"Айқын" газеті №123

"Айқын" газеті №123

Бұл нөмірден оқитындарыңыз:

Көркем жер көп
Жолыңыз болсын, жолбасшы!
Сарыарқаға сағынтып газ келеді...
Көлсайға кімнің көзі түсті?
Құр шатаққа құмарланып барамыз


Материалы номера
«Барыстың» бағы жанды
Елордада шайбалы хоккейден Қазақстан Президенті кубогының Х мерейтойлық турнирі мәресіне жетті. Қазақстан хоккей федерациясы мен Nur Otan партиясының қолдауымен өткен спорттық шараға ҚХЛ Шығыс конференция­сынан: Қазаннан «Ак барс», Уфадан «Салават Юлаев», Екатеринбург­тен «Автомобилист», Нижнекамскіден «Нефтехимик» және Нұр-Сұлтан қаласынан «Барыс» клубтары қатысты.
Берері мол – «қауіпсіз жол»
Бес күн ішінде жол жүру ережелерін бұзудың 2 725 дерегі анықталған. Қауіпсіздік белбеуін тақпаудың – 459, көлік жүргізіп келе жатып телефонмен сөйлесудің – 383 және жылдамдықты асырудың 298 фактісі тіркелді. Бұл – Солтүстік Қазақстан облысында өткізілген «Қауіпсіз жол» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасының қорытындысының нәтижесі.
«Батыр қоянның» хикаясы
Бала кезімізде Диснейдің бар ханшайымын бір картинадан көргіміз келетін. Дегеніміз «Ральф интернетке қарсы» мультфильмінде орындалды. Сіз қазақ ертегі кейіпкерлерінің бір арнада тоғысқанын қалайсыз ба? Онда Мейіржан Жылқыбай атты балалар жазушысының шығармашылығын бақылауда ұстаңыз.
«Қазақ емшілігі» – қажет кітап
Алматыда медицина ғылымдарының кандидаты, академик Қайрат Айдарханұлының «Қазақ емшілігі» атты екі томдық кітабы мен «Қазақ емшілігі энциклопедиясының» тұсаукесері өтті. 1979 жылдан бері медицина саласында еңбек етіп келе жатқан, талай жыл хирург болып жұмыс істеп, кейінгі жылдары ғұмырын бірыңғай қазақ емшілігіне арнаған жанның құнды еңбектері енді көпшілік үшін қолжетімді өнімге айналды.
Бір жағы – баладай, бір жағы данадай
Студенттік жылдарда жанымнан екі елі ажырамаған ең жақын достарымның бірі Шәкизада еді. Оқуға түскен күннен бастап, диплом алғанға дейін бірге жүрдік. Кейін де байланысымыз үзілген емес. Таныстығымыз 1970 жылы шілде айында басталды. Абитуриент едік. Қызылорда облысының Қармақшы ауданынан келген қарапайым, ақкөңіл жігіт мен сияқты мектепті жаңа бітіріп келген бозба­лаларды өзімен тең көретін. Әскерден жақында келген екен. Айтар әңгімесі көп.  «Үш жүзден астам мақала жаздым» деді бір күні.
Құр шатаққа құмарланып барамыз
Қазір әлеуметтік желі беттерінде дау-дамай көп. Оқып отырсаң, санасы жетілмеген, ой-өрісі дамудан артта қалған адамдарды көресің. Әйтеуір бір кінәлілерді тауып алып, барлығына басқа біреуді айыпты деп табу, жазғыру, сөгу, жер-жебіріне жету, «анау өйтпегенде мен бұлай болмас едім, анау сөйтпегенде осы болмас еді» деген уәжге толы. «Анау неге менен озып кетті» дейді, «мен неге одан қалып барамын, қалайда басып озуға тиіспін» деуге жігері жетпейді. Жалпы, біз өз әрекетімізді, әрбір ойымызды, түсіну, сезіну, ұғыну арқылы санамен басқарсақ, өз мәселемізді біреулерден көрмей немесе мемлекетке арта салмай, ісімізді қолға алып, өзіміз жауапты болып үйренген кезде ғана лайықты өмір сүре аламыз.
