Айқын газеті №67

Айқын газеті №67

  • Абай комитетте не істеді?
  • Шаргородский кім?
  • Қуғындалған Талжанов
  • Жапон императоры тақтан бас тартты

Материалы номера
Үш биге ескерткіш қойылады
Биыл – Ұлы дала дана­ла­рының бірі Әйтеке би Бәй­бек­ұлының 375 жылдық мерей­тойы. Бұл айтулы дата  Мәдениет және спорт министрінің 2018 жылғы
25 тамыздағы №228 бұйрығы бойынша 2019-2021 жылда­ры өткізілетін  мерейтойлар мен атаулы күндердің тіз­бе­сіне енген. Аталған шара­ға байланысты Әйте­ке би Бәйбекұлының 375 жыл­­дық мерейтойына орай, ұлттың ұлы билері Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билерге орнатыл­ған ескерткіштің салта­натты ашылуы болды.
Өткен күннен бір белгі
Ұлттық ғылыми кардио­хирургия орталы­ғында ерекше кеш өтті. Жеңіс күні қарсаңында орталық емде­лу­шілері мен ән­сүйер қауым класси­ка­лық концерт тама­шала­ды. «75 жыл­дан кейін­гі кездесу» музыкалық кешіне «Астана Опера» театрының музы­кант­­тары қатысты. Биыл Ленинград қоршауы­ның бұзылғанына 75 жыл толып отыр. Концерттің несімен ерекше еке­нін толығырақ тарқа­тайық.
Жапон императоры тақтан бас тартты
Жапония императоры Ахикито Токиодағы император сарайында өткен салтанатты жиында тақтан кететінін мәлімдеді. Ол – Жапония тарихында көзі тірісінде биліктен бас тартқан алғашқы монарх. ВВС-дің хабарлауынша, 85 жастағы Ахикитоның  жоғары лауазымнан кетуіне денсаулы­ғының нашарлауы себеп болған.
Ерте ексе – егін мол
Адам баласы тамақ­сыз өмір сүре алмайды. Біз Алла Таға­ла­ның бер­ген брендін бидай­ды биыл дұрыс өндіру керек екенін, өткенде ауыл шаруа­шы­лығы бұрынғы жыл­дары қалай дамы­ға­нын, келешекте не істеуіміз керектігі жөнін­де қысқаша мағлұ­мат берген болатынмын.
Қуғындалған Талжанов
«Бір жазушының шөбересі атасының мұрасын жинағысы келеді. Соған сенің көмегің қажет» деп банкте істейтін құрбым хабарласты. «Атасының мұрасын неге елден іздейді?» деп әуелде таңданғанымыз рас. Сөйтсек, Дана Талжанованың атасы мен әжесі екіге айрылып кеткен соң, ұзақ жылдар бойы атасы туралы естімеген де, білмеген де екен. Бастысы, Талжанов деген фамилияны иемденіп жүрген есті қыз өзінің тамырына, түбіне қайта оралғысы келіпті.
Белгілі жазушы, ғалым, аудар­ма­шы Сәйділ Талжановтың шөбе­ресі Данамен осылай таныстық. Дананың өтініші бойынша, Сәйділ Талжановқа қатысты бүкіл дерек­тердің бәрін сүзіп шықтық. Жазу­шы туралы білген, естіген, зертте­ген ғалымдардың да шығар­ма­лары­­мен танысуға тура келді. Сонымен, Талжанов туралы не біле­міз?  Биыл қаламгердің туға­нына – 113 жыл. Ол «Халық жауы» атанып, өмірінің 19 жылын түр­меде өткізсе де тағдырдың сынына қайыспаған жан. Түрмеден кейін бостандықта 15-ақ жыл өмір сүріп­ті. Сол 15 жылдың әр күнін, әр сәтін құр жібермей, тиімді пайда­ла­нуға тырысқан екен. Ол да  қуғын­далған, азап шеккен, тағдыр тауқыметін бір кісідей арқалаған зұлмат жылдардың өкілі. Осы жұрт Сәйділ Талжановты біле ме екен? Бәлкім, оның қазақ әдебие­тіне қосқан өлшеусіз үлесі туралы бейхабар да шығар.
Ауыл-аймақты араламақ
«Денсаулық» пойызы Алматыдан аттанды. Сәуірдің 29-нда басталған ұзақ жол жыл соңына дейін жалғасады. Шалғай аймақ­тар мен кішігірім станция­лардың ұзын саны – 195. Міне, сол аумақтың барлығы қамтылып, тегін медициналық көмек көрсетіледі. Мұндай жоба сонау 2010 жылы бастау алып, күні бүгінге дейін жемісті нәтижелерімен қуантып келеді.
Өзара пайда ғана одақты нығайтады
Үкімет басшысы Асқар Мамин Армения астанасы Ереванда өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңес оты­рысына қатысты. Жиынға Ресей премьері Д.Медве­дев, Беларусь премьері С.Румас, Армения премьері Н.Пашинян, Қырғызстан премьері М.Абылғазиев және Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Т.Саркисян да қатысты.
Хорватия вице-премьерін қабылдады
Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Қазақстанға алғаш рет ресми сапармен келген Хорватия Республи­касы премьер-министрінің орынбасары, Сыртқы және еуропалық істер министрі Мария Пейчинович – Буричпен кездесті.
Шаргородский кім?
