Айқын газеті №75

Айқын газеті №75

Бұл нөмірден оқитындарыңыз:

  • Мәдени шеңбер маңызы
  • Жау жоқ деме – мониторда
  • Асыл аға айнымас
  • Үнділер оңтүстікте тау-шаңғы курортын салмақ.

Материалы номера
Үнділер тау-шаңғы курортын салмақ
Түркістан облысында қолға алынған ірі жобалардың қатарына тағы бір жақсы жоба қосылмақ. Атап айтқанда, Үнді елінің компаниясы «Қасқасу» тау-шаңғы курортын салып, соған лайықты қонақүй мен инфақұрылым жүйелерін тартпақ. Бұл туралы Алматы қаласында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев және Chaudhary Group (CG Global) трансұлттық компаниясының басқарма төрағасы Бинод Чаудхари мен атқарушы директоры Варун Чаудхаримен кездесу барысында мәлім болды.
«Жетісу бөрісі» темір тұлпарды тізгіндеді
Аламаны елді елеңдетіп, жыл сайын қазақ күресінің миллиондаған жанкүйерінің делебесін қоздырып, осынау белдесу түрін таңдаған мықтылардың намысын қайрайтын «Қазақ барысы» республикалық турниріне аймақтардан қатысатындарды іріктеу бәсекелі болып тұр. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жүлдесі жолындағы ақтық сынға қатысу құрметіне ие болу жолындағы жарыстарда жасындай жарқылдап, арыстандай арпалысқан апайтөс жігіттердің Жетісу жеріндегі сынағы да шиеленістігімен жұрт жадында қалды. «Жетісу бөрісі» атанып, облыс атынан «Қазақстан барысы» турнирінде өнер көрсету үшін болған бозкілем үстіндегі жан алып, жан беріскен белдесулерге 40 балуан қатысты. Аудан, қалалардағы жарыстарда  оза шапқан жігіттердің осалы болмады.
Мейірбике жаңа кәсіпті таңдады
Қазір өз ісін бастаймын деген жанға жағдай да, қолдау да бар. Айнала ортаны зерттеп, зерделеп, халықтың сұранысына лайық кәсіптің көзін ашсаң, елге пайдаң тиіп қана қоймай, табысың да артып, жерлестеріңнің алғысына бөленесің.
Майлинге арнап марка шығарды
«Қазпошта» АҚ көрнекті жазушы, қазақ әдебиетін қалып­тастырушылардың бірі, ақын әрі драматург Бейімбет Май­линнің 125 жылдығына ар­нап 5 миллион дана пошта мар­касын шығарды. Авторы – «Қазпошта» АҚ техникалық редакторы Іңкәрімай Оңғарбай. Марканы таныстыру рәсіміне белгілі тұлғалар, БАҚ өкілдері мен жазушының ұрпақтары қатысты.
Асыл аға айнымас
Қазақтың әдемі бір сөзі бар: «Асыл адам айнымас» деген, бұл тегінде адамдық қасиет-қалыбымыздың парасатты бағамы; мына өмірде өзінің сөзі мен ісі қатар қабысып, өмірлік өнегесі арқылы өз ұстанымынан ешқашан айнымайтын адамдар бар, сондай жандар кейде көктегі Темірқазық жұлдызындай өмірі бір орнынан табылады; соққан желдің, аққан селдің ыңғайымен кетпейді, солардың азаматтық болмысын танығанда, кісілік келбетін көргенде көңілің қарадай жүріп толады. Тап осы қалыптағы адам кім десе, еш ойланбастан Марат Тоқашбай деп айтар едім.
Еуразия кеңістігі жаңа кезеңге өтті
Мемлекет үшін маңызды мәселелер үкімет деңгейінде ғана емес, сарапшылар деңге­йін­де де талқыланып, шешілуі тиіс. Бұл пікірді Нұр-Сұлтан қаласында өткен Қазақстан – Ресей сарапшыла­рының ІІІ фо­­румына қатысқан экономис­тер мен саясаттанушылар айтты. Биылғы форум аймақтық және саяси мәселелерді қарастырды.
Бюджет түсімін көбейтеді
Астана экономикалық форумы аясында Нұр-Сұлтан қаласында Еркін экономикалық аймақтар бойынша Дүниежүзілік кеден ұйымының өңірлік форумы басталды. Жиын қатысушылары сауда-саттық рәсімдерін жеңілдету, кедендік бақылауды жеңілдету, Еркін экономикалық аймақтағы (ЕЭА) сауда-саттық төңірегінде пікір алмасты.
Өмір дастаны
Жақсы кітап – жан азығы. Рас сөз. Іздегеніңді, білгің келгенін, кейде тіпті сырласыңды да кітаптан табасың. Рухани дүниеңді байытып, ойыңа ой қосатын да, жан-жүрегіңді тебірентетін де осы кітап.
Жақында қолымызға тиген Кенжетай Батырбекқызының «Дәуір дәрісі» кітабы оқырманға ой салып, жол сілтейтін ойлы кітап қатарында екен. Оқыдық, пікір білдіруді парыз санадық.
Отандық өндірісті оффтейк-келісім көтереді
