Айқын газеті №69

Айқын газеті №69

  • Тамағы – тоқтық, қимылы – жоқтық...
  • Жар салу – өнер, ділмәрі жеңер
  • Қырыққа келдің, қор болдың
  • Қорқыттың елі – жер кіндігі

Материалы номера
Туристер ағынын ұлғайтуды ұсынды
Сенат төрағасы Дариға Назарбаева Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстандағы елшісі Мұхаммед әл-Жаберді қабылдады.
Жар салу – өнер, ділмәрі жеңер
Заманауи мәтелге сенсек, жарнама – сауда мен өрлеудің қозғалт­қышы, драйвері. «Қазақ энциклопедия­сына» жүгінсек, жарнама сөзі фольклорлық әдебиеттегі «жарлық шашу», «жар салу» ұғымдарынан шыққан. Жарнаманың байырғы үлгілері «Мұңлық-Зарлық», «Оғызнама» секілді жыр-дастандардан бастап, батырлар жырларында да кездеседі.
Алғашқы үміткер тіркелді
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы­ның отырысы өтіп, онда алдағы Президент сайла­уын­да Қасым-Жомарт Тоқаевты Nur Otan партия­сынан Қазақстан Республи­касының Президенттігіне кандидат ретінде тіркеу мәселесі қаралды. Іс-шараға Қасым-Жомарт Тоқаевтың сенімді өкілі, Nur Otan партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев және басқа да бірқатар саяси партиялар мен мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.
Мәжіліс депутаттары – Қостанайда
Мәжіліс депутаттары Ирина Аронова, Гүлнәр Бижанова, Мұрат Теміржанов, Жәмилә Нұрманбетова, Айгүл Нұркинаның астықты аймақтағы жұмыс сапары облыс орталығында жалғасын тапты. Халық қалаулылары облыс активімен кездесіп, Елбасының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Бақытты отбасы», «Құтты мекен», «Ауыл – ел бесігі», «Халыққа көмек» жобаларының маңызын түсіндіріп, өңірдегі жұмыс­тардың жүзеге асырылу деңгейімен танысты. Кездесуде Қостанай облы­сын­дағы моноқалаларды дамытуға 10 млрд теңге бөлінетіні айтылды. Арқалық, Лисаковск, Рудный және Жітіқара қалалары Ұлттық экономика министрлігі тарапынан қаржыландырылады.
Энергокомбинат жұмысымен танысты
Мәжіліс депутаттары Маңғыстау өңіріне жұмыс сапарымен келіп, бірқатар нысанды аралады. Халық қалаулылары алдымен «МАЭК-Қазатомпром» ЖШС-де болып, ұжыммен кездесті.
Партия бағдарламасын талқылады
Алматы қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназияда Nur Otan партиясының парламенттік фракциясы мүшелерінің қатысуымен партияның 2030 жылға дейінгі бағдарламасының – «Әрбір адам үшін қолжетімді болашақ білімі» атты екінші мақсатының жүзеге асырылуы бойынша дөңгелек үстел өтті.
«Жас Отанда» – жаңа төраға
Nur Otan партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен «Жас Отан» Жастар қанаты Орталық кеңесінің отырысы өтті. Күн тәртібінде ұйымның жаңа төрағасын сайлау мәселесі қаралды.
Тамағы – тоқтық, қимылы – жоқтық...
Жақында «Айқынның» бір мақаласы елдегі балалар семіздігіне арналды. Бұл – үлкен проблема. Біздің қазақ «Семіздікті қой көтереді» дейтін еді, семіздікті адам да көтере алатынын көретін заманға жеттік. Семіздік – әлеуметтік дертке айналды.
Ел тұтастығын қорғау – қасиетті парыз
Мемлекет басшысы – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Айбалта – 2019» стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуына барды.

