Айқын газеті №74

Айқын газеті №74

Бұл нөмірден оқитындарыңыз:

  • Сөзге – мықтымыз, ал іске?..
  • Теріскейге табан тірегендер неге көбеймей тұр
  • 20 пайызын жинадым, үй қайда?
  • Шымылдық ішінде ...шылым "отыр"
  • Қалықтайды құстар Алакөлде

Материалы номера
Ақжайықтағы ақын тойы
Белгілі ақын, Мемле­кет­тік сыйлықтың лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері Ақұштап Бақтыгереева биыл 75 жастың биігіне көтеріліп отыр.  Осынау мерейтойға орай, ақынның туған жері Теректі ауданының Ақжайық ауылында тұңғыш рет об­лыс­тық Ақұштап оқулары өтті.
Қалықтайды құстар Алакөлде
Жер бетіндегі жараты­лыс­ты сұлулықпен суреттеген Жарат­қанның шеберлігіне шек келтіре алмаспыз. Тұмса таби­ғат­тың көркемдігін көзбен көріп, жүрекпен қабылдау әр пенденің қолынан келе бер­мей­ді. Алайда сол табиғат пен адамзаттың жан дүниесі біте­қайнасып кеткен. Табиғат ана­н­ың мұңын сезіп, майын тамызып қарапайым халыққа жеткізетін ақын мен сурет­ші­лер секілді. Сол әдемілікті қызық­тауға Алакөлде Алматы облысының әкімшілігі мен Туризм басқармасының бір­ле­суімен ұйымдастырылған «Алакөл қанаты» атты құстар фестивалі мүмкіндік берді. Бұл фестиваль бірнеше жыл қа­та­ры­нан өткізіліп келеді. Ұйым­дастырушылар негізінен орнотологиялық туризм саласын дамытуға күш салып жатыр. Міне, келген қонақ­тар­ды Алакөл табиғи-климаттық шипажайдың «Пеликан» дема­лыс орталығы жылы қарсы алды.
Долларлық депозиттер сыйақысы өсті
Елімізде шетелдік валютадағы банк салымдарының сыйақысы көтерілді. Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры 2019 жылғы 1 маусымнан бастап, доллар мен еуродағы депозиттердің сыйақы мөлшерлемесін 2%-ға дейін көтеруге шешім қабылдады.
Жарнама мәтініндегі И мен У
«И» мен «У» дифтонгоид дыбыстар – ый, ій, ұу, үу дыбыс тіркестерінен тұрады. Осы тұста З.Базарбаева жазуда ол дыбыстар бір әріппен белгіленіп, фонологизация құбылысына бағынатынын ашып айтады: «Тіл иелері бұл дыбыстарды дифтонгоид фонема ретінде қабылдайды, ал жазуда олар бір әріппен белгіленіп, адамның санасына еніп, фонологизация құбылысына бағынған. Осыған байланысты бірнеше қағидаларды ескеру керек. Біріншіден, алфавит өзінің құрамындағы әріптердің молдығымен емес, ықшамдығымен бағаланады. Сондықтан дыбыс тіркестерін кейде бір ғана әріппен таңбалауға болады. Жалпы, графика сөйлеу тілінің дыбыстық жағын, оның ерекшеліктерінің барлығын түгелдей қамтып бере алмайды. Оны фонетикалық транскрипция атқара алады. Сөздердің жазылуы мен айтылуының бір-біріне әрқашан сайма-сай келе беруі шарт емес. Тілдердің әрқайсысының жазылуы мен айтылуының арасында айырмашылықтар бола береді. Орфография сөздердің дыбысталуын дәлме-дәл көрсете бермейді, ал орфоэпияның ең негізгі қызметі – сөздің дыбыстық құрамын дәлме-дәл көрсету. Орфография мен орфоэпияның айырмашылығы осында».
Төгілген тер және табандылық
Кеңестік жүйе ұлттық кадрларды сыртқа тепкен заманда білімі мен еңбекқорлығы арқасында Қалтай Сәмбетов 60 жылдардың соңында белгі беру және байланыс дистанциясының басшысы деңгейіне қол жеткізді. Бұл кезең ұлттық кадрлардың біртіндеп өндіріске кіріге бастаған шағы еді. Алайда білікті маман осымен тоқтап қалған жоқ, қайта  намысын қамшылай түсіп, биік белестерді бағындыру үшін барын салды.
Шымылдық ішінде ...шылым «отыр»
Қазақстан шылым­қор­лық жөнінен Африка елдерін де артқа таста­ды. Республикада ере­сек­тер арасындағы өлім­нің 24 пайызы темекі шегу салда­ры­нан болатын көрінеді. Ресми мәліметке сәйкес, қапта­ған шылым шегушілердің жұмыс үстінде темекі тартуға жүгіруі кесірінен істің дағдаруы, қызмет көрсетудің ұзауы нәтижесінде эконо­микаға 462,2 миллиард теңге шығын келеді.
Алматы төңірегін заңсыз құрылыс жайлап алған
Ару Алматы мен оның маңында табыс табудың жолдары баршылық. Соған сай облыстың оңтүстік астана төңірегінде орналасқан аудандарында халық саны алға жылжыған жылдармен бірге артып қана қоймай, заңды-заңсыз құрылыс нысандары да қаптап кеткен. Әсіресе, күре жолдар бойында, өзен-сулардың жағалауларында бос орын қалмаған. Осынау аса күрделі мәселенің күрмеуін тарқату мақсатында Қарасай, Талғар, Іле, Жамбыл аудандары әкімдерін арнайы шақырып, облыстық деңгейдегі жауапты тұлғаларды қатыстыра отырып, кеңес өткізген Алматы облысының әкімі Амандық Баталов бірқатар кемшіліктер мен заңсыздықтарды көзге шұқып көрсетіп, оларды тез арада жөндеуді қатаң талап етті.
Халыққа тиімді жүйе
