"Айқын" газеті №109

"Айқын" газеті №109

Бұл нөмірден оқитындарыңыз:

  • Бізге тоқмейілсуге болмайды
  • Ұлық ақынды ұлықтау
  • Әкімдер әлін білсін, ел-жұрттың қамын білсін
  • Инвестиция тартуға икемдіміз бе?
  • Ерлігі ерен Оспан батыр

Материалы номера
Өнер додасы мәреге жетті
Әлемге жарқын да жас жұлдыздарды сыйлаған  Baqytty bala  ІІ ашық фестиваль конкурсының бас жүлдегерлері 2 000 000 теңге алды. «ДимашАли» продюсерлік орталығы ғаламдық деңгейдегі тағы бір жаңа да жас өнер жұлдызын танытты.
Туристік автобус бағыты
Жамбыл өңірі – тарихи-мәдени құндылықтарға өте бай мекен. Бұған дейін көне жәдігерлер мен құрылыстардың маңызын ескерсек, оны аралаушылар есебінен ішкі туризмді дамытуға болатыны айтылып жүрген-ді. Осыған орай, және Жастар жылына байланысты облыс әкімдігі туризм басқармасының қолдауымен екі туристік автобус бағыты ашылды. Бұл – облыста бұрын соңды қолға алынбаған тың жоба.
Атыраудағы халықаралық автошеру
Солтүстік және Оңтүстік Кореяны қосқанда жеті елге баратын халықаралық «Зов предков – 2019»  автошеруі жексенбі күні Атырау қаласына аялдап,  Достық үйінде кездесу өткізді.
Жеке кәсіпкер жеңімпаз атанды
Қызылорда қаласында өткен «Қазақстанның үздік тауары» жыл сайынғы өңірлік көрме-конкурсында қазалылық жеке кәсіпкер Гүлзат Билсариева «Халық тұтынатын үздік тауарлар» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.
«Мұзбалақ» – жүлдегер
Режиссер Тұрдыбек Майдан мен Тілек Төлеуғазының «Мұзбалақ» анимациялық фильмі Ресейдің Ярослав қаласында   өткен   халықаралық кинофестивальде   қазылар алқасының арнайы жүлдесіне ие болды. Картина Қазақстан Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында түсірілген.
Ерлігі ерен Оспан батыр
Биыл ХХ ғасырдың алғашқы жартысында Шығыс Түр­кіс­тан­ның тәуелсіздігі үшін күрескен Оспан батырдың туғанына – 120 жыл. Тарихи тұлғаны айқын танып, дұрыс бағалайтын дәуірге жеттік пе? Батырды қаншалықты бағалай алдық? Ол кім бол­ды? Қайда туып-өсті? Төңкеріс­ке неліктен қатыс­ты? Көсемге қалай айналды? Шетелге неге қашып кетпе­ді? Осы сұрақтардың жауа­бын іздеп көрген едік.
Халықаралық ұйымдар: ФЕТӨ – лаңкестік ұйым
Түркияның Қазақстандағы елшісі Невзат Уянык Түркияның Демократия және ұлттық бірлік күніне орай қазақстандық БАҚ өкілдеріне арнап баспасөз мәслихатын өткізді.  Есте болса, 2016 жылғы 15 шілдеде Түркияда Фетуллах лаңкестік ұйымы (ФЕТӨ)  төңкеріс  ұйымдастырып, ел іші алатайдай бүлінген еді. Содан бері өткен үш жылда Түркия билігі үшін ФЕТӨ-мен күрес негізгі басымдыққа айналды. Елшінің айтуынша, көптеген елдер мен халықаралық ұйымдар ФЕТӨ-ні лаңкестік ұйым деп жариялады.  
Ауыл ажарланса, халықтың да әл-ауқаты артады
«Гүлденсе ауыл,  гүлденеміз бәріміз» деп бекер айтылмаған. Шындығында, ауылдың тұрмысы түзелсе, онда халықтың да жағдайы жақсарғаны. Қазіргі уақытта осыған байланысты жер-жерде қызу жұмыстар жүргізілуде.  Елдімекеннің гүлденіп, тұрмыстың дұрысталуы, ең алдымен, ондағы әкім-қаралардың іскерлігіне және басқарушылық қызметіне байланысты. Бұл орайда Түркістан облысының Мақтаарал ауданында мақтанатын істер баршылық. Аймақтағы елдімекендер еңсесін көтерген. Әр ауылда диқаншылықпен айналасып, шаруашылықтың шырайын келтіріп отырғандар көп.
Тағдырына мойымаған ару
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тараз қаласындағы көпшілікпен кездесуінде жамбылдық бірінші топ мүгедегі, жеке кәсіпкер Анар Бексұлтанова сөз сөйлеп, бүгінгі күні мүмкіндігі шектеулі жандардың арасында жұмыс атқаратын азаматтар аз еместігін алға тартқан еді. Дегенмен 1-ші, 2-ші топтағы мүгедектерге көрсетілетін қолдау көбіне мемлекет тарапынан болғандықтан 2-ші деңгейлі банктер арқылы да бизнес ашуға және кеңейтуге несие беру жолдары қарастырылса деген өтініш айтып, пікірін білдірген еді.
Еңбек еткен адамның алмайтын асуы жоқ
