"Айқын" газеті №111

"Айқын" газеті №111

Бұл нөмірден оқитындарыңыз:

  • Жарылысқа кінәлілер жауапқа тартылады
  • Қалта телефон қызмет ете ала ма?
  • Алыстағы Алакөл... Саған жетер жол қайда?
  • Белорустан неміз кем?
  • Аға-дос
  • Турист - "сауын сиыр" емес!

Материалы номера
Ақ айдынға жыр қонды
Бірер апта бұрын шырайлы шығыста «Ел айбыны, жыр айдыны – Алакөл» атты ақындар айтысы дүбірлеп өтті.
Әдетте айтыс елордада, Алматыда, тіпті ұзады дегенде облыс орталықтарында өтетін. Арагідік аудандарға да барып қалады. Бірақ біржола ауыл­дың төріне айтыс отауының тігілуі сонша­лық­­ты салтқа айналмаған. Содан да болар Ала­көл­дегі Қабанбай ауылында айтыс болады деген жаңалықты таңғалыс­пен қабылдағанымыз рас. Сөйтсек, мұның бір емес бірнеше себебі бар екен.
Турист – «сауын сиыр» емес!
Туризм саласы ақсап тұр. Жыл басынан бері Қазақстанға келмек болып 7 310 шетелдік турист қана виза рәсімдеген. Сыртқы істер министрлігі осылай хабарлайды. Заңға сәйкес, ондай визалар­ды Қазақ­станның шет елдер­дегі ресми мекеме­лері береді. Қазіргі уақытта әлемнің 67 елінде 90 консулдық жұмыс істеп тұр.
Асхат МАЕМИРОВ: Емтихан сәтін led-экраннан көрсеттік
Қашанда ұлттық мәдениетті әлемдік кеңістікте тұлға дәріптей­ді. Ал ондай тұлғаларды тәрбиелеп шығару өнер адамының өріктей ұл, алмадай қыз шағынан баста­луы тиіс
Аға-дос
Қазақстан Журналистер академиясының президентi, тарих ғылымдарының докторы, профессор Сағымбай Қозыбаев 75 жасқа толды. Баяғының 75-ке келген шалдары қандай, бүгінгі Сәкең қандай? Жүрісі де, тұрысы да жас жігіттерден еш қалыс­пай­ды. Бәрінен де Сағымбай Қабашұлының ойы сергек. Қолынан қаламы түспейді. Төгілте жазады.
Басым бағыттар белгіленген мерзімде орындалуы тиіс
Жетісу өңірі активінің бұл жолғы басқосуында Мемлекет басшысы атап көрсеткен дамудың басымдыққа ие бағыттарының облыста жүзеге асырылуы мен алдағы кездерге белгіленген межелері жайында сөз болды. Басты баяндаманы жасаған облыс басшысы еліміз бойынша жүргізілген индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының арқасында облыста 58 жаңа кәсіпорын іске қосылып, 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылғанын, экономикадағы өңдеу секторының үлесі 20 пайызға дейін өсіп, өңірде алғаш рет өріс алған  фармацевтика саласы жанданғанын жайып салды.
Ректорлар конкурс арқылы тағайындалады
Енді ұлттық университет басшылары арнайы байқау негізінде тағайындалатын болады. Бұл – ректорлар арасындағы бәсекені арттыра түспек. Журналистермен болған кездесуде осылай деп мәлімдеген Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жаңа механизм конкурс арқылы әрі Үкімет қаулысымен жүзеге асатынын жеткізді.
Қоныстойды көбейткен жоба
Елімізде соңғы жылдары халықты баспанамен қамтуды көздеген түрлі бағдарлама жүзеге асырылды. Мәселен, 2017 жылы 11,2 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл рекордтық көрсеткіш деп бағаланды. Сөйте тұра көп отбасының баспана мәселесі шешіле қоймады. Өйткені ипотекалық несие арқылы баспана алудағы басты кедергі – бастапқы жарнаның көптігі көп адамның арманын орта жолдан тоқтатты. Осы мәселені шешудің жолы былтыр табылғандай болған. Елбасы «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуін жариялап, әр отбасыға баспана алудың жаңа мүмкіндігін ұсынды.
Бұқаралық спорт – ұлт саулығының кепілі
Nur Otan партиясы түрлі спорт федерацияларымен және ұйымдармен бірлесіп, қазақстандық спортты насихаттауға бағытталған ұлттық және халықаралық, сонымен қатар аймақтардағы көптеген спорттық шараны тұрақты ұйымдастырып келеді.
