"Айқын" газеті №117

"Айқын" газеті №117

Бұл нөмірден оқитындарыңыз: 

Цифрлы дәуір - сиқырлы 
Кадрлық резерв кімдерді іріктейді?
Әлем назары - халалда, көшеміз қандай амалға?
Зообақтар неге керек?
Із бен Ізтай



Материалы номера
Кәсібін тапқан киімнен
Сән индустриясы үнемі түрленіп тұрады. Трендке ілесемін деп кәсіпкерлер де бизнесінің бағытын басқа арнаға бұруға даяр. Соңғы кездері мұсылмандарға арналған киімдер, аксессуарларға сұраныс жоғары. Бір қызығы, жабық әрі ұзын көйлек киюге діні бөлек болса да, біраз сәнқой қыздар құмар. Әйелге тән нәзіктік сыйлайды деседі. Мұсылмандарға арналған киімдерді заманауи үлгіде ұсынуды бастаған жас кәсіпкер Исмаил Құланның бұл жобаны қолға алғанына көп бола қоймады. Әзірге сатылымда футболка, эко-сөмке, баскиімдер бар.
Негізсіз айып тағыпты
Мойынқұм ауданы әкімдігінің Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі 1 285 714 теңге қаражатты негізсіз пайдаланып, оны өтеуге кәсіпкерден талап еткен. Бұл мәселе Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасына «Тараз Гео проект Люкс» ЖШС директоры Шалабай Байділдаевтан келіп түскен арыз негізінде анықталды.
Тазалық акциясына белсене қатысты
Жер жаннаты – Жетісу өңірінің тұрғындары да #Birge #TazaQazaqstan акциясына белсене атсалысты. Барлық аудан, қалаларда ұйымдастырылған тазалық шарасына 48 мыңнан астам жетісулық қатысты. Облыстық Энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының мәліметі бойынша, бір күнде жалпы көлемі 1317 гектар аумақ тазаланып, 612 тонна қоқыс шығарылыпты.
Бірлігімізден ажырамасақ екен
Редакциямызға Жанар Ағзамова атты оқырманы­мыз­дан хат келді. Хат иесі жазбасында ұзақ жыл мем­лекеттік қызметте болған, бүгінде зейнет жасына келген әкесі Арғын­ғали Ағзамов жайында баяндай келе, оның жазған мақаласын газетке жариялауды сұраған екен. Біз де оқырманымыздың өтінішін аяқсыз қалдыр­мауды жөн санадық.
Із бен Ізтай
Біздің Алғадан шыққан қазаққа белгілі адамдар аз емес, тек зерттел­мей, зерделенбей жатқаны болма­са... Қолыма кездейсоқ түскен Ізтай Мәмбетовтің қолы тиген, өзі жазған он үш пәпкі... Ізтайға менің ғана емес, күллі қазақтың құлқының осы уақытқа дейін аз болғаны таңғал­дырды. Сол он үш пәпкі Ізтайдың қазаққа, қазақ әдебиетіне қал­дыр­ған ізіндей әсер етті. Уақыт – құдірет өшіре алмайтын із...
Ұлтым деп жеткен ұрпақ
Өткен ғасырдың басында ұлт ақыны Мағжан Жұмабаев түптің түбінде қазақтың басын қосатын тіл екенін: «Ақ қолыңмен тарта аларсың сен, тілім!» деп айтып кеткен екен. Шынында, қазір бар қазақтың басын қазақ тілі қосып келе жатқаны мәлім. Соның бір дәлеліндей жақында Атырау өңірінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша шет елдердегі қазақ диаспорасына арналған «Қазақстан – ата жұртым, қасиетім – ана тілім» атты XVI халықаралық олимпиада өткен еді.
Зообақтар неге керек?
Табиғатқа бір табан жақындап, баласына жабайы аңдарды таныстырғысы келген қала халқының баратын жері – зообақ. Жануарлардың сан түрін қызықтап, белсенді демалыс өткізуге қолайлы жердің айналасында туатын дау да, талас та көп. Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде жануарлар құқығын қорғаушы ұйымдар тордағы аңдардың тіршілігіне алаңдап, зообақтарды жабу туралы бастаманы жиі көтереді.
17 мыңнан астам жұмыс орны құрылды
Мемлекет басшысы облыс, аудан басшыларының жұмысын бағалау олар басқаратын жерлердегі жаңа жұмыс орындарының ашылуына байланысты жүзеге асырылады дегелі аймақтарда халықты еңбекпен қамтуға елеулі түрде көңіл бөліне бастады.
Талап-тілек ескерілді
Nur Otan партиясы Жамбыл облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Шу аудандық филиалының қызметкерлері №5, 19 өрт сөндіру бөлімінде жиын өткізді.
Келестегі келелі істер
Өткен жылы өз алдына бөлек аудан болып қайтадан құрылған Келесте келелі істер жетерлік. Атап айтсақ, жаңа ауданда жаңадан жасақталған Nur Оtan партиясы Келес аудандық филиалы партия жарғысы негізінде, партиялық жобаларды іске асыру бойынша аудан халқының мәселелерін шешуде тиісті жұмыстарды атқарып келеді.
«Мектепке жол» басталды
Nur Otan партиясы жыл сайын белсенді түрде өткізілетін «Мектепке жол» республикалық акциясын биыл да қолға алды. Акция қалалық партия филиалының қолдауымен Алматыда 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында өтпек.

