"Айқын" газеті №128

"Айқын" газеті №128

Бұл нөмірден оқитындарыңыз: 

Бәсекеге қабілетті адам - ректор
Алтын "сөрелер" азабы
Балқаштың жолы бағы ма?
Қазақта ақын қыздар көп, Фариза жалғыз

Материалы номера
Роза МҰҚАНОВА, жазушы-драматург: Қазақта ақын қыздар көп, бірақ Фариза – жалғыз
5-6-шы қыркүйекте Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында «Фариза» спектаклінің премьерасы өтеді. Осыған орай пьеса авторымен сұхбаттасқан едік.
Ысырап болған өнім неге оны пайдалануға тырыспаймыз?
Төрт түлік малды айтқанда, алдымен жейтін ет, ішетін сүт, киетін киім, теріден жасалған күрте не аяқкиім көз алдымызға келетіні рас. Бірақ біз соның қазіргі таңда тек етін ғана жеп, сүтін ішумен шектелеміз. Өйткені, бізде тері өндеу, жүн түту, сонымен бірге ішек-қарын тазалау деген ескінің сарқыншағы сияқты болып барады.
Brexit: Британияға қауіп күшейді ме?
Ұлыбритания Еуродақты келісімсіз тәрк етер болса, мемлекет азық-түлік, жанармай, дәрі-дәрмек жетіспеушілігі, бағалардың өсуімен бетпе-бет келеді. Бұл туралы Sunday Times басылымы жеке танысқан құжаттамада жазды.
Трамптың Huawei-мен ісі жоқ
АҚШ президенті Дональд Трамп Құрама Штаттардың қытайлық телекоммуникация­лық концерн – Huawei-мен ісі жоқ екенін ашық айтты. Алайда әкімшілік компания үшін жеңілдік кезеңін ұлғайтатынын хабарлады.
Путин мен Макрон келісімге келе ме?
Франция президенті Эммануель Макрон Брегансон айлағындағы жазғы резиденциясында Ресей басшысы Владимир Путинді қабылдады.
Гонконгтағы шеру: Үкімет диалогқа бейім
Адам құқықтары бойынша Азаматтық майдан 18 тамызда өткен Гонконгтағы жексенбілік қарсылық шеруіне 1,7 миллион адам қатысқанын хабарлады.
Түркиядағы тұтқындау: мэрлер қызметтен кетті
Түркия билігі ел аумағында тыйым салынған Күрдістанның Жұмысшы партиясымен байланысы бар деген айыппен үш қаланың мэрін қызметінен босатты.
Жүлде қоры қомақты
Жастар жылы аясында көптеген жобалар жүзеге асуда. Мақсат – жастардың жүрегіндегі Отанына деген махаббатты ояту. Осы арқылы туған жердің көрікті жерлеріне саяхаттар жүргізіп, мейлінше туристерді тартуды да басты міндет қылып қойған еді. Соның бірі  A kind heart қоғамдық бірлестігі қолға алған I’m from Qazaqstan видеороликтер байқауы болатын. Бұл жоба да мәреге жетті.
Оқу жылына дайынсың ба?
Жақын күндері білім ордалары оқушыларға есігін айқара ашпақ. Санаулы күндерден кейін ұстаздар қауымы жұмысын бастап, мектептерде оқу үрдісі қыза түспек. Сондай аймақтың бірі – Қызылорда облысы Арал ауданы. Сол жақтағы білім ордаларының жаңа оқу жылына әзірлігін, білім бөліміне қарасты мекемелердің жай-күйін, аудандағы күрмеуі көп саланың кездесетін ауқымды мәселелерін жан-жақты қарауға тырыстық.
Абырой биігіндегі азамат
Өзі де, өмірі де өзгеге өнеге боларлық жақсы ағалар тірлікте аса көп емес. Бірақ жоқ деп кесіп айту да қиын.
XXI ғасыр дерті
Қазіргінің баласы асық ойнамайды. Әжесінің ертегісін тыңдап, түрлі суретті ойын да құрастырмайды. Бүгінде қыстың үш айында ақ ұлпа қардан аққала соғып, шанамен сырғанайтын бүлдіршінді көру екіталай. Қалалық жер былай тұрсын, ауылдың қара домалағының өзі кеш батқанша далада жүріп, доп тебуден қалған. Оның себебі – бүгінгі технология. Яғни, ғалам торабы мен смартфон. Көпке топырақ шашпаймыз, бірақ ақиқат – осы.
Егіздер, бірақ туған күндері екі түрлі...
Оралда қос құрсақты жас ана егіз босанды. Бірақ үшбу егіздер бір-бірінен екі жарым ай айырмашылық­пен жарық дүниеге көрінді. Батыс Қазақстан облыстық перинаталды орталық директорының орынбасары Есет Ерәлиннің сөзіне қарағанда, мұндай анатомиялық ерекшелікпен босану фактісі 50 миллион әйелдің біреуінде ғана ұшырасатын көрінеді.
Бақыттың кілті – «Бақытты отбасында»
Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданына жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Даниал Ахметов аудан орталығы Көкпекті ауылында  көпбалалы отбасыларға, дәрігер­лерге, мүмкіндігі шектеулі жандарға және толық емес отбасы өкілдеріне 13 баспананың кілтін табыс етті.