Жаңа міндеттер талқыланды
Қызылорда облыстық мәслихаттағы Nur Otan партиясы депутаттық фракциясы отырысында партияның алдына қойған жаңа міндеттері талқыланды.
Қоғамның әлсіз топтары – назарда
Nur Otan партиясының XVIII съезінде айтылған ең басты мәселелердің бірі – әлеуметтік әлсіз топтағы азаматтарға қолдау көрсету. Оларды Үкімет ешқашан назардан тыс қалдырған емес. Осы мақсатта қазынадан жыл сайын қомақты қаражат бөлініп, көпбалалы, аз қамтылған отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі жандар мен соғыс ардагерлеріне және жалғызбасты адамдарға әртүрлі жәрдемақылар тағайындалады. Көпбалалы аналарға көмек қолын созу шаралары Наурызым ауданында нәтижелі жүзеге асып келеді.
Мәжіліс депутаты Төлебиге барды
Түркістан облысында жұмыс сапарымен жүрген Парламент Мәжілісінің депутаты, Nur Otan партиясы фракциясының мүшесі Фахриддин Қаратаев облыс орталығы мен Кентау қалаларынан соң Төлеби ауданына ат басын тіреді. Мәжіліс депутаты іссапар барысында алдымен Төлеби ауданындағы жеке кәсіпкер «Меруерт» жиһаз өндіретін кәсіпорын жұмысымен танысты.
Жетісу өңірінің өркендеу мүмкіндігі зор
Құрамында Мәжіліс депутаттары Серік Құсайынов, Сапар Ахметов, Сергей Звольский және Мұрат Теміржанов бар депутаттық топ ел өңірлеріне жұмыс сапары барысында Алматы облысына да арнайы ат басын бұрды. Қазақстан Президеті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Алматы облысы бойынша филиалында болып, жергілікті атқарушы орган қызметкерлерімен кездесті.
Ұлттық кеңестен не ұтамыз?
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингінде Ұлттық қоғамдық кеңестің мүшелері ұйымның алдына қойып отырған міндеттері туралы айтты. Кездесуде Қазақстан Президентінің кеңесшісі, Ұлттық қоғамдық кеңестің хатшысы Ерлан Қарин Ұлттық кеңестің Қазақстан Президенті жанындағы консультативті кеңесші орган болатынын жеткізді.
Алыстағы Алакөл... саған жетер жол қайда?
Алакөлге арып-ашып әрең жеттік. Мінгеніміз – «Спринтер». Жүрісіміз – есек-арбаға отырған қалпы шоқырақтап бара жатқан жанның кейпі. Талдықорғаннан әрі асып, Үшаралды көктей өтіп, Мақаншыға апарып, одан ары Көктұма мен Жарбұлаққа жеткізер жолдың сықпыты адам шошырлық. Қаншалықты жылдам жүрген сайын, көз ұшында көк аспанмен тұтасқан Алакөл де соншалықты алыстай берді. Енді бір 40 шақырым шыдайық дей бергенде көлігіміздің дөңгелегі жарылды. Аңқамызды күн кептіріп, сабырымызды жол тоздырған он бес адам ошарылдық та қалдық...
Беларустан неміз кем?
АҚШ-та барлық тұрғындардың небәрі 16%-дайы hamlet (ұсақ) және village (ірілеу) аталатын ауылдық жерлерде тұрады.
Елшіліктер ашылды
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропаның алты мемлекетіндегі, атап айтсақ, Болгария, Латвия, Пор­тугалия, Сербия, Словакия және Эстония елдеріндегі дипломатиялық миссияларға толыққанды Елшілік мәр­тебесін беру туралы Жарлықтарға қол қойды.
Қалта телефон қызмет ете ала ма?
Белгілі ІТ маманы Тимур Бектұр қазақ жастарының шетелдік Google сияқты озық компанияларға кетуін келеңсіздікке жатқыз­байды. «Қазақтың ойлы жастарына сұраныс туып жатса, бұл еліміздің потенциалының зор екенін көрсетеді» дейді ол. Бүгінде озық технология дегенді көп айтамыз. Әлемде технология қарыштап дамып бара жатқаны рас.
Жарылысқа кінәлілер жауапқа тартылады
Қазақстан Президенті Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады. Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа қадағалаушы органның биылғы бірінші жартыжылдықтағы жұмыста­рының нәтижелері мен алдағы кезеңге арналған жоспарлары туралы мәлімет берілді.