"Айқын" газеті №120

"Айқын" газеті №120

Бұл нөмірден оқитындарыңыз:

Інгенге келген індет 
Күзетуді түзету керек
Әкім және әлеуметтік желі
Қайран, Қажытай!
Медиаторлар одағын құру - қажеттілік
Саматбек Ізімғали: Мақсатым - олимпиадада топ жару
Енді ол "ойнап келейінші" деп сұранбайды


Материалы номера
Енді ол «ойнап келейінші» деп сұранбайды
Шомылу маусымы басталған күннен бері елімізде 236 адам суға кеткен, оның ішінде 81 бала бар. Ажал құшқандардың 100 пайызы шомылуға тыйым салынған, шомылу құралдарымен жабдықталмаған және жедел  құтқару жасағының құтқарушылары жоқ жерлерде суға түскен. Өткен аптада 24 адамды су жұтса, оның алтауы бала болған...
Жібек өндірісін дамыту қажет
Күнделікті тұрмысқа қажетті заттарды өзімізде өндіру мәселесі түбегейлі шешімін таппай келеді. Елбасының «қарапайым заттар экономикасын дамытамыз» деген бастамасынан соң, сең қозғалды. Осыған орай, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр Үкіметте өткен үлкен жиында 2025 жылға дейінгі жоспарын жария еткен. Оның айтуынша, қарапайым заттар экономикасын дамыту аясында бизнесті қаржыландыру 2025 жылға қарай 16 мың тұрақты жұмыс орнын ашып, қазынаға 1,1 триллион теңге салық түсіруге негіз болады. Ең негізгісі, импорттың көлемі азаяды. Тұрмыстық заттардың қазіргі импорттық үлесін 59 пайыздан 37 пайызға дейін азайтуға мүмкіндік береді. Бағдарлама, жоба, қаржы бар. Енді тек еңбек ету керек. Күнделікті тұрмыста қажетті заттардың түрі сан алуан болғанымен, халықтың талғамы да жоғары, сұраныс та артып келеді. Кәсіп ашуға талпынғандардың қарасы көп. Бірақ кедергілер де шаш етектен. Киім-кешек тігудің қиындығы неде? Бұл жайлы ұлттық нақыштағы бұйымдар жасайтын, күнделікті тұрмысқа қажетті киімдер тігетін Adili брендінің иесі  Индира Әділ айтып берді.
Саматбек Ізімғали, грек-рим күресінен кадеттер арасында әлем чемпионы: Мақсатым – Олимпиадада топ жару
Толқу да, қорқыныш та болған жоқ. Азия чемпионатын­да күресіп, жеңіске жеткен соң өзіме деген сенім өте жоғары болды
Жарқын Тұрсынов, Саматбектің жеке бапкері: Саматбекті чемпион қылған – спортқа деген құлшынысы
Кеше ғана Болгария қаласы Софиядан сүйінші жаңалық жетті. Грек-рим күресінен 45 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдесетін балуанымыз Саматбек Ізімғали кадеттер арасында әлем чемпионы атанды. Спортшымыз финалда Өзбекстан елінен келген Асадбек Бахрамовты таза әдіспен жеңіп, алтын медальды өңірінде жарқыратты. Дүниенің дүйім жұртына Қазақстанның әнұранын тыңдатты. Ол осыдан бір ай бұрын ғана елордамыз Нұр-Сұлтан қаласында өткен Азия чемпионатында топ жарған. Спортшы қазір Алматыдағы «Шаңырақ» шағынауданындағы Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінде білім алып жатыр. Біз де сол жерде кездесіп, чемпионмен және бапкерімен сұхбат құрдық.  
Жаңылжан Оспанқажықызы, Жәнібек Әлімханұлының нағашы әжесі: Жәнібектің шаршы алаңға қалай шыққанын көзінен танимын
Әуесқой бокста әлем чемпионы атанған, қазір бағын кәсіпқой бокста сынап жүрген Жәнібек Әлімханұлы – келешегінен көп үміт күттіретін, мұқым ел тілеулес болып отырған батырлары­мыздың бірі һәм бірегейі. Қазір орта салмақта өнер көрсететін Жәнібек WBO Global Middleweight Title және WBC Continental Americas Middleweight Title белдіктерінің иегері. Кәсіпқой рингте 6 кездесу өткізіп барлығында жеңіске жеткен, екеуін нокаутпен аяқтаған. Қазір әлемге әйгілі промоутер Боб Аруммен, менеджер Эгис Климаспен жұмыс істейді. Келесі кездесуін 17 тамыз күні 32 жастағы канадалық боксшы Стюарт МакЛелланға қарсы өткізбек. Осы орайда Жәнібектің адамгершілігі мол салауатты тұлға, болашағы жарқын боксшы ретінде қалыптасып, өсуіне үлес қосқан нағашы әжесімен сұхбат жасаған едік.  