Жеті адам партиядан шығарылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылғы 20 мамырда мемлекеттік органдардың басшыларымен болған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесте сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі бағыттарын белгілеп, қоғам дертінің тамырына балта шабудағы іс-қимыл мәселелерінде өңірлердің рөлін күшейту қажет екенін айрықша атап өтті.
Cолтүстікке қоныс аударды
Nur Otan партиясы Түркістан облыстық филиалы «Еңбек» бағдарламасы бойынша халық арасында ақпараттандыру іс-шарасын бастады. Партия өкілдері Елбасының бастамасымен 2015 жылдан бері жүзеге асып келе жатқан бағдарлама аясында халықты оңтүстіктен солтүстікке көшіру жұмыстарын насихаттау мақсатында басқосу өткізді.
Ата-ана да, балалар да дән риза
Nur Otan партиясының бастамасымен аз қамтылған және көп­бала­лы отбасылардан шыққан балаларға, жетім және ата-ана  қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек көрсету мақсатында «Мектепке жол» акциясы белсенді түрде ұйымдастырылып келеді. Еліміздің әр аймағында жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін республикалық қайырымдылық акциясына елорда кәсіпкерлері де атсалысып, іс-шараның жоғары деңгейде  өтуіне өз үлесін қосты.
Жаңа тағайындау – жаңа бастама
Nur Otan партиясы жанын­дағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің төрағасы қызметіне Омархан Өксікбаев тағайын­далды. Бұл туралы Партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Twitter-дегі парақшасында жазды.
Жамбылдан жеткен көш
Биыл Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қостанай өңір­­леріне Жамбыл облы­сынан 110 отбасы қоныс аудар­ған. 400-ге жуық жамбыл­­дық отбасы 2017 жылдан бері еліміздің солтүстігі мен шығысына көшіп барған.
Үштілді білім үмітті ақтай ма?
Мемлекеттік саясаттың ең маңызды бағыттарының бірі – тілді дамыту. Болашақта Қазақстанды бүкіл әлем үш тілді бірдей пайдаланатын жоғары білімді мемлекет ретінде тануы керек. Қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қарым-қатынас тілі, ал ағылшын тілі – жаҺандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі. Міне, осы тұрғыдан келгенде үш тілде оқыту – заман талабы. Десек те, үштілді оқыту жүйесі басталғалы қоғамның пікірі екіге жарылды. Бірі бұл бастама болашақтың алтын кілті екенін екенін алға тартса, енді бірі онсыз да ақсап тұрған ана тіліміз – қазақ тілінің мәселесі одан сайын күрделене түседі деп күмәнданды. Сондықтан бұл жерде біржақты пікірге бой алдырмай, мәселенің екі жағына да байыппен қарап, ортақ шешімді ұстану керек-ақ.  
Балқаштың бағы жолы ма?
Қазақ пен қазақ ұзақ жол үстінде кездесе қалса, әңгіме жібін тарқату оп-оңай. Бұл даланың қай түпкірінде келе жатсаң да, ауылдағы ағайыннан малдың жайын сұрасаң болды – «айшылық алыс жолға» жетер сөз дайын. Кей-кейде әңгіме жоқ жерден бастала кетеді. Бұрнағы жыл Лепсі жаққа жол тартқанда да селк-селк етіп отырып, айналаға көз тастағанда шаң астында көміліп қалып жатқан төрт түлікті әңгіме тиегіне айналдырғанбыз. «Өзге елдің баласы сияқтысыз», – дейді шопыр сәл қозғалақтап алып: «бұл топырақта жайылған малдың етін жеп көріп пе едіңіз?». «Жоға, бірақ төрт түлік қоңды сияқты». «Қоңды деген бер жағы, біздің малдың еті арық болса да, дәмді. Ал сүрленген еттің исі сонадайдан сүйреп әкеледі» деген тізгінші ұзақ та емес, қысқа да емес жолды тез еңсеретін себептің табыла кеткеніне қуанып кетті ме, көліктің жылдамдығын сәл баяулатты. «Арық еттің дәмді болатыны қызық екен» деуге өкпелетіп аламын ба деп, тіл қатпадым. Үнсіз қалғанымды келіспегенім деп ұққан болар, шопыр ағай сөзін дәлелдей түсті. «Бәрі де топыраққа байланысты ғой. Сортаңда тек мықты шөп өседі. Сортаңда өскен шөпті жеген малдың еті тұзды, демек дәмді, солай емес пе?» деп бас изетіп мақұлдатып алды да, сөзін ары қарай сабақтай түсті...
Беттер: 1 2 Келесі