"Айқын" газеті №118

"Айқын" газеті №118

Бұл нөмірден оқитындарыңыз: 

Қарсы амал қандай?
Мейірімді қоғам құра аламыз ба?
Көп полицейдің керегі не?
Экономика әлсіз болса, ел дәрменсіз
Ветеринария қызметін қайта ұйымдастыру керек

Материалы номера
«Жоқ» деген «жоқ!»
Жақында жол үстінде болған зорлау фактісі бойынша сот айыпталушы азаматтарға 2,5 жыл түрме жазасын кескені туралы жаңалық қоғам наразылығын туғызды. Қылмыскерлерге жеңіл жаза берілгенін сынаған белсенділер мәселенің бір ұшын Қылмыстық кодекстегі зорлау бабының орташа деңгейлі қылмыстар санатына жатқызылуынан іздеді. Әлеуметтік желіде белсенді жастардың бір тобы «#ОрташаЕМЕС» флешмобын бастады. Флешмоб қатысушылары «Арыз жазу – ұят емес, зорлық-зомбылық жасау ұят», «Жәбірленушіні емес, қылмыскерді айыптаңдар», «Жоқ деген жоқ», «Зорлама» деген жазуы бар парақтарды ұстап түскен сурет астына аталған мәселеге қатысты ойларын жазды. «Айқын» редакциясы флешмоб авторларының бірі Айгерим Шадеевамен сөйлесіп, жедел сұхбат алған еді.
Қатаң сөгіс беруді ұсынды
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Батыс Қазақстан облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің кезекті жиыны өтті. Бұл шара барысында мемлекеттік құрылымдардағы әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметі мен мекемелердегі тәртіптік комиссиялардың жұмыс нәтижелері, сондай-ақ Бөрлі ауданындағы Александров ауылдық округінің әкіміне қатысты тәртіптік іс қаралды.
Жол салудағы қателік елді алаңдатып, қазынаны шығынға батырады
Алты жылға жуық  созылып, өткен жылы әрең дегенде толық пайдалануға берілген Алматы – Талдықорған республикалық автотрассасының екі елдімекен: Балпық Би және Бақтыбай ауылдарын  жарып өтетін бөлігі заманауи күрежолдың ел игілігіне қызмет етуін біразға кешіктіргені рас. Әсіресе, Бақтыбай ауылында тұрғындар мен жолшылар арасында түсінбестік жиі тіркелгені әлі есімізде.
АҚШ ядролық келісімнің нүктесін қойды
АҚШ Ресеймен жасалған ядролық келісімнен шықты. Қысқа және орта қашықтықтағы зымырандардан бас тарту туралы келісімге 1987 жылы АҚШ президенті Рональд Рейган мен КСРО басшысы Михаил Горбачев қол қойған. Оған сәйкес, 500 километрден 5 500 километрге дейінгі қашықтыққа ұшатын зымырандарға тыйым салынған. 1991 жылға дейін 2 700 зымыран жойылып, қос мемлекет келісімде көрсетілген талаптарды орындау барысын бір-біріне инспекторлар жіберіп, қадағалап отырған. Жыл басында АҚШ пен НАТО «Ресей жаңа үлгідегі 9М729 зымырандарын ұстау арқылы келісімді бұзып отыр» деп мәлімдеген. НАТО-ның ақпаратында ресейлік зымырандар санаулы минутта Еуропа мемлекеттеріне жетуге қабілетті, мобильді әрі нақты орнын анықтау қиын құрылғылар екені айтылады. «Ресей мәселені реттемесе, келісімді бұзамыз» деген АҚШ президенті Дональд Трамп әріптесіне 2 тамызға дейін уақыт берген. Ресей өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарды. Путин Трамптың ескертуін «келісімді бұзу үшін айтылған сылтау» деп атады.
Гонконгта 44 ереуілші жауапқа тартылады
Гонконгта үкіметке қарсы наразылық жалғасып жатыр. Жексенбі күні полиция мен наразылар арасында қақтығыс болып, 44 демонстрантқа «қоғамдық тыныштықты бұзғаны үшін» айып тағылды. Сотта айыптаушы тарап жеңіске жетсе, азаматтар он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Айыптау мәлімдемесінде «Наразылар жол жүру белгілері, жарық шамдары мен қоршауларды бүлдірді. Қолдарына кірпіш пен темір істік сияқты өмірге қауіп төндіретін заттар алып, полицияға шабуылдады» делінген. Полиция дерегінше, жексенбі күнгі қақтығыстан кейін 16-41 жас аралығындағы 49 адам ұсталған (32 ер, 17 әйел). Олардың қатарында қару ұстағаны үшін айыпталған азамат та бар.
Әйелдерге шетелге шығу құқығы берілді
Сауд Арабиясының билігі әйелдерге қамқоршы ер азаматтың рұқсатынсыз шетелге шығу мүмкіндігін енгізді. Жаңа ережеге сәйкес,  21 жастан асқан әйелдер шекара асу үшін төлқұжат жасауға өтініш бере алады.
Жапон парламентіндегі жаңа мүшелер
Жапонияда өткен айда Парламенттің жоғарғы палатасына сайланған мүмкіндігі шектеулі екі азамат бейсенбі күні жұмысын бастады. Ясухико Фунаго мен Эйко Кимураға дейін Парламентте мүгедектігі бар азаматтар болмаған. Мойнынан аяғына дейін бүкіл денесі сал ауруына шалдыққан Фунаго сөйлеу үшін аузымен басқарылатын компьютерлік технологияны пайдаланады.
Солтүстік Корея зымыран ұшырды
Апта басында Солтүстік Корея Вонсан портына жақын жердегі Кальма аймағынан қысқа қашықтықтағы екі зымыран ұшырды. 30 шақырым биіктікте 250 шақырым қашықтыққа ұшқан зымырандар Жапон теңізіне барып құлаған. Оңтүстік Кореяның қорғаныс министрі Чжон Кен Ду бұл жолғы зымырандардың осыған дейін сыналған қару үлгілерінен ерекшеленетінін айтты.
Иранның үлесіне – тағы бір санкция
АҚШ Иранның Сыртқы істер министрі Мұхаммед Жавад Зарифке қарсы санкция жариялады. Жаңа шектеулер Иран дипломатының АҚШ-тағы активтерін бұғаттап, оның халықаралық іссапарларына әсер етуі мүмкін.
Көксегеніне жеткен шығарма
Ақын, аудармашы Саят Қамшыгер тәржімалаған башқұрт жазушысы Айгиз Баймұхаметовтің «Тастамашы, АНА» кітабы оқырман тарабынан оң баға алып, қызыға оқылған кітаптар санатына енді.
Ерсін Ерғазыұлы: Ветеринария қызметін қайта ұйымдастыру керек
Елімізде жыл сайын тіркелетін қауіпті індеттің бірі – топалаң. Топалаң қоздырушысы топырақта жүз жылдан астам уақыт сақталады. Қазақстанның барлық аймағында осы індеттің эндемия ошағы бар.Топалаңға тосқауыл бар ма, маманнан сұрадық. С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті Ветеринариялық медицина кафедрасының қауымдастырылған профессоры Ерсін Ерғазыұлымен сұхбаттастық.
Велобарымташылар «құтырып» тұр
Діттеген жеріне вело­си­педпен қатынайтын орал­дықтардың саны жыл санап артып келеді. Бұл, әрине, құптарлық құбы­лыс. Өйткені дәрігерлер­дің айтуынша, велосипед тепкеннің денсаулыққа пайдасы көп көрі­неді. Тек бір әттеген-айы, Орал қалалық полиция бөлімінің баспасөз қыз­меті таратқан мәліметке қарағанда, велосипед ұрлау жиілей түскен көрінеді.
Аз уақыттағы ауқымды жұмыс
Үкімет жетекшісі Асқар Мамин Түркістан облысына жасаған жұмыс сапарында Арыстағы құрылыс жұмыстарын тексеріп, қаланы қалпына келтіру жөнінде кеңес өткізді. Премьер-министр әскери қалашықтың тұрғын аймағын қарап шыққан соң И.Журба атындағы мектеп, қалалық аурухана мен теміржол вокзалы, сондай-ақ тұрғын үйлерді қалпына келтіру, орталық ста­дионды реконструкциялау жұмыстарының нәтижесімен танысты.
Көшпелі қабылдау көп мәселе шешкен
Павлодарда трамвайда көшпелі қабылдау өтті. «Халыққа көмек» партиялық жобасының басты мақсаты – қоғамдағы шешімін таппаған өзекті проблемаларды шешу.
Көне кітапханадағы жаңашылдық
Nur Otan «Қазақстан кітапханалары» партиялық жобасы аясында Қызылорда облысында ауқымды шаралар атқарып жатыр. Соның бірі – Әбділда Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхананы заман талабына сай қызмет көрсетуі. ІТ технологияның мүмкіндігін пайдалана отырып, оқырманға кітап оқып, мәлімет алуға жан-жақты жағдай жасап отыр.