Мықты музей
Жамбыл Жабаев әдеби-мемориалды музейінің меңгерушісі Салтанат Жамбыловамен сұхбаттасып, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы бойынша «Қазақстанның киелі жерлер географиясындағы» 100 нысанның бірі болып анықталған аталған музейдің жұмысы, құрылу тарихы, «ХХ ғасырдың Гомерінің» ұлылығы мен әулиелігін   дәлелдейтін аңыз-әңгімелер туралы жан-жақты сұраған едік.
Құрыш білекті құрылысшыларға құрмет
Талдықорғанда құрылысшылар күніне арналған салтанатты жиын өтті. Басты мамандығы құрылысшы әрі ұзақ жылдар осы салаға жетекшілік еткен Алматы облысының әкімі Амандық Баталов әріптестерін кәсіби мерекемен құттықтап, үздік құрылысшыларды марапаттады.
Әр отбасы – назарда
«Қарашығанақ Петро­лиум Оперейтинг Б.В.» компаниясы Орал маңын­дағы аймақ тұрғындары­ның өмір сүру сапасын арттыруға арналған әлеу­меттік жобаларды іске асырады. Олардың ең ірісі – Березовка және Бестау ауыл тұрғындарын көшіру. Осы бір ауқымды көшіру туралы Үкімет қаулысы 2015 жылдың жазында Қарашығанақ мұнай газ конденсаты кен орнының есептелген сани­­тарлық-қорғау айма­ғын алдағы кеңейтуге байланысты қабылданға­нын еске сала кетейік. Жоба 2017 жылы аяқтал­ды. Осы бір қомақты мерзімге дайындық кезеңі де енген. Өйткені, ең алдымен, әр отбасының жағдайы ескерілген бо­ла­­тын. Бүгінде, қоныс­та­нушылар жаңа жерге жай­ғасқаннан кейін, кө­ші­­ру жұмыстары ха­лықа­ралық нормаларға толық сәйкестікте және заңна­маны қатаң сақтай отырып жүргізілгені сөзсіз айқын.
Расул Жұмалы, саясаттанушы: Қырғыз еліндегі жағдай шиеленісіп тұр
Қырғыз елінің бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев 26 тамызға дейін уақытша ұстау мекемесіне жіберілді. Мамыр айында Қырғыз Республикасының қазіргі президенті Соронбай Жээнбеков бұрынғы президенттерге қарсы қылмыстық іс қозғауға мүмкіндік беретін заңға қол қойған болатын. Артынша Атамбаевқа жемқорлық бабы бойынша айып тағылып, тергеуге шақырылды. Өзіне тағылған айыптаулардың «саяси астары бар» деген Атамбаев өзін «тергеуден кейін түрмеге жабады» деп күдіктеніп, полиция шақыртуын елеусіз қалдырды. 7 тамызда Қырғыздың күш құрылымдары Атамбаевтың Қой-Таштағы үйіне арнайы операция жүргізіп, экс-президентті қорғаған жақтастары мен арнайы жасақ арасында қақтығыс болған еді. Қантөгіске ұласқан оқиғадан кейін құқық қорғау органдары Қырғыздың бұрынғы президентін ұстап әкетті. Көрші мемлекетте болған ішкі шиеленістің себебі мен салдарын білу үшін саясаттанушы Расул Жұмалының пікірін сұрадық.
Көлсайға кімнің көзі түсті?