Жастар – қоғамның қозғаушы күші. Елбасының үнемі жастарды қолдап, жастар саясатын дамытуды көздей­тіні бекер емес. Әсіресе, бүгінгі жастар креативті пікірге ие. Шыны керек, қазір жастар арасында соңғы инновациялық технологияларды пайдалану арқылы жобалар ұсынып жүргендері баршылық. Қазақ­станның осындай дарынды, жас ғалымдарының бірі – Дамель Мектепбаева. Ол – «Болашақ» бағдарламасы арқылы  Қазақстаннан шыққан алғашқы NASA түлегі, Hoope атты халықаралық медици­налық стартаптың негізін қалау­шы. Бүгінде Назарбаев университетінің Иннова­цияны дамыту департа­мен­тінде қызмет атқарады.
Македония «Алтын адамды» тамашалады
Ұлттық музей Солтүстік Македония Республика­сы­ның Ұлттық археологиялық музейінде «Ұлы дала: тарих және мәдениет» көрмесін өткізіп жатыр.
Әні әсем Әділхан
Витебскіде өткен халықаралық «Славян базары» эстрадалық әншілер байқауында отандасымыз Әділхан Макин топ жарып, бас жүлде иеленді. Жас талант байқаудың екі күнгі нәтижесінде де жоғары дәрежеде өнер көрсетіп, өзгелерден оза шауып келген еді. Соңғы қорытындыға сәйкес, 178 ұпаймен жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанды.
Инвестиция тартуға икемдіміз бе?
Былтыр жыл соңында еліміздің мемлекеттік басқару жүйесіне құрылымдық өзгеріс жасалды: Сыртқы істер министрлігіне Инвестиция тарту жөніндегі комитет пен «Қазақ Инвест» ұлттық компаниясы берілді. Сөйтіп, оған дейін бірнеше министрліктің құзіретінде болып келген инвестиция тарту ісіне Сыртқы істер министрлігі жауапты болып бекітілді. Бұл Экономика­лық ынтымақтастық және даму ұйымының талабына сай қабылданған шешім болатын.
«Нұрлы жерден» үміт көп
Қостанайда Nur Otan партиясы депутаттық фракциясының кезектен тыс отырысы өтті. Оған Парламент Мәжілісі және мәслихат депутаттары, фракция мүшелері, мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.
11 отбасыға – баспана
Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданында Nur Otan партиясының «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды қолдау жұмыстары жүзеге асырылуда.
Халық қалаулылары – Павлодарда
Мәжіліс депутаттары Айзада Құрманова, Айгүл Нұркина, Жәмилә Нұрманбетова, Александр Суслов Павлодар облысына жұмыс сапарымен барды. Мәжілісмендер ауыл-ауылдарды аралап, бірнеше әлеуметтік және өндірістік кәсіпорындардың жұмысымен танысты. Кездесу барысында депутаттар өңірдегі өзекті мәселелерді анықтап, басшылыққа бірқатар тапсырма берді.
«Ноғайбайдың» жұмысымен танысты
Мәжіліс депутаттары Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды. Алдымен халық қалаулылары Мағжан Жұмабаев ауданында орналасқан  «Ноғайбай» ЖШС-не барып, орталық жұмысымен танысты. «Ноғайбай» ЖШС ауылды абаттандыруда үлкен жұмыс атқарып келеді.
«Құтты мекен» жобасының игілігі мол
Партияның кезекті XVIII съезінде Елбасы – Nur Otan партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған төрт әлеуметтік жобаны анықтап, партия мен Үкіметке бірқатар нақты тапсырма берген болатын. Бүгінде еліміздегі инженерлік-әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған «Құтты мекен» партиялық жобасы бойынша өңірлерде ауқымды жұмыстар басталып кетті.
Теңгенің сыңғыры алтыннан да қымбат
Кейде қоғамға деген қыжылы, мемлекетке наразылығы, айналада болып жатқан үдерістерге көңіл толмастығы бар адамдардың елдік мәселені де тәрк етіп кететіні бар. Дәл осындай жандардың көбеюі салдарынан қоғамымыз сақтар мен ғұндар дәуірінде, көк түріктің тұсында, қазақ хандығы заманында, бертіндегі ақтар мен қызылдар қақтығысында ұлттық мүддені аяқасты етіп, берекесі кетіп, жік-жікке, жан-жаққа бөлініп, жауларына жем болды.
Ұлық ақынды ұлықтау
Ләйлім-Шырақ есімді 9 жастағы мектеп оқушысы ұлы ақын Абай өлеңдерінен үзінді оқып, бұл эстафетаны жалғастыруды Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолдады. Мемлекет басшысы бүлдіршіннің ұсынысын қабыл алып, Абай өлеңін жатқа айтты. Тоқаев эстафетаны ары қарай екі министрге және Димаш Құдайбергенге жолдады. Оның арты Абай өлеңдерін шет мемлекеттер азаматтарының оқуына жалғасты.
Беттер: 1 2 Келесі