1901 жылы 7 қазанда Киев қаласында туған дирижер-композитор Леонид Шаргородскийдің Қазақстандағы шығармашылық қызметі туралы жазған авторлар көп емес. Замандастары А.Жұбанов бірнеше мақаласында арнайы тоқталып, ілтипатпен атын атап өтсе, Л.Хамиди еңбектерінен де оның есімі ара-тұра ұшырасады. Әдейі арнап жазған мақала тек Бисенғали Ғизатовтың «Академик Ахмет Жубанов», «От кюя до симфонии», «Казахский оркестр имени Курмангазы» еңбектерінде кездеседі. Әуелгі екі кітапта бір мақала түгелге жуық қайталанса, соңғы кітапта толықтырып жазған.
Баспана құрылысының қарқыны әлсіз
Дариға Назарбаеваның төрағалығымен өткен отырыста Жоғарғы палата заңнамаға тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша түзетулерді қабылдады. Бұл құжат сенаторлар арасында қызу пікірталас тудырды.
Бес әлеуметтік бастама талқыланды
Нұр-Сұлтан қаласындағы Radisson қонақүйінде Қазақстан Республикасы Президентінің бес әлеуметтік бастамасының жүзеге асу барысын қадағалайтын қоғамдық кеңестің жиыны өтті.
Абай комитетте не істеді?
Заманында Семей өңірі Патша үкіметінің колониялық өлкелерінің бірі болғаны баршаға аян. Бұл қалаға Ресейдің түкпір-түкпірінен «саяси қылмысы» үшін айыпталғандар жер аударылды. Олардың Семейге келуі бір жағынан жұғымды болды. Қуғындалған қайраткерлер қол қусырып қарап отырмай, аймақтағы мәдени һәм ғылыми орталықтардың, түрлі ұйымдар мен мекемелердің құрылуына атсалысты. Сондай мекемелердің бірі 1878 жылы іргесі қаланған Семей облыстық Статистикалық комитеті болатын. Статистикалық комитет не үшін құрылды? Ол қандай қызмет атқарды? Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы бұл комитетте не істеді?
«Асыл Бөбектегі» жүздесу
Мәжіліс депутаттары мен Nur Otan партиясының мүшелері Светлана Унжакова, Евгений Козлов және Василий Олейник елордадағы № 64 «Асыл Бөбек» мамандандырылған балабақшасына барып, орталықтың тыныс-тіршілігімен танысып қайтты.
Бұршақтұқымдас дақылдар алқабын кеңейту қажет
Мұрат БАЙТҮГЕЛҰЛЫ,
Қазақ мал шаруашылығы және азық өндірісі ғылыми-зерттеу институтының жетекші ғылыми қызметкері:
Ырыс пен ынтымақ ұйытқысы
Кейде тіпті ел ағаларының өздері «Біртұтас ұлт құрып жатқанда, қоғамның алуантүрлілігін паш ететін Қазақстан халқы ассамблеясы керек пе?» деп сұрақты «төтесінен» қойып жатады. Бірақ бұл сұрақ шынында білместіктен, мәселенің байыбына бармаудан туындауы мүмкін. Өйткені халқымыз біртұтас болуы, оның әрбір мүшесі ұлты мен дініне қарамастан, Отанында жүргенін сезінуі үшін де ассамблеяның қызметі маңызды.
Ассамблея – бейбітшілік пен келісімнің шынайы шырақшысы
Қазақстан үшін тұрақтылықты, этноса­ралық келісімді қамта­масыз ету – мемлекет­тік саясаттың маңызды басымдықтарының бірі. Тәуелсіздіктің алғаш­қы жылдары беделді халықаралық сарапшылар Қазақ­стан­ның этностық және діни қақтығыстар салдарынан ыдырап кетуі мүмкін деген болжамдар айтқанын көпшілік ұмыта қойған жоқ. Бірақ мұндай пессимистік болжам­дар орындалған жоқ.
Жаңа әлемдегі жастар келбеті
Nur Otan партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевтың қатысуымен #NurOtanPikir еркін пікірталас алаңының кезекті отырысы өтті. Онда қатысушылар «Жаңа әлемдегі жастар келбеті» тақырыбында ой қозғап, еліміздегі бүгінгі жастар саясаты, осы салаға мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау және бүгінгі жас буынның бағыт-бағдары жайында сөз өрбітті. Отырысты ғалым, Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі жүргізді.
Дәрігерлермен кездесті
Жұмыс сапарымен мәжіліс депутаттары, Nur Otan партиясы фракциясының мүшелері Глеб Щегельский, Александр Суслов және Ольга Шишигина, Светлана Бычкова, Аманжан Жамалов Павлодар облысына барды. Сол күні Nur Otan партиясы Павлодар облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Николай Дычконың қатысуымен Павлодар облыстық кардиологиялық орталығының медицина қызметкерлерімен кездесу өтті.
Мәжіліс депутаттары – Ақмолада
Мәжіліс депутаттары аймақтарға арналған іссапары кезінде сайлау­шылармен кездесіп, Елбасы Н.Назарбаевтың әлеуметтік бастамалары­ның орындалу барысымен танысты.
Анна – чемпион
Алматыдағы №70 мектепте оқитын балалар үйінің тәрбиеленушісі Анна Водолазова Біріккен Араб Әмірліктерінде джиу-джитсудан жасөспірімдер арасында өткен әлем чемпионатында топ жарды.
Беттер: 1 2 Келесі