"Айқын" газеті №116

"Айқын" газеті №116

Бұл нөмірден оқитындарыңыз:

  • Бағытың - бақытың болар...
  • Бағдарлама - жауыр, тараған - ауыл
  • Әдейі ажырасу: масылдық па, мұқтаждық па?
  • Кімнің қарызы кешіріледі, кім кешіреді?
  • Ресейде өрт шықты, Қазақстан тұншықты



Материалы номера
Ұстазды ұлықтау – парыз
Бүгінде білім берудің сапасын арттыруға жоғары талаптар қойылып отыр. Соның бірі – ағылшын тілін оқыту.
Алмас Атаханов, жас кәсіпкер: Эстетикалық тауар сапасымен құнды
Жас кәсіпкер Алмас Атаханов 1992 жылы Тараз қаласында туған. Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетін және Хьюстон қоғамдық колледжін бітірген. Халықаралық бизнес университетінен білім алған. Елордадағы «Мир багета»  багет шеберханасының иесі. Бір қарағанда қарапайым көрінетін, бірақ өзіндік қыры мен сыры көп бұл істің адамдарға қуаныш сыйлайтыны өз алдына, оның үстіне бұл бизнес біздің эстетикалық талғамымызды тәрбиелейтіні де рас. Биылғы Жастар жылы біз Алмаспен сұхбаттасуды жөн көрдік.
45 жылдан кейінгі кездесу жан тебірентіп, жүрек толқытты
Кім болсаң да анда-санда алыста сағымдай бұлдырап қалған балалық шағыңды аңсайтының анық, кейде тай-құлындай тебісіп ойнап өткен достарыңды қатты сағынасың, білім бұлағына бас қойғызған мектептегі сыныптастарыңды елжірей еске алып, таңды таңға ұрып сырласуды, жақсылықпен жолығысуды армандайсың.
Иә, араға сандаған жылдар салып, бірге оқу іздеген олармен кездесе қалсаң, ерекше сезімге бөленесің, мұндай сәттерде, шынымен де бақытты күй кешесің. Бұл да, тегінде, адамға тән қасиет болса керек.  
Қапез әндеріндегі айқын ақиқат
Жергілікті жердегі Алаш қайраткерлерінің бірі – Қапез Байғабылұлы. Ол ауыл молдасынан сауат ашқан; медреседен тәлім көрген; Стамбұлда білім алған; Алматыда екі мәрте мұғалімдердің білімін жетілдіру курсын үздік бітірген; ауылына келіп, бала оқытқан;  мұғалім болған; барған жерінің бәрінде мектеп салған; мұғалімдердің білімін жетілдіру курсын ашып, дәріс оқып, «ұстаздардың ұстазы» атанған; аштық жылдары аш-жалаңаштарды жиып ашына ас, жалаңашына киім тауып беріп, «Облатком» деген ауыл құрған;  өмірінің соңында «халық жауы» деген жаламен  итжеккенге айдалған. 1939 жылы, яғни  бар-жоғы 43 жасында Коми АССР-інің Ухта қаласында қаза тапқан.
Қоғамға пайдалы кеңес
Соңғы үш жылда жиі айтылатын сөз тіркестерінің бірі – қо­ғамдық кеңес.  Оның мақсаты мен міндеті қандай? Кімдер мүше бола алады? Кімге бағынады? Осы сұрақтардың жауабын іздеп көрелік. Негізінде, қоғамдық кеңес – қоғамдық бас­­тамамен, дербес жұмыс істейтін консультативтік-кеңесші, бай­­қаушы орган. Қоғамдық кеңестер – коммерциялық емес ұйым­дар, Үкімет құрамына кірмейтін атқарушы органдар, Қа­зақстан Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін органдар.
Ислам қаржы жүйесіндегі үздік әйел
Осыдан бір ай бұрын Біріккен Араб Әмірлігінің туристік және сауда орталығы – Дубайда «Ислам бизнесі мен қаржы жүйе­сіндегі әйел» (WOMANi) атты салтанатты жиын өтті. Cambridge IFA британ қаржы үйіндегі сол басқосуда ислам қаржы жүйесіндегі үздік әрі ықпалды 300 әйелдің тізімі жария­ланды. Олардың арасында қазақстандық Мәдина Тукулова 31-орыннан көрінді. Ислам қаржыландыру жүйесінің елімізге келгеніне  небәрі он жыл болғанын ескер­сек, бұл біз үшін үлкен жетістік.
Ресейде өрт шықты, Қазақстан тұншықты
Ресейде Сібір ормандарының 3 млн гектардан астамы өртке оранып жатыр.Бұл дегеніңіз Молдова, Армения сияқты елдердің аумағымен бірдей-ақ. Яғни, бір мемлекет лапылдап жанып жатқандай. Алайда Ресей билігі осыншама алапат жағдайға селт етер емес.
Тосын жаңалығы көп Токио олимпиадасы