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы бірер күн бұрын отандық бизнесті бірге дамыту туралы келісімге қол қойды. Қордың басқарма төрағасы Ахметжан Есімов пен «Атамекен» ҰКП президиумының төрағасы Тимур Құлыбаев қол қойған келісімшарт өндірістік кәсіпорындарға Қор компанияларымен ұзақ-мерзімді келісімшарт жасауға, бизнестің дамуын қамтамасыз етуге және отандық өндірушілерді қолдау үшін тиімді шешім қабылдауға бағытталған.
Берік отбасы – мемлекет тірегі
Шымкент қалалық «Жастар ресурстық орталығында» халықаралық отбасы күніне орай партияның «Бақытты отбасы» жобасы аясында «Берік отбасы – мемлекет тірегі» мерекелік іс-шарасы өтті. Оған қала тұрғындары, сот органдары мен медиация қызметінің өкілдері және жас отбасылар қатысты.
Ешкі өсіру қолдауға зәру
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжамы бойынша қазіргі заман «аллергия ғасыры» саналады. Статистикаға сәйкес, жер бетіндегі әрбір бесінші адам аурудың осы түрінен зардап шегуде. Жыл сайын аллергияға шалдығу ауқымы орта есеппен 15-20% артады. Осы орайда аллергия туындатпайтын өте сирек өнімнің бірі ешкі сүті екені анықталған.
Құқықтық кеңес берді
Nur Otan партиясы Орталық аппаратының республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде Әділет министрі Марат Бекетаев тұрғындарды қабылдады. Іс-шараға Nur Otan партиясы Респуб­ли­ка­лық қоғамдық қабыл­дау бөлмесі меңгерушісінің орынбасары Арыстанғали Сансызбаев және әділет құрылымдарының басшылары, заңгерлер палатасының мамандары мен мемлекеттік орган­дардың өкілдері қатысты.
Сенімді өкілдер – ауылда
«Ұлт тағдыры» қозғалысы ұсынған кандидат Әміржан Қосанов штабының  сенімді өкілдері Көкшетау қаласының маңындағы  Красный Яр және Нұрлы көш ауылдарына келді. Нұрлы көш – бүкіл Қазақстаннан көшіп келген тұрғындары бар жаңа ауыл.
Жерлестерімен дидарласты
Қазақстан Коммунистік Халық партиясының атынан Қазақстан президенттігіне ұсынылған кандидат Жамбыл Ахметбеков Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығында сайлаушылармен кездесті.   Кандидат Ж.Ахметбеков қарапайым адамдардың әлеуметтік жағдайын жақсартуды көздеп отырғанын, еңбек адамы жоғары жалақы алуға және лайықты өмір сүруге тиіс екенін айтты.  
Шаруашылықты қолдауға шақырды
Қазақстан азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қабілетті агродержаваға айналуы керек. Ал, ауылды қолдау әлемнің жетекші елдерімен тең болуы тиіс. Президенттікке үміткер Төлеутай Рақымбеков бағдарламасындағы осы және өзге де тетіктер бүгін Ақмола облысының жұртшылығына таныстырылды.
Жастармен жүздесті
«Ақ жол» партиясынан Қазақстан Республикасы президенттігіне үміткер Дания Еспаеваның Батыс Қазақстан аймақтық штабы мүшелері Орал қаласында  оқытушылармен және студенттермен кездесті. «Зенит» мәдениет үйінде өткен жиынға 500-ден астам жас қатысты.
Қауіпсіздік техникасын тексерді
Кәсіподақтар федерациясы ұсынған үміткер Амангелді Таспиховтың сенімді өкілдері Түркістан облысының табиғаты тамылжыған Түлкібас ауданында болды. Социалистік Еңбек Ері Мәнтай Жарымбетов атындағы ауылда Гүлхан Жарымбетованың шаруа қожалығында сайлаушылармен кездесті.
Щучинскідегі кездесу
Қазақстан президенттігіне үміткер Сәдібек Түгел Щучинск қаласында сайлаушылармен кездесті.   «Ұлы дала қырандары» мәдени-әлеуметтік қозғалысының атынан президенттікке үміткер С.Түгел  қоғамдық жұмыстары, жастарды отансүйгіштікке баулудағы бірлестіктің жұмысы жайлы әңгімелеп, қатысушылар қойған сауалдарға жауап берді.
Ақмола мен Қызылжарға барды
Қазақстан президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабының үгіт-насихат жұмыстары Ақмола облысында жалғасты. Жергілікті Азаматтық қоғам институттары өкілдерімен кездесуде штаб мүшелері Қ.Тоқаевтың Елбасының ең сенімді серігі екеніне назар аударды.
Атом қаруынан түбегейлі бас тартты
Ядролық қаруға тыйым салу туралы шарт мақұлданды. Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен палатаның жалпы отырысында депутаттар бірқатар ратификациялық заң жобаларын құптап, Сенатқа жолдады.
Беттер: 1 2 Келесі