Алматы облысында табиғаты тамаша Көлсай, Қайыңды көлдерін білмейтін адам жоқ шығар?! Ерекше табиғатты қорғау мақсатымен 2007 жылы 7 ақпандағы Үкіметтің №88 қаулысымен «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі құрылған. Ұлттық парк құрылғалы Көлсай мен Қайыңдының сағасындағы Саты ауылының тіршілігі жанданып сала берді. 161 045 гектар аумақты алып жатқан паркте ауыл халқының басым бөлігі еңбек етеді. Аң-құс көбейген. 16 қар барысы мекендейтіні анық болғалы парктің дәрежесі де өскен. Келетін турист көп. 2017 жылы – 35 мың, өткен жылы 41 мың демалушы келіпті. Биыл сенбі, жексенбі күндері Саты ауылында қонақ үй табу мұң, туристің қарасы тіпті көп. Биыл көрсеткіш шамамен 1,5 есеге артуы мүмкін. Себеп – былтыр Көлсай көлдеріне асфальт жол салынған. Демалушы көбейген соң Саты тұрғындары толықтай туристерге қызмет көрсетуге көшкен. Жаңадан қонақ үйлер салынып, сырттан инвестиция келе бастаған. Табиғаты тамаша өңірде туристік бизнестің қарқыны артқан. Бір сөзбен айтқанда табыс бар. Алайда Көлсайдың оның ішінде «Көлсай көлдері» МҰТП-ның аты жақсы болғаны біреулерге ұнамайтын сияқты. Соңғы кезде ұлттық парк маңынан «қоқыс» іздеп, ақпараттық шабуыл жасаушылар пайда бола бастады.
Балаларға сөмке сыйлады
Мектеп жасындағы бүлдіршіндерге жаңа оқу жылы басталар алдында қуаныш сыйлап, оқушыларды керек-жарағымен қамтып келе жатқан акция биыл да жалғасын тапты. Nur Otan партиясының елордалық филиалы «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында «Балаларды мектепке дайындайық» атты шара өткізді.
Меморандумға қол қойды
Шымкентте Nur Otan партиясы Шымкент қалалық филиалы мен Шымкент  қаласының Adilet group заң консультанттар палатасы арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті.
Абай шыңына көтерілді
Алматыда қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай Абай шыңын бағындыру шарасы өтті. Шараны «Жас Отан» Жастар қанатының Алматы қалалық филиалы ұйымдастырды.
Көмек сұрай келгенге есік ашық
Nur Otan партиясы облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Үміт Ибраимова, облыстық мәслихаттың аудандық №17 сайлау округінен сайланған депутат Әлімбек Жұмабаев «Бауыржан Момышұлы» бастауыш партия ұйымында көшпелі қоғамдық қабылдау өткізді.
Партия филиалында жаңа басшы
Түркістан облысының әкімі, Nur Otan партиясы облыстық филиалының  төрағасы Өмірзақ Шөкеев филиал аппаратымен және бюро мүшелерімен жиын өткізіп, Nur Otan партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасарын таныстырды.
Сарыарқаға сағынтып газ келеді...
Түпкі мақсаты елордаға газ жеткізуді көздейтін «Сарыарқа» газ құбырының құрылысы қарқынды түрде жүріп жатыр. Сенімді дерек көзінің мәліметіне сүйен­сек, қазір тәулігіне 7-8 шақырым құрылыс жұмыс­тары атқарылуда. Дәл бүгінгі күнге дейін істелуі тиіс 1 063 шақырымның 531-і еңсерілген.
Жастар саны біраз азаяды
Қазақстанда 2021 жылы бұрын-соңды болмаған антирекорд орнатылмақ: жастардың саны шамамен миллионға азайғалы тұр. Осының салдарынан еңбек нарығына жаңадан қосылатын білікті жұмыс күшінің ағыны да Тәуелсіздік жылдарындағы ең төменгі межеге дейін құлдырайды.
Көркем жер көп
«Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» деген сүбелі туындылар халқымызды бір серпілткені рас. Қазақтың әр тасының астында тарих жатыр. Көрікті өңір, көркем жер де жеткілікті. Халқымыздың елдігін, байтақ даласының кеңдігін шет жұрттың өкілдеріне қалай көрсетіп жүрміз? «Біздерде мынадай бар» деп әлемге әйгілей алдық па?
Жолыңыз болсын, жолбасшы!
«Басшының бүгінгі бет-бейнесі қандай?» десе, не деп жауап берер едіңіз? «Қол астындағыларға қамқор» деп сипаттай аласыз ба? Сірә, мұндай көшбасшының көп болуы мүмкін емес.