Қайран, Қажытай!
Қазақ әдебиетінің тарихына ХХ ғасырдың 60-90-жылдары мен ХХІ ғасырдың басындағы сыршыл және сыншыл туындылары мен елеулі үлес қосқан көрнекті ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Қажытай Ілиясұлының (1939-2013) шығармашылығын да сөз арқауындағы классикалық дәстүр жалғастығы тұрғысында бағалаймыз. Көрнекті ақынның шығармашылық ғұмырнамасындағы журналистік-қаламгерлік еңбек жолы басты орын алады. Қазіргі Шыңжаң (ҚХР) өлкесіндегі педагогикалық тіл институтының қытай тілі мамандығы бөлімін, одан кейін Қазақстандағы ҚазМУ-дің журналистика факультетін (1962) бітірген. Шыңжаңдағы өлкелік «Шыңжаң» газетінің аудармашысы, Іле, Тарбағатай аймақтарындағы меншікті тілшісі болған. Қазақстандағы университетті бітіргеннен кейін «Ара – Шмель» журналында фельетонист-тілші, «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде бөлім бастығы, Қазақ теледидарында аға редактор, Қазақ КСР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің Бас редакциясында, «Жазушы» баспасында редактор, «Азамат», «Астана», «Астана дауысы»- «Голос Астаны» газеттерінде бас редактор қызметтері бойынша еңбек етті. 2000-2010 жылдары ҰҒА-ның М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында аға ғылыми қызметкер болды.
Құрбан айт – мейірімділіктің мерекесі
Аса қамқор ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын!
Исі мұсылман баласы­ның ең ұлық мерекесі – құрбан айтқа айдан аман, жылдан есен жеткізген Алла Тағалаға сансыз шүкірлер мен мақтаулар болсын!
Шерзод Пулатов: Медиаторлар одағын құру – қажеттілік
Медиация мен медиатор – бізге ежелден таныс ұғым. Билер дала заңымен төрелік айтып, дауға нүкте қоятын. Қай қоғамда да «Би екеу болса, дау төртеу болады». Жоғарғы соттың төрағасы Жақып Асанов: «Медиация институтын жетілдіру жұмысы жүйеленбеген. Медиацияны қолдану тек соттың жұмысы деп түсінеміз. Дауды сотсыз шешу әдісін білмейміз. Келісімге келу мәдениетіміз төмен. Осы кемшіліктерді жою үшін аймақтарда Татуласу орталықтарын ашып жатырмыз. Тағы бір себеп, бізде сотқа жүгіну өте арзан. Мысалы, ажырасуға талап арыз беру үшін теңгемен санасақ, Беларусьте – 15 мың, Украинада – 19 мың, ал Қазақстанда небәрі – 72 теңге. Әрине, осылай болған соң көбісі медиаторға емес, бірден сотқа барғанды жөн көреді» деп медиацияны дамыту мәселесін қолға алды. Күні кеше Қазақстан халқы ассам­б­леясы Медиаторлар одағын құруды ұсынды. Егер одақ құрылса, құрылымы қандай болады, кімдер медиатор болуға лайық деген мәселе төңірегінде Қазақстан хал­қы ассамблеясы Төра­ғасының орынба­сары, кәсіби медиатор Шерзод Пулатовпен әңгімелестік.
«Құтты мекен» құт әкеледі
Nur Otan партиясы жанындағы партиялық бақылау қызметінің басшылығы арнайы жұмыс сапарымен Көксу ауданында болып, аудан орталығы Балпық би ауылында салынып жатқан 50 және 20 пәтерлі тұрғын үй құрылысының барысымен танысты.
