"Айқын" газеті №113

"Айқын" газеті №113

Бұл нөмірден оқитындарыңыз: 

  • Қор құрудан басқа амал жоқ па?
  • "Ата тілім аман ба?" деп бабам "келсе" не дейміз?
  • Алматыға LRT керек пе?
  • Желілік маркетинг: жұмыс жүйесі қандай?




Материалы номера
Жұлдызы жанған жігіт
Cirque du Soleil – аты аңызға айналған цирк. Осы цирктің жарық жұлдызына айналған қазақстандық жігіт бар. Есімі – Рафаэль Фатхельянов. Туған жері – Қарағанды. Ол спорттық жолын акробат-батутшы ретінде бастаған. Қазақстан құрамасында спорт шебері атанған. «Адам жоспарлайды, Алла шешеді» демекші, тағдыр оның бағын циркте ашуға жазған екен. Бүгінде ол Corteo шоуымен біраз елді шарлап келді.
«Ана тілім аман ба?» деп бабам «келсе» не дейміз?
Қыркүйекте «Тіл туралы» заңның  қабылданғанына  және  Халықаралық «Қазақ  тілі қоғамының» құрылғанына отыз жыл толады. Бұл уақытта не тындырдық? Қалаларды айтпай-ақ қояйық, аудан орталығында, ауылдарда құрылған ұйымдағы тіл жанашырлары осы уақыт аралығында  не бітірді? Бюджеттен миллиондаған ақша бөлінді. Тіл үшін ғана. Шырылдап та айтылды, айқайлап тұрып жазылды. Істелген жұмыс та көл-көсір! Бірақ, нәтиже жоқ! Неге?
«Жолда қабылдау» мәселені шешуге оңтайлы
Атырауда өткен республикалық «Жолда қабылдау» акциясы аясында атыраулық полицейлер 533 адамды қабылдады.
Бірліктің жарқын үлгісі
Миллионнан астам тұрғыны бар Шымкент  жүзден астам этнос өкілдерін бауырына басқан еліміздегі ірі қалалардың қата­рында. Шымкент қаласы өткен жыл­дың 19 маусы­мын­да республикалық маңызға ие мега­полис мәртебесін алғаны белгілі. Бүгінде облыстан бөлініп жеке шыққанына 1 жыл толған қалада барлық мекеме қайта құрылып, жұмысын жандандырып жатыр. Соның бірі – Шым­кент қалалық  Қазақ­стан халқы ассам­блея­сы осы уа­қыт аралығында қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемле­кет­тік саясат аясында мақ­сатты жұмыс атқарып келе­ді.  
Есі кеткен есек ұрлайды
Алматы облысының полициясы есек ұрлауды үйреншікті әдетке айналдырған 30 жастағы азаматты ұстады. Шекаралы аймақта орналасқан Ұйғыр ауданының шеткерірек ауылдарының бірі Үлкен Диханда белгісіз жан бір түнде он есекті қолды қылған. Қайда салса да беті қайтпайтын, бейнетқор әрі көнбіс малдың иелері амалы қалмағандықтан, тәртіп сақшыларына шағымды қардай жаудырған.
Айбатыр ЖҰМАҒҰЛОВ, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ басқарма төрағасы: Медсақтандыру жүйесі Қарағанды облысында сынақтан өтеді
Қазақ­станның барлық азаматтары, тіпті, елімізде тұрақты тұратын шетелдіктер де пайдалана алатын тегін көмекке жедел жәрдем, емханадағы дәрі­гердің қабылдауы, анализдердің кейбір түрлері кіреді
«Шелек фермерлерінің» шарапаты
Еңбекшіқазақ ауданындағы «Шелек фермерлері» ауылшаруашылығы өндірістік кооперативі еліміздегі сауда орындарына өнімдерін жеткізе бастады. Кооперативтің көкөністері Алматы қаласындағы «Арзан» супермаркеттер желісі мен Алматы, Нұр-Сұлтан, Карағанды, Павлодар, Шымкент, Өскемен қалаларындағы METRO Cash&Carry компаниясының сауда орталықтарында саудаланып жатыр.
Тоқ сымынан қауіп төніп тұр
Облыс орталығындағы «Арай-2» алқабы – жеке тұрғын үй құрылысын жүргізетін тұрғындар үшін инфроқұрылымы тартылған жаңа алқап. Дегенмен бұл жерде мәселе де жоқ емес. Оның үстіне, тұрғындардың «электр сымдары дұрыс орнатылмаған­дықтан, жанымызды шүберекке түйіп отырмыз» деген жанайқайы жиындарда жиі айтылып келеді.
Құжат қабылдау басталды
Павлодарда Nur Otan партиясының «Бақытты отбасы» жобасы бойынша құжат қабылдау басталды. Бұл бағдарламаның көмегімен көпбалалы, толық емес және мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасылар тұрғын үй құнының 10% бастапқы жарнасын төлеген жағдайда 20 жылға дейін кредит беру мерзімімен жылдық 2% ставка бойынша қарыз ала алады. Құжаттарды 22-31 шілде аралығында Кривенко көшесі, 25 мекенжайы бойынша Open Pavlodar кеңсесінде №13 үстелде қабылдайды.
