдемелер жасады. Осы жылдың алғашқы алты айында атқарылған жұмыстар көңіліне қонбады білем, министр  облыстық денсаулық сақтау басқармаларын  облыс әкімдерінен алып, министрлікке бағындыру мәселесін көтерді.  Ол қызды-қыздымен Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитетіне қарайтын күрежолдардағы медициналық-құтқару бекеттерін де өзі басқаратын министрлікке алуға мүдделі екенін білдірді.
Ферроқорытпа өндіру зауыты ашылды
Премьер-министр Асқар Мамин Қарағанды облысына жұмыс сапарымен келді. Үкімет басшысы жұмыс сапары барысында ферроқорытпалар өндіру зауытының ашылу салтанатына қатысып, тау-кен байыту кешенінің бірқатар кәсіпорындарын аралады.
Автоөндірістің жайы қалай?
Соңғы уақытта отандық, яғни бізде құрастырылған көліктерге деген сұраныс жоғарылаған. «ҚазАвтоӨндіріс» мәліметінше, соңғы 6 айда 144 млрд теңгеге 20 600 көлік сатылған. Осы дерекке қарап-ақ елдегі қиын экономикалық ахуалға қарамастан азаматтардың барынша көлік мінуге тырысып жатқаны байқалады.
Тастайтын да, тазалайтын да – өзіміз
#Birge #TazaQazaqstan экологиялық акциясы аясында Қазақстан аумағында жалпыхалықтық сенбілік өтті. Күн сайын туған табиғатымызды бүлдіріп, қоқыс атаулыны үйіп тастайтын да өзіміз, тазалайтын да өзіміз. Экологиялық акция бойынша жиналған қоқыс көлеміне қарасаңыз, тұла бойыңыз тітіркенеді. Осыншалық лас, осыншалық немқұрайды болғанымыз ба?!.