Бала тағдыры – ұлт тағдыры
Nur Otan партиясы жанынан құрылған Балалар құқын қорғау жөніндегі көшпелі сараптамалық жұмыс тобы Қостанайдағы бірнеше нысанды аралады.
Бірлігі бекем ел – бақытты
Тәуелсіздігімізді баянды ету барлық ұлтты, мемлекетті нығайтуға жұмылдыру арқылы, ынтымақтастық арқылы жүзеге асады. Ал сол  идеологияның басты діңгегі – патриотизм. Жастары мықты қоғамда өміршең, нақты мақсаттары бар ұтымды мінез-құлықтың прагматизмі жоғарылайды. Бұл орайда идеология  нақты межелерден туындаған  бағдарлы шынайы қажеттілікке жауап беріп қана қоймай, қоғамдық санаға, адамдардың ақыл-ойына ықпал ете алады.
Bolashaq жаңа жобасын таныстырды
Орталық коммуникациялар қызметінде Bolashaq қауымдастығының нетуоркинг және жастар ұйымдарының тәжірибе алмасуы жобасы мен Jastar Otanga инновациялық идеялар фестивалінің тұсаукесеріне арналған баспасөз конференциясы өтті.
Көлік полицейлері алғысқа бөленді
Қазақ елінің басты байлығы – халық. Ал халық тілегі – тыныштық пен әділдік. Осы ретте, халықтың бұл тілегін орындап, әділеттілікті ту етіп, аққа жақ болып жүрген сақшылардың қызметін ерекше атап өткен жөн. Ісіне адал сақшылар бүгінде қызметте қырағылық танытып, азаматтардың өмірін оттан да, судан да құтқарып жүр. Сонымен қатар түрлі қауіп-қатер, зорлық-зомбылық, ұрлық-қарлық жағдайында да полиция қызметкерлері қиындық пен қатерге қайыспай, қоғамдық тәртіпті сақтау үшін аянбайды.
Жастар жылындағы жарқын жүздесу
«Burabay Forum: Қазақ­станның халықа­ралық ынтымақтастығы» атты жас ғалымдардың ІІІ Ха­лықа­ралық форумы басталды. Алқалы жиынға Конституциялық кеңес төрағасы Қайрат Мәми де қатыс­ты. Қатысушыларға арналған алғысөзінде ол Қазақстанда жас ғалымдардың халықаралық форумын өткізу жақсы дәстүрге айналғанын атап өтті.
Мұсылманның бас сапары басталды
Бүкіл әлем мұсылман­дарының басы қосылып, бірліктің керемет көрінісіне куә ететін қажылық айы басталды. Қажылардың алғашқы тобы 30 шілдеде сапарға аттанған болатын. Парызын өтеушілер Қазақстанға 17-23 тамыз аралығында оралады. Биыл отандастарымызға жалпы саны 3 200 квота бөлінген.
Әкім және әлеуметтік желі
27 наурыз күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдерге әлеуметтік желіде белсенді болып, халықпен байланысын нығайтуды тапсырды. «Жыл сайынғы есеп беру жиындары – көзбояушылық. Халықпен күнде жұмыс істеу керек» деген Президент сөзінен кейін әлеуметтік желіде әкімдердің парақшасы көбейді. Біз облыс және  республикалық маңызы бар қала әкімдерінің Facebook-тегі парақшаларын шолып шығып, жергілікті билік өкілдерінің халықпен қарым-қатынасы қалай өзгергенін сараптап көрдік.
Күзетуді түзету керек
Бұған дейін түрмедегі тұтқындарға көрсетіліп келген зорлық-зомбылық туралы көп айтылса да, дәлел-дерегі жеткіліксіз болып,  жабулы қазан күйінде қалатын.
Інгенге келген індет
Атырау облысында  түйелердің қырылып жатқаны тіркелді. Теңіз мұнай-газ кен орны орналасқан Жылыой ауданының  Аққызтоғай ауылында, Құлсары ауданы орталығындағы жеке шаруалардың біраз түйесі аяқ астынан өліп қалған. Былтыр белгісіз індеттен Маңғыстау облысында әуелі түйе, сосын жылқы түлігі қырылған болатын. Атырау облысы Құрманғазы ауданындағы шаруа қожалықтарының бірінде бір жарым мың қой бір күнде жусап қалған еді. Төрт түлікке төтен тажал қайдан, неден келді?