"Айқын" газеті №125

"Айқын" газеті №125

Бұл нөмірден оқитындарыңыз:

Түнердің неге, тұтынушы?
Селден келген сергелдең
Сұлудың көз жасындай Жезбұғаны құтқарайық!
Жәнібеков аманаты 
Еске алу терепиясы


Материалы номера
Қаржы – қолбайлау
Ақтау қаласында автоматтандырылған велосипед жалға беру жүйесінің жұмысы тоқтады. Бір жыл бойы Ақтау тұрғындарына экологиялық таза көлік түрін ұсынып келген Velocity.kz қоғамдық қоры жоба жұмысының жалғасын таппауын қаржының болмауымен түсіндірді.
Еске алу терапиясы
Адам өмірі саяхат тәрізді. Түрлі әсер сыйлайды. Кейбірін мәңгі есте сақтағың келеді. Сонымен байланысты дүниеге қайта үңілесің. Ол музыка, фильм, тіпті жай ғана зат болуы мүмкін. Психология мұны арнайы қарастырады. Есіңде қалғанды қайта жаңғырту – денсаулық­қа пайдалы.  
Спорт деген бір сиқыр, ал осы саладағы жемқорларды кім дейміз?
Спорт десе ішкен асын жерге қоятын халықпыз. Әсіресе, олимпиада мен әлемдік жарыстарда ұландарымыз жеңіс тұғырына көтеріліп, көк туымызды көкке желбіретіп, әнұранымыз шетелдік ареналарда ойналғанда мақтаныш кернеп, көзге қуаныштың ыстық жасы үйіріледі. Ол – қаншама жылын сарп етіп, жеңісті жолға талпынған спортшының маңдай тері арқылы келген еңбектің жемісі.
Директорлар жүздесуі
Елорда әкімі Алтай Көлгінов жаңа оқу жылы қарсаңында мектеп директорларымен кездесті. Қала басшысы халықтың өсуіне байланысты әлеуметтік нысандарға жүктеме артып келе жатқанын атап өтті.
Жәнібеков аманаты
2018 жылдың маусым айында Елбасының  Жарлығымен Түркістан облысы құрылып, Түркістан қаласын  жалпы түркі әлемінің мәдени-рухани орталығына айналдыруға нақты қадам жасалды. Бұл тарихи мәні мен маңызы зор шешім бүкіл түркі жұртын елең еткізіп,олардың санасындағы байыр­ғы түркілік тамырын жаңғыр­тып, ата қоныс­қа деген пер­зент­тік сезімін оя­тып, рухы мен ме­ре­йін асқақтатқаны рас.
Сұлудың көз жасындай Жезбұғаны құтқарайық!
Батыс Қазақстан облысына қарасты Теректі ауданының аумағында Жезбұға атты көл бар.
ҚазТрансОйл жастарының форумы өтті
Ақтау қаласында «ҚазТрансОйл» АҚ жас мамандар форумы аясында «Болашақ бүгіннен басталады» атты конференция өтті. Конференцияға «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры Димаш Досанов қатысты. Еліміздің түкпір-түкпі­рінен келген озық идея, тың жоба, соны баста­малар бастауы – терең білімді әрі білікті жүз жас маман ток-шоу форматында компания басшысына өздерінің сауалдарын қойып, компанияның дамуы, жұмыс процесіне цифр­ландыру мен роботтан­дырудың әсері туралы жан-жақты мәселелерді талқылады.
Балалар қайда демалды?
Соңғы қоңырауды балалар тоқсан күндік демалыс үшін асыға күтеді. Құдды қол-аяғы байлаулы, ауыр жұмыстан шаршап жүрген екен дерсіз. Негізі, балаңызға жазғы демалысты жоспарлаудың маңызы зор. Бүгінде бос уақытты тиімді пайдаланудың түрі де мол. Ата-аналармен тілдесе отырып, балаларының биылғы жазды қалай өткізгенін білдік. Бірі ауылға барса, енді бірі медреседе сауат ашыпты. Америкада тұратын кейіпкеріміз де жергілікті халықтың тәжірибесі туралы әңгімелеп берді.
Қоныстой көбейіп келеді
Елбасыны    тапсырмасымен 2017-2031 жылдар аралығын қамтитын «Нұрлы жер» бірыңғай тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бекітіліп, 15 жылда 1,5 млн қазақстандық отбасы жаңа пәтердің     кілтіне ие болады деп жоспарланған болатын. Нәтижелі жұмыстардың     арқасында бүгінгі күні сүйіншілетіп, қоныстойын тойлап жатқан қазақстандықтардың     саны да артып келеді. Бұл қуаныштың    еселенуіне бағдарлама аясында пайдалануға берілген үй санының    күннен-күнге артуы септігін тигізуде
Ерекше кітап көрмесі
Шығыс Қазақстан облысы Абай атындағы әмбебап кітапханада «Жас Отан» Жастар қанатының ұйымдастыруымен ақын Сәбит Дөнентаевтың туғанына 125 жыл толуына орай «Ақын және журналист» атауымен  кітап көрмесі өтті.
Құқықтық сауат ауадай қажет
Алматыда халықтың мұң-мұқтажын тыңдап, олардың мәселелерін шешумен айналысатын «мобильді «Халыққа көмек» акциясы жалғасын тапты. Шара осымен төртінші рет, Nur Otan партиясының қалалық филиалының ұйымдастыруымен өтіп отыр.
Ардагерін ардақтаған ел
Бүгінде  еліміздегі соғыс ардагерлеріне ерекше құрмет көрсетіліп келеді. Осы орайда Nur Otan партиясы Түркістан облыстық филиалы «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында акция ұйымдастырды.
Тұрғындар өтініші ескерілді
Nur Otan партиясының респубикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде  Қаржы вице-министрі Руслан Еңсебаев азаматтарды қабылдады. Вице-министрге Маңғыстау, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарының тұрғындары бейнебайланыс арқылы шағымдарын жеткізсе, одан бөлек астаналық екі тұрғын арыздары мен ұсыныстарын тікелей айтуға мүмкіндік алды.
Жаңа қызметке тағайындалды
Елбасы, Nur Otan партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев партияны қайта жандандыру аясында өңірлердегі жұмысты күшейтуді тапсырды. Филиал басшысы Б.Бақауовтың ұсынысымен партия хатшысы Илья Теренченконы Павлодар облыстық филиалының бірінші орынбасары етіп ауыстыру жөнінде шешім қабылданды.
Селден келген сергелдең
14 тамыз күні Алматыда сел жүру қаупі туралы ресми хабарланып, қала халқы жаппай дүрлікпесе де біршама әбігерге түсті. №1 өзендегі су деңгейі 5 метрге дейін көтеріліп кеткен. Таңнан іске кіріскен Төтенше жағдайлар департаменті халықты қауіпсіз орындарға эвакуациялап, оқиғаны барынша оң бағытқа бұруға тырысқан. Сел кернеуінен асып кетер болса деп қала билігі «Қазәуеқұтқару», «АлматыҚұтқару» және Ұлттық Ұлан қызметін даярлап қойған.
Түнердің неге, тұтынушы?
Тұтынушыларды қорғау – халықты қорғау деген сөз. Өйткені тірі адам тұтынбай тұра алмайды. Алайда Қазақстанда тұтынушыларды қорғау саласы тоқырауда. Мәселен, кезінде осы секторда белсенді әрекет етіп, азды-көпті бедел-ажар жиған отандық 172 қоғамдық бірлестіктің бүгінде тек 55-і ғана қалыпты.
Сенімді стратегиялық әріптестік
Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық Одақтың Орталық Азия жөніндегