Айқын газеті №81

Айқын газеті №81

Бұл нөмірден оқитындарыңыз:

  • Алтын ұяң үшін не істей аласың?
  • Түлектерге тілеріміз – сәттілік
  • Смағұл Елубаев: Тіл жұлдызы жанбай, ел жұлдызы жанбайды
  • Соқпақбаевты ешкім алмастыра алмайды
  • Дала дидары

Материалы номера
Сенімді өкілдермен кездесті
Қазақстан президентіне үміткер Әміржан Қосанов Нұр-Сұлтандағы республикалық штаб кеңсесінде сенімді өкілдерін қабылдады. Кандидаттың республикалық штабына келуші көп болды. Сондай-ақ қатысушылар платформаның негізгі бағыттарын атап өтіп, құжатты толықтыруға қатысты  идеяларымен бөлісті.
Жастармен жүздесті
Қазақстан президентіне үміткер Ж.Ахметбековтің өкілдері Ж.Нұрәлиев пен «Халық коммунистері» фракциясының депутаты И.Смирнова Тараздағы облыстық қазақ драма театрында қаланың белсенді жастарымен және «Тараз қалалық Қазақстан Коммунистік жастар одағының»  өкілдерімен кездесті.
Веломарафонға қатысты
«Ауыл» пар­тиясының үміткері  Тө­леутай Рақымбеков елордадағы «Бо­та­ни­калық саябақта» веломарафонға қатысты. Прези­денттіктен үміткер үнемі салауатты өмір салтын насихаттап, спорт­пен тұрақты шұғылдану керегін айтады. Әсіресе, жас толқынның осы бағытта белсенді болғаны маңызды дейді.
Құн салығын төмендетсе...
«Ақ жол» партиясынан президенттікке үміткер Дания Еспаева Көкшетау қаласында «Қазақстандық Агро Инновациялық Корпорация» ЖШС ұжымымен кездесті. Кандидат компания жұмысымен танысып, ұжымға сайлауалды бағдарламасының кәсіпкерлікті ынталандыруға арналған негізгі тұстарымен таныстырды.
Уақыт талабымен үндес ұсыныс
Қазақстан перзидентіне кандидат Амангелді Таспиховтың Жамбыл облыстық аймақтық штабының жетекшісі М.Төлепберген  облыстағы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының аудандық комитеттерінің төрағаларымен кездесті. Облыстағы ең ірі салалық кәсіподақ ұйымдары бұл сайлауға ұйымшылдықпен қатысуға ниетті.
Мақсат – ұлтқа қызмет ету
Қазақстан президентіне кандидат Сәдібек Түгел  Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің  «Шапағат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында болды.  Үміткер Сәдібек Түгел Орталықтың мәжіліс залына жиналғандарды  сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.
Қоғамдық штаб – Түркістанда
Қазақстан президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық қоғам­дық штабының мүшелері өткен жұма күні Қызылорда облысына барды. Бірқатар еңбек ұжымымен кездесіп, кандидат Қ.Тоқаевты қолдау мақсатында өткен жақтастар форумына қатысты.
Аманаттың алғашқы нәтижелері
Нұр-Сұлтан қаласында «Аманат» сайлауға бақылау жүргізу бойынша азаматтық платформасы баспасөз жиынын өткізіп, атқарған жұмысының кезеңаралық қорытынды­сын таныстырды.  Биыл 22 сәуірде жұмысын бас­таған қоғамдық ұйым­ның бөлімшелері Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен 14 облыс орталығында ашылған. Аз уақыттың ішінде 424 шара өткізген ұйым өкілдері алдағы президент сай­ла­уында теңдік, саналы таңдау, әділдік, келісім мен сенім қағидаларының бұзылмауын қадағалайды.
LRT құрылысын бақылады
Үкімет басшысы Асқар Мамин елорданы жұмыс барысымен аралады. Оның барысында Премьер бас қаланың ірі көлік жобаларының, атап айтқанда Нұр-Сұлтан қаласының Оңтүстік-Батыс айналма автомагистралінің және LRT желісінің құрылысын тексерді.
Ынтымақтастық жөніндегі басқосу
Алматыда Қазақстан Республикасы Парла­мен­ті­нің Сенаты мен Ресей Фе­дерациясы Федерал­дық Жиналысы Федера­ция кеңесі арасындағы ­Ынты­­мақтастық жөніндегі ко­мис­сияның 14-отырысы өтті.
Елбасыға «құрметті сенатор» мәртебесі беріледі
Дариға Назарбаеваның төрағалығымен өткен Парламент Сенаты Бюросының отырысында палатаның 30 мамырда болатын отырысының күн тәртібі белгіленді.