Қазақстанның Ұлттық олимпиада комитеті XXXII жазғы олимпиада ойындарына ресми шақырту алды. Әлем асыға күтетін спорт додасы Жапонияның Токио қала­сында 2020 жылдың 24 шілдесінде басталып, 9 тамызға дейін жалғасады. Алдын ала жарияланған болжалды есеп бойынша, Токио Олимпиадасы 206 ұлттық олим­пиада комитеті атынан қатысатын 11 090 спортшының басын қосады. Көп спортшының көздеген биігі, жанкүйердің асыға күтетін қызығы саналатын олимпиада ойындары 2020 жылы біраз ерекшелігімен есте қалмақ.
Жітіқаралықтар жеңімпаз атанды
Nur Otan партиясы Рудный қалалық фи­лиалының бастама­сымен Денешынықтыру және спорт басқармасы бірлесіп «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі жан­дарға арнап облыстық спорт фес­тивалін ұйымдастырды. Сайысқа 80-нен астам үміткер қатысып, бақ сынады.
Жұмыспен қамтуға көмектеспек
Nur Otan партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ақмарал Әлназарова азаматтардың өтініш-тілектерін тыңдау мақсатында қалаға қарасты барлық елдімекендерде жеке қабылдау өткізді.
Әлеуметтік нысандар құрылысын бақылады
Nur Otan партиясы атынан Жітіқара аудандық мәслихатының депутаттары Гүлсара Жаманқұлова мен Серік Мұтлапов «Құтты мекен» партиялық жобасы аясында Забеловка ауылындағы сумен қамтамасыз ету желілерінің құрылысын бақылап қайтты.
Арыс тұрғындарынан 63 464 өтініш қабылданды
Nur Otan партиясы Түркістан облыстық филиалы арнайы Арыс тұрғындары үшін кең көлемді қоғамдық қабылдау өткізді. Сондай-ақ партия жетекшілері бастаған топ қаладағы қайта қалпына келтіру бойынша құрылысы аяқталған бірқатар үйді аралап, тұрғындармен кездесті.
Жастар жылы – жаңа белестер бастауы
ІІМ Павлодар қалалық оқу орталығында Криминалистика және арнайы техника циклі апталығының аясында Жастар жылына арналған «Жаңашыл жастар – ел болашағы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Жиынға уәкілетті органдардың өкілдері, жастар ұйымдарының жетекшілері, Павлодар қаласының «Жас Отан» Жастар қанатының белсенділері қатысты.
Бағдарлама – жауыр, тараған – ауыл
Жұмыссыздықты жою, кәсіпкерлікті дамыту, үймен қамтамасыз ету үшін бүгінгі таңда түрлі бағдарламалар түзілуде. Алайда осы шаралар ел құлағына жете бер­мейді. Насихат аз. Әрі халықтың өзінде немқұрай­ды­лық басым. Әйтпесе, шынымен де әр адамға қолына бір күрек тауып беру, баспаналы қылу үшін көптеген іс атқарылуда.
Әдейі ажырасу: масылдық па, мұқтаждық па?
Тағдырдан теперіш көріп, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың кесірінен емес, әлеуметтік көмек үшін әдейі ажырасатындардың саны көбейді.
Мал шаруашылығына инвестиция қажет
Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында еліміздің агроөнеркәсіп саласына стратегиялық инвесторлар тарту туралы міндет қойған болатын. Себебі, бүгінгі таңда мал шаруашылығы өнімдерін өндеу көлемі төмен деңгейде қалып отыр – 35 пайыздан аспайды. Ал Ресейде бұл көрсеткіш – 40, Беларусь елінде – 50 пайыз. Еуропа одағы елдерінде 80 па­йыз­дан асады. Үкімет­тің кешегі отыры­сында да Премьер-министр Асқар Мамин мал шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласына келетін инвестиция кө­лемін жыл сайын 30 пайызға арттыруды жүктеді.
Кімнің қарызы кешіріледі, кім кешіреді?
Мемлекет басшысының  өмірлік қиын жағдайда қалған қазақстандықтардың борыш жүктемесін азайту жөнінде Жарлығын халық жақсы қабылдады. Несиесін өтей алмай  қиналып жүргендер бұл жаңалықты несиеміз жабылады деп түсінгені рас. Алайда бұл жеңілдік несие алушылардың белгілі бір тобына ғана арналған-ды. Ол жөнінде жарлықта егжей-тегжейлі жазылған.
Бағытың – бақытың болар...
Ел елордаға қарай тартылады. Бұл – заңдылық. Статистика комитетінің мәліметіне қарағанда, жыл басынан бері астанамызға 60 155 адам көшіп келіп, 49 586 адам көшіп кеткен екен. Дәл қазіргі таңда Нұр-Сұлтан қаласы халқының саны 1 099 053 адам, яғни былтырғы жылмен салыстырғанда қала тұрғындарының  саны 53 916 адамға, яғни 5,2 пайызға өсіпті.