"Айқын" газеті №126

"Айқын" газеті №126

Бұл нөмірден оқитындарыңыз: 

"Әліппеден" басталған даналықтың данасы
Мәртебеңіз биік болсын, мұғалім!
Алтын құйма сыйлау сән бе?
Еңбек майдангерлері қайда?
Біз неге жабайымыз?
"Түрксібті" тірілткен қыз 

Материалы номера
«Парасат мектебі» жұмысқа кірісті
Алматы облысында жаңа оқу жылынан бастап барлық білім ошағында «Парасат мектебі» жұмысын бастайды. Онда жас буынды сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға үйретіп, адалдыққа баулымақ. Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында журналистермен жолыққан жаңа жоба жетекшілері жаңалықтың жай-жапсарын, тиімділігін жан-жақты баяндауға тырысты.
«Түрксібті» тірілткен қыз
Наргиз Шөкенова – С.Герасимов атындағы Бүкілресейлік мемлекеттік кинематография институтының түлегі. Оқу бітірген соң, Қазақстанға келіп, Clique атты деректі фильмдердің фестивалі негізін қалады. 1929 жылы шыққан «Түрксіб» деректі фильмінің ремастерингін жасауға мұрындық болған жан.
Біз неге жабайымыз? Дала өртіне өзіміз кінәліміз
Биыл дала өрті қаулаған жыл болды. Жаз ортасынан ауа бере жер-жерде ана жерде өрт, мына жерде өрт деген хабар күнделікті жаңа­лық­қа айналды. Бұл да – қазақ даласы үшін көк­темдегі қара судың ауылдарды басуы сияқ­ты апат. Қайғылысы сол – адам өлімі де бар.
Өнер бәсекемен өседі
Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенті Бексұлтан Кенішқалиев Литвада өткен екі бірдей байқауда – XV Халықаралық «Паланга–2019» ән конкурсында Гран-при және The Voices Lithuania телевизиялық конкурсында да Гран-при, оған қоса  Šlagerių Karalius  («Шлягер королі») атағын жеңіп алды.
Цифрлы технология – дамудың кілті
Жуырда Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың мұң-мұқтажын түсінетін, проблеманы дер кезінде шешетін басқару жүйесіне көшу қажетін айтқан болатын. Өйткені мемлекеттік басқаруда азаматтар пікірін ескеру – қоғамның басты талабы.
Түркістан – кино әлемінде
Елбасы  Нұрсұлтан Әбішұлының Жарлығымен осыдан тура бір жыл бұрын Оңтүстік Қазақстан облысы – Түркістан облысы болып өзгеріп, орталығы Түркістан қаласына көшті. Сол кездерде қазақ рухы ту көтергендей ел іші ыстық лебіз, отты үмітке толды. Ақсарбас қой сойылды, ақсақалдан бата алды. Жуырда ғана осы облыстың бастамасымен «Төле би» сериалы жарыққа шыққан еді. Өткен жылы «Көне жетігеннің сыры» таныстырылды. Бұған елге белгілі кино және театр саласында жүрген мамандар не дейді?
Бойына сыр тұнған Зеренді
Өткен тарихымызды зерделеген «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру жұмыстары елімізде қарқынды түрде жүргізілуде. Солардың бірі де бірегейі Көкшетау облысы Зеренді ауданында да айтарлықтай орындалып жатыр. Мұнда неолит, палеолит, орта ғасыр, қола дәуірлеріне жататын 16 тарихи-мәдени мұра нысаны бар. Осы күні барлық аталған нысанда QR-код орнатылған.
Мойынқұмда ауылым
Кең-байтақ қазақ даласының әр аймағының әлі де ашылмаған сыры бар, әрбір өңірінің өзіндік орны да бар. Осыншама жерді ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен кеудесін оққа тосып қорғаған бабалар­дың рух күшіне қалай риза болмайсың!  
Жайын ұстағыш Жайынов
Батыс Қазақстан облысының Қазталов ауданына қарасты Қайыңды ауылының тұрғыны, кәнігі балықшы Асұлан Жайыновтың, әсіресе, жайын ұстап танымал болып жүр. Ол осыдан бірер жыл бұрын ауыл іргесіндегі Қараөзеннен әуелі 45 келі, кейін 90 келі жайын ұстап, жұрттың аузын аштырып, көзін жұмдырған еді. Қолы қанды балықшының үшбу жетістігі туралы сол кездері облыстық, республикалық газеттер жарыса жазған-ды.
Көшбасшы болуға дайынсың ба?
Назарбаев университетінде HPAIR – 2019 Asia Conference өтіп жатыр. Үздік студенттерге Азияның халықаралық мәселелері бойынша ашық форумға қатысуға мүмкіндік беретін 1991 жылы құрылған Гарвард университетінің Азия және халықаралық қатынастар факультетінің негізінде HPAIR жобасы ұйымдастырылған болатын. Конференция болашақ көшбасшылардың арасында  ұзақмерзімді өзара байланыстарды қалыптастыруға және олардың қазіргі әлемдік көшбасшылармен өзара іс-әрекетін дамытуға бағытталған.