Агросала салғырттықты көтермейді
Nur Otan партиясы агросалада іске асып жатқан жобаларды тұрақты қадағалайды.  Қызылордада өткен кеңесте «Қазақстан – 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша «Аграрлық сектор» бағытындағы аймақтық комиссия мүшелері осы мәселелерді жан-жақты талқылады.
Азаматтардың арыз-шағымы тыңдалды
Нұр-Сұлтан қаласында Nur Otan партиясы Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде «Халыққа көмек» бірыңғай әлеуметтік терезе» партиялық жобасы аясында азаматтардың мәселесі талқыланды.
Мердігерлер айыппұл төлеуде
Бүгінде облыс орталығында инженерлік-инфрақұрылым жүйелерін қайта жаңғырту, жөндеу жұмыстары аясында 5 ірі жобаның құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатыр. Дегенмен қазіргі таңда жер қазу жұмыстарына рұқсат беру көрсетілмеуіне байланысты коммуналдық қызмет көрсетуші  ұйымдар жергілікті атқарушы органдардың  келісімінсіз қазба жұмыстарын  жүргізуде, заңды және жеке тұлғалар инженерлік-коммуникациялық желілеріне қосылуда.
Субсидия берудегі сыбайластық басшыны қызметтен кетіруі мүмкін
Ауыл шаруашылығы саласында халыққа көрсетілетін қызмет түрлерін цифрландыру жүріп жатқанымен, жемқорлық деректері тыйылар емес. Соңғы 4 жылда бұл салада 500-ден астам жемқор­лық дерегі тіркелген. 221 лауа­зымды тұлға қылмыстық жауапкерші­лікке тартылып, 143 адам сотталған. Азаматтар тарапынан Президент әкімшілігі мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігіне шағым көп түседі екен. Бұл жөнінде Ауыл шаруашылығы министрлігінде өткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кеңесте белгілі болды.
Әлем назары – халалда, көшеміз қандай амалға?
Қазақстан араб елдеріне ет экспорттай алмай отыр. Өйткені, біздің елде   халал индустриясы туралы заңды жүзеге асырудың шаралар жоспары қабылданбаған.  2015 жылы Органикалық өнімдер өндірісі туралы заң   қабылданғанымен, әлі күнге  оны жүзеге асыру  жоспары түзілмеген. Айтқандай, Қазақстан қайбір жылдары Ислам азық-түлік қауіпсіздігі ұйымын құруды ұсынған. Осындай ұтымды ұсыныс жасаған елде халал өнімдерін өндіру саласына қатысты заңнама жоқ – парадокс!  
Заң қабылданар, халықаралық халал нарыққа ет те экспортталар, оған күмән жоқ. Бізді алаңдататыны – азық-түліктің сапасы, халықтың экологиялық таза өнімнен жасалған адал асты қашан тұтына бастайтыны?
Грант алып, қуанып...
Кеше мемлекеттік грант иегерлерінің тізімі жарияланды. Осыған орай, Білім және ғылым министрлігі брифинг өткізіп, вице-министр Фатима Жақыпова республикалық конкурс қорытындысымен бөлісті.
«Кадрлық резерв» кімдерді іріктейді?
Жақсы қызметті кім жек көрсін. Екінің бірі демесек те, әрбір үшінші адам ыңғайы келсе тәуір жұмысқа барғанды теріс көрмейді. Тіпті сондай орынға ілдебайлап жетіп алып, мемлекеттің қазынасын шашып-төгіп, өз мақсатына бұра тартуға біржола кіріскендер де баршылық. Соның бәрі қызметтің қадірін білмегеннен, биік креслоға өз білім-дәргейімен жетпеген соң сияқты.
«Айқынға» қолдау білдірді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақ­шасында біздің «Айқын» газеті жайлы жылы пікір білдірді.
«Айқын» қарапайым еңбек адамдарын үнемі насихаттайды. Жақында етік тігетін жас кәсіпкер туралы жақсы сұхбат жарияланды. Отандық өнімді қолдау мақсатында мен де бір аяқкиімін сатып алдым. Адал еңбек етіп, нақты кәсіппен айналысуға деген көзқарас орнығуы тиіс», – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.
Беттер: 1 2 Келесі