«Құтты мекеннің» пайдасы көп
Бүгінде ауыл және оның инфрақұрылымын дамытуға арналған «Құтты мекен» партиялық жобасы сәтті жүзеге асып келеді.

Қолдан келсе, қолдау да бар
Осыдан үш жыл бұрын жұмысын бастаған Жамбыл облысының «Нақты көмек мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігі негізінен аймақтағы мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсетеді. Олардың үй жағдайында қарап отырмай қолынан келетін ісімен айналысып және қосымша мамандық алып, жұмысқа тұруына ықпал етіп келеді.

Әрдайым көмекке әзір
Nur Otan партиясының Алматы қалалық филиалының бастамасымен жергілікті мемлекеттік органдар және мәслихат депутаттарымен бірге жұмысты жүргізу кестесінен кешігудің себебін анықтау және құрылыс нысандарының сапасын бақылау үшін әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым нысандарын аралады.  
Мейірімді қоғам құра аламыз ба?
Хакім Абай «Надан  ел қуанбас нәр­се­ге қуанады. Һәм қуанғанда не айтып, не қойғанын, не қылғанын өзі білмей,  есі шығып, біртүрлі мас­тыққа кез болып кетеді» дейді. Тағы да «Тыныштық іздеп таба алмай жүрген жұрт тыныштық  көрсе, сәтке тұрмай тыныш­тықтан жалыға қалатыны қалай?» дейді. Қоғам­дағы бүгінгі орын алған келеңсіздіктерге бұдан артық пайым керек жоқ шығар.
Көп полицейдің керегі не?
Өткен жылдың соңында, нақты айтқанда 25 жел­тоқсанда Нұрсұлтан Назарбаев еліміздегі полиция қызметкерлерінің жоспардан тыс аттестациясы өткізілетінін мәлімдеген еді. Сонау 1998 жылы құрылғалы бері жиырма жылдан астам уақыт өтті. Енді алдағы үш жылда ішкі істер органдарының реформалары ішіндегі ең көлемдісі жасалуы тиіс. Жыл өткен сайын күрт көбейіп жатқан полицейлердің керегі қанша? Жаңа реформадан кейін саны азайып, сапасы көтерілуі мүмкін бе?
Беттер: 1 2 Келесі