Еңбек майдангерлері қайда?
Еңбек  ердің атын шыға­рады. Ертеңгі күніне сенім сыйлайды. Жаңа белеске көтереді. Кеңес Одағы кезінде ерен еңбегі үшін Социалистік Еңбек Ері атағы берілетін. Атаққа иелер күн-түн демей егіс даласында жүргендер, мыңғыртып мал айдаған­дар. Қарасаңыз, дені атақ­ты ауыл шаруашылы­ғы, агроөнеркәсіп сала­сын­да алған. Осыған қарап қазақтың икемді тұсын байқайсың. Сол жылдары ғылым мен техника да ауыл шаруашылығы арқылы дамыған деседі.
Сағынтаев одаққа барды
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Жазу­шылар одағында қаламгер қауыммен кез­десіп, қазіргі қазақ әдебие­тінің жай-күйі жайында әңгіме өрбітіп, одаққа алдағы уақытта қол­дау білдіретінін жеткізді.
Тұранның тарихымен танысты
Түркістанды тамашалауға әлемнің 10-нан астам мемле­кетінен журналистер келді. Тұран даласының тарихымен танысуды мақсат тұтып, тарихи топыраққа табан тіреген 20-ға жуық шетелдік БАҚ өкілі алдымен Арыстанбаб кесенесіне саяхат жасады. Арыс­танбаб кесенесіндегі көне жәдігердің архитектуралық ерек­шелігі мен тарихи мән-маңызы журналистердің қызы­ғушылығын оятып, таң-тамаша етті.
Құрылыс аяқталуға жақын
Nur Otan партиясы Түркістан облыстық филиалының Қоғамдық қабылдау бөлмесінде Арыс қаласындағы құрылыс жұмыстарының барысы туралы жауапты азаматтармен басқосу өтті. Оған Арыс қалалық мәс­лихатының хатшысы, мәслихат депутаттары, құрылысқа жауапты мекеме басшылары, партия белсенділері қатысты.
Көпбалалы отбасыларға көмек көрсетті
Nur Otan партиясының Алматы қалалық филиалының бастамасымен Жетісу ауданында ашылған «Бақытты отбасы» орталығында көпбалалы аналарға көмек беру мақсатында «Мектепке жол» акциясы өтті.
Тұрғындар өтінішін тыңдады
Жамбыл облыстық мәслихаты депутаттық фракциясының мүшесі Әлімбек Жұмабаевтың жетекшілігімен көшпелі қабылдау өтті. Қоғамдық қабылдауға Nur Otan партиясы Жуалы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Ахметова, аудандық мәслихаттың тиісті сайлау округінен сайлаған депутаттары К.Бегалиев, З.Сұлтанмұратов және ауылдық округ әкімдігінің жауапты мамандары қатысты. Отырыста бірқатар өзекті мәселелер талқыланды.
Партиялық бақылау жұмысы жақсарады
Алматы облыстық партия филиалында партиялық бақылау комиссиясының кезекті отырысы өтті. Жиынға облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалиасқар Сарыбаев, Сыбайлас жемқорлықпен күрес іс-қимылы жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы Серік Мұқанов, Мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Жеңіс Андабеков және комиссия мүшелері мен партиялықтар қатысты.
Жұмыссыздық жыры
Пойызда келе жатырмыз. Жа­нымдағы кішкентай қыз бойжет­кен­де кім болатынын қызыға баян­дауда. Өзінің би үйірмесіне барғысы келетінін, бірақ анасы гимнастикаға жаздырғанына шағымданды. Болашақта 6 жерде жұмыс істейтінін айтқанда таңғалдым. Неге дегенімде, «әкемнің сатушы болғанын, анамның оған ұрысқа­нын қаламаймын» деді. Еріксіз терезеге қарап ойланып қалдық.
Алтын құйма сыйлау сән бе?
Өткен жылдың 30 қарашасынан елдегі ақша айырбастау пункттерінде алтын құймаларды сатуға рұқсат етілгелі бері бұл металға қызығушылық бұрынғыдан да арта түскендей. Елдегі экономикалық тұрақтылық адамдардың қор жинауына мүмкіндік берді. Рас, күні кешеге дейін банктерде депозит ашып, валюта сатып алып, жылжымайтын мүлікке ақша құйса, енді өз жинақтарын инвестициялаудың тағы бір мүмкіндігі туды. Ол – алтын құймалар сатып алу.
«Әліппеден» басталған даналықтың данасы
Бұрындары мектепте «Әліппемен қоштасу» ертеңгілігі өтетін. 2016 жылы оқулықпен шынымен қоштастық. Орнын «Сауат ашу» басты. Білімнің бастауы, тәрбиенің мөлдірі «Әліппемен» бірге кеткендей күй кештік. Ендігі жеткіншек «Саққұлақ» күшіктің жырын, «Зығыр» әңгімесін оқымай ма деп қынжылдық. Тамыз конференциясынан сүйінші хабар жетті. 2021 жылдан бастап «Әліппе» мектеп бағдарламасына енеді.
Беттер: 1 2 Келесі