Тұңғыш Президент ғалымдармен кездесті
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының иегері Серік Қирабаевты қабылдады. Елбасы әдебиеттанушы-ғалыммен әңгіме барысында  төл әдебиетіміздің қазіргі жағдайы мен даму перспективасын талқылады.
Икер-мэн
Футбол әлемі дүрлікті. Себеп сәрсенбідегі ЛЧ, бейсенбідегі ЛЕ емес. Икер Касильястың жағдайы. 37 жасар қақпашы енді алаңға оралмауы мүмкін. Таңғы жаттығу кезінде жүрек талмасы ұстапты. Артынша ауруханаға жеткізіліп, ота жасалды. Қазіргі жағдайы жақсы болғанымен, карьерасына қатысты болжам жасау қиын.
Касса аппаратының залалы басқа
Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы №206 бұйрығына сәйкес, Қазақстандағы барлық кассалық аппараттардың иелері 2020 жылға дейін онлайн кассалық аппараттарға өтуі тиіс. Бүгінге дейін 200 мың кәсіпкер онлайн кассаға көшті. Биыл пластиктен жасалған 400 мың кассалық аппарат онлайн жүйеге ауысуы керек. Егер олардың әрқайсысының салмағы 2 келі екенін ескерсек, 800 мың келі пластмас¬са қоқыс аймағына жіберіледі екен. Ал мұндай қалдықтардың ыдырауы 500 жылға созылады. Оның экологиямызға елеулі залал келтіретіні анық. Олай болса, кассалық аппараттардан келетін экологиялық апаттың алдын алуға бола ма?  Біз осы сауалға жауап іздеп көрдік.
ҚазҰУ – Азия елдерінің ЖОО қатарында
Times Higher Education (THE) беделді әлемдік рейтингінің зерттеу нәтижесі бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қазақстандағы жалғыз жоғары оқу орны ретінде Азия елдерінің 251-300 үздік университеттерінің қатарына енді.
Көпбалалы аналар пәтер алды
Облыс орталығындағы «Бәйтерек» шағын­ауданында 60 пәтерлі арендалық-коммуналдық тұрғын үй пайдалануға берілді. Пәтер кілтіне ие болғандар негізінен тұрғын үй кезегінде тұрған әлеуметтік осал топ өкілдері. Тұрғын үй 2018 жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынған. Құрылысын жүргізген мердігер – «Бином» ЖШС.
Ұлы көштің жемісі
Бүгінгі «ат арқасында жүргендердің» барлығы дерлік қазақтың 1991 жылы басталған ұлы көшінің жемістері. Билік элитасында да, ауыл-аймақ билігінде де, ғылымда да, не керек өміріміздің барлық саласын­да ұлы көштің жемістері жүр. Солардың бірі біздің бүгінгі әңгімеміздің басты кейіпкері – Жанатбек Ішпекбаев. Бұл күндері Жәкең Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық универ­ститетінде тәрбие істері жөніндегі прорек­тор, саяси ғылымдар кандидаты, профессор.
Қазақстан аруы анықталды
Елордада «Қазақстан аруы – 2019» байқауы өтті. Күні кеше Қазақстанның һас сұлулары бәстескен бұл байқау­дың нүктесі қойылып, халық Қазақ­станның ең сұлу аруын таңдады.
Светлана Алексиевич: Адамның ішіндегі адамын қорғай білсек...
Әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығы иегерлерінің көпшілігі жазушылар, ақындар не драматургтар екені белгілі. Ал 2015 жылы Нобель тарихында алғаш рет белорусиялық журналист Светлана Алексиевич беделді сыйлыққа ие болды. Нобель комитеті Светланаға бірауыздан дауыс беріп, оның шығармашылығындағы ерлікті ерекше бағалады. Швед ғылым академиясының секретарі Сара Даниус
«Ол – үйреншікті журналистика аясынан шығып,  жаңа әдеби жанр қалыптастыр­ған әдебиетші және керемет жазушы» деді. Қаламгер «У войны не женское лицо», «Цинковые мальчики», «Черно­быль­ская молитва», «Время секонд хэнд» атты кітаптарымен ел ішінде танымал болды. Әскери прозаға жаңа леп әкелген оның туындылары әлемнің 19 елінде жарық көріп, соның желісінде спектакль­дер сахналанып, фильм түсірілді.  2001 жыл Ремарк пре­миясын иеленген ол 2006 жылы АҚШ-тың Ұлттық сын премиясын, 2013 жылы Неміс кітап саудагерлерінің сын премиясын, ал 2014 жылы Өнер және әдебиет орденінің офицерлік крестімен марапатталды. Светлана Алексиевич кітаптарының негізгі идеясын былай айқындайды: «Әрдайым адамның ішінде қаншалықты адам бар екенін және сол адамды қалай қорғап қалуға болатынын түсінгім келеді». Қаламгердің Academy of achievement ұйымына берген сұхбатынан үзіндіні  назарларыңызға ұсынып отырмыз.
Қырыққа келдің, қор болдың...
Жұмыс күшіне зәру қызмет түрі көп елімізде қылшылдаған қырық жасыңда жұмыссыз қалуың мүмкін бе? Әбден мүмкін. Оған дәлел – қазіргі қоғамдағы «керексіз» адамның көбейіп кеткендігі. Жекеменшік түгілі, мемлекеттік мекеменің есігінен сығалай алмай жүргендердің қатары азаймай тұр. «Жалақысы жоғары жұмысқа 40 жасқа дейінгі қызметкерлер қабылданады» деген хабарландырулардан көз тұнады. Мұның себебі неде? Бұған бұқара не дейді? Жауап іздеп көрдік.
Қорқыттың елі – жер кіндігі
Мажарстанда жыл сайын өтіп тұратын MITEM (Madach International Theatre Meeting),  яғни Мадач халық­а­ралық театр кездесуі деп аталатын кәсіби шараға Алматыдағы Мұхтар Әуезов атындағы театр ұжымы арнайы шақырылды.  Мадиярлардың аттай қалап отырғаны – Иран-Ғайыптың «Қорқыттың көрі» туындысының Ионас Вайткус сахна­ла­ған нұсқасы. Осы орай­да Мажарстан Ұлттық театрының Сценариум журналына көрнекті ақын, драматург Иран-Ғайып арнайы  сұхбат берген еді.  Драматург­тың сұхбатын қаз-қалпын­да жариялауды жөн көрдік.