Заңгерлік көмек көрсетті
Партияның облыстық филиалындағы жұмыс аптасы Түркістан облысының Мақтарал ауданынан басталды.  Мұнда «Халыққа көмек» бірыңғай әлеуметтік терезе» партиялық жобасы аясында азаматтарды көшпелі қабылдау өтті.
Жұмыссыздық деңгейі төмендеді
Қарағандыда облыстағы жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі өткен жылмен салыстыр­ғанда 0,5 пайызға төмендеген. Оған Nur Otan партиясының жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының қосқан үлесі зор.
Бағдарлама жұмысымен танысты
«Құтты мекен» партиялық жобасы аясында Nur Otan партиясының аудандық филиалының қызметкерлері мен мониторинг тобы мүшелері Қостанай облысы Денисов ауданына қарасты Антонов ауылындағы су құбырын салу жұмысымен танысты.
Арыстың жайы айтылды
Арыс қаласында облыс әкімі, Nur Otan партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Өмірзақ Шөкеевтің жетекшілігімен облыс әкімдігінің отырысы өтті. Жиынды кіріспе сөзімен ашқан Өмірзақ Естайұлы төтенше жағдайдың зардаптарын жою, құрылыс қарқынын бәсеңдетпеу, тұрғындарға жан-жақты жағдай жасау мәселелерін қозғап, құрылысты кешіктіріп жатқан сектор басшыларына жұмысты күшейту керегін айтты.
Қор құрудан басқа амал жоқ па?
Таяуда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «ҚазАгро» ұлттық компаниясының жұмысын қатты сынға алған болатын. «Әр ұлттық холдинг, әр ұлттық компания Қазақстан мен оның азаматтарына өз пайдасын әкелуі керек. Шығыны шаш етектен болатын квазимемлекеттік құрылымдардың және ұлттық компанияларды көрген түстей ұмытуымыз керек. Олар шығынға емес, тек кірістерге жұмыс істеуі тиіс» деп мәселені төтесінен қойған еді.
Желілік маркетинг: жұмыс жүйесі қандай?
Бүгінде әлеуметтік желілерде белең алған желілік мар­кетингтің жар­намасы жер жарып тұр. Күнделікті өмірде сі­з­дің до­сыңыз не таны­сыңыз, ұжымда­сыңыз, әйтеуір біреуі желі­мен тауар сату ар­қ­ылы қосымша табыс табады. Кей­бірі тіпті бір немесе бірне­ше желі арқылы ақша тауып, әрісі осы бизнес жолына бел буып кірісіп кеткенін де көз көріп жүр. Желіге кіре қалсаңыз «Қосымша табыс тапқыңыз келе ме?», «үйде отырып ақша табуды үйре­темін», «үйде отырған аналарды, зейнет­керлерді, студент­тер­ді ақша табуға ша­қырамын», «бір ап­та­да 1 000 $-ға ие бо­лыңыз» деген жаз­ба­лар алдыңыздан шығады. Шынымен солай ма?
Қазақстан – бітімгер ел
Қазақ – бітімгер ұлт. Үлкен дауды ірі соғысқа жеткізбей алдын алған билерден қалған бұл мінез Қазақстанның мәмілегер мемлекет болып қалыптасуына ықпал еткендей. Бүгіндері Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының  әлемдегі тыныштықты сақтау мен адам құқын қорғау сияқты міндеттерін жүзеге асыруға көмектесіп келеді, көмектесе де береді. Себебі, Қазақстан Елбасы салып кеткен бағытты жалғастырып, бейбітшілік пен жаһандық қауіпсіздікті сақтауды қолдайды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та Қазақстан БҰҰ Бас хатшысы ұсынған реформаларды, соның ішінде бітімгерлік миссияларды қолдайтынын мәлімдеген.
Президент жеделхат жолдады
Мемлекет басшысы МАГАТЭ-ның бас директоры Юкия Аманоның қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.
Жеңіл рельстің ауыр проблемасы
«Жеңіл рельсті көлік (LRT) 2020 жылы аяқталады. Шағын айналма жол жобасы да сонда бітеді. Қысқасы ағайын, жолдарымыз жақсарады»  деп сөз берді 2019 жылғы 20 ақпандағы халыққа есеп беру кездесуінде елорданың сол кездегі әкімі Б.Сұлтанов. Артынша, сәуір айында жеңіл рельсті желі құрылысы тоқтап қалғаны мәлім болды. Қымбат LRT жобасының ендігі тағдыры кеше Үкімет отырысында қаралды.
Алматыға LRT керек пе?
Қаланың қарқынды урбанизациялануы, аумағының кеңеюі ондағы транспорт түрлерінің де артуына ықпал етеді.