Батырдың есімі берілді
Ақтөбедегі №62 орта мектепте «Менің төрешілерім – уақыт пен халық» атты дөңгелек үстел өтті. Жиынға Ақтөбе қаласы әкімдігінің өкілдері, тарихшы ғалымдар, жоғары оқу орны мен мектеп мұғалімдері және  оқушылар қатысты.
Индерде іргелі істер жүзеге асуда
Индер ауданы – Атырау аймағындағы іргелі, халық көп шоғырланған аудан. Оның жерасты байлығында есеп жоқ. Индердің ас тұзының өзі жергілікті халық үшін бренд болып, сауда айналымында табыс әкелуде. Бүгінде ауданның экономикасы мен әлеуметін дамыту мақса­тын­да өндіріс орындары ашылып, жергілікті тұрғындар жұмысқа тартылып жатыр.
«Арманға жол» жалғасын табады
Биыл жетім және ата-ананың қарауынсыз қалған балалар арасында футболдан Қазақстан чемпионаты алтыншы рет өтеді. «Арманға жол» деп аталатын әлеуметтік жобаны Nur Otan партиясы, Білім және ғылым минис­трлігінің балалар құқығын қорғау комитеті, Қазақстан футбол федерация­сының қолдауымен Baurzhan foundation жекеменшік қоры ұйымдастырады.
Ұлы даланың көне сарындары
Nur Otan партиясының 20 жылдығына орай барлық өңірде өтіп жатқан «Ұлы даланың көне сарындары» атты дәстүрлі музыка фестивалі Маңғыстауға жетті.
Соқпақбаевты ешкім алмастыра алмайды
«Бір елдің мәдениетін жою үшін алдымен оның кітапханасын құрту керек. Сонда халықтың мәдени өмірі өзінен-өзі сөніп қалады» депті академик Дмитрий Лихачев. «Құндылықтар жоғалған заманда кітап оқу мәдениеті де қалады» деген тәмсіл бар. Кім білсін?! Соңғы жылдары зерттеушілер бұл сөздің растығына көз жеткізіп келеді. Сонымен, кітап неге құндылық болудан қалды? Шын мәнінде, оқырман кітапханадан, кітап оқырманынан айырылып қалды ма? Сейсенбінің бүгінгі сауалы осындай!
Мақсатымыз – үйді артық заттан босату
Ардақ Әбіжанов Қазақстанға алғаш селф-сторадж жобасын енгізген. Жеке сақтау қоймасы қызметі Еуропа мен АҚШ-та үлкен сұраныста. Адамдардың үйін, пәтерін, балконын артық заттардан босатуды қолға алған ол әріптесі Алмаспен бірге ZIP Sklad жобасын бастаған. Алматылық жігіт UIB, Warwick Business School бизнес мектеп­терінде білім алып, SB Capital және Ордабасы груп мекеме­лерінде жоғары қызметте бол­ған. Бала кезінен кәсіппен айналысуды мақсат еткен ол жолдастарымен одан басқа Mama’s , Evolve секілді жобалар­дың негізін қалаған. Жұмыстарымен танысу мақсатында кәсіпкермен әңгілесудің орайы келді.