Елімізде алғаш рет Сарыағаш қаласында ақылды жаяу жүргінші жолы (умный пешеход) жүйесі қосылды. Жүйенің ерекшелігі – түн баласы жолдан өтетін жаяу жүргінші жолға түскен сәтте жол жамылғысы жарықтанады.
Әдебиет туралы әңгіме
Өскемендегі Оралхан Бөкей атындағы орталық қалалық кітапханада «Жас Отан» Жастар қанатының жетекшілігімен Қазақ­станның Тұңғыш Прези­денті – Елбасы қорының ұйымдастыруымен өткен «Алтын тобылғы» әдеби байқауының лауреаты, жас жазушы Арай Ертарғыно­вамен кездесу кеші өтті.
«Бақытты отбасы» жобасы жалғасуда
Nur Otan  партиясының Төрағасы – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың  XVIII съездегі тапсырма­сына сәйкес ел бойынша  «Бақытты отбасы» жобасы қолға алынған болатын.  Ілкімді бастама аясында көпбалалы, толық емес және аз қамтылған отбасы­ларды қолдау бағытында түрлі іс-шаралар жүзеге асырылуда. Соның бірі Қостанай облысы Қараба­лық ауданында жергілікті партия филиалының ұйым­дастыруымен өтті. Шараға 15-ке жуық отбасы қатысты.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері талқыланды
Nur Otan партиясының Орталық аппаратында «Қазақстан Республикасы­ның кейбір заңнамалық актілеріне өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыланды. Іс-шараны Мәжіліс депутаты, «Өнеркәсіптік даму» бағыты бойынша партия кураторы Аманжан Жамалов жүргізді.
Әлеуметтік мәселені талқылады
Ақмола облысында Қазақстан президенттігіне үміткер Әміржан Қосановты қолдауға арналған жиын өтті. Степногорск қаласындағы Мәдениет сарайында үміткердің облыстық штабының мүшелері және сенімді өкілдері ел алдында сөз сөйлеп, кандидаттың сайлауалды платформасын таныстырды.
Машина жасау зауытына барды
Қазақстан Коммунистік Халық партиясының (ҚКХП) атынан Қазақстан президенттігіне кандидат Жамбыл Ахметбековтың Ақмола облыстық сайлауалды штабының жетекшісі Бейсенбай Мәжитов Степногорск қаласындағы «Целингормаш» машина жасау зауыты ұжымымен кездесті.
Фотокөрме өтті
«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы ұсынған кандидат Төлеутай Рахымбековтің сайлауалды штабының өкілдері үгіт-насихат науқаны аясында фотокөрме ұйымдастырды. Елорда төріне шалғайдағы елдімекен тұрмысынан сыр шертетін суреттер қойылып, қала тұрғындарының жақынырақ танысуына мүмкіндік жасалды.
Бағдарламаны таныстырды
«Ақ жол» демократиялық партиясының кандидаты Дания Еспаеваның сайлауалды штабы Ақмола облысының Ерейментау ауданында үгіт-насихат кездесуін өткізді. Аудан орталығындағы №8 агротехникалық колледжде   штаб жетекшісі Азат Перуашев оқытушылар мен студенттерді партия кандидатының бағдарламасымен таныстырды.  
Кәсіподақтар науқанға кірісті
Түркістан облысы Ордабасы ауданының Мәдениет үйінде Кәсіподақтар федерациясы ұсынған кандидат А.Таспиховтың Түркістан облысындағы қоғамдық штабының басшысы Берік Бекжанов пен үміткердің сенімді өкілдері сайлаушылармен кездесті.
Көкшетаулықтармен кездесті
Ақмола облысында Президенттікке кандидат Сәдібек Түгелдің сенімді өкілдері болашақ сайлаушылармен кездесті. Үміткердің  сайлауалды штабында бүгіндері үгіт-насихат жұмыстары қызу жүріп жатыр. Ал еліміздің ең жоғары лауазымына үміткер болашақ сайлаушыларымен бүгін кездеседі.
Штаб мүшелері – Павлодарда
Қазақстан президенттігіне үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабының мүшелері Павлодар облысына келді. Жергілікті этномәдени бірлестіктер, үкіметтік емес ұйымдар және зиялы қауым өкілдерімен кездесуде штаб басшысы Мәулен Әшімбаев ұлтаралық келісім Елбасы саясатының негізі саналып келгенін айтты.
Қандастарды бірлесіп қолдауға әзір
«Отандастар қоры» мен Мәдениет және спорт министрлігі шетелде тұратын қазақтарды қолдау шараларын бірлесіп өткізеді. Осы мақсатта «Отандастар қоры» КЕАҚ-тың президенті Нұртай Әбіқаев пен Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы этникалық қазақтарды және шетелде тұратын отандастарды мәдениет және спорт саласында қолдауды қамтамасыз ету мақсатында өзара ынтымақтастық пен әріптестік қатынастарды нығайту туралы меморандумға қол қойды.
Төрт айдың есебін түгендеді
Жаһандық экономика­ның қызуы қайта-қайта көтеріліп тұрған қазіргі құбылмалы жағдайда ұлттық экономиканың тамырын басып, ахуалын ұдайы біліп отыру артық етпейді. Премьер-министр Асқар Маминнің төрағалы­ғы­мен өткен Үкімет отырысында биылғы қаңтар-сәуір айларындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы шығарылды.
Беттер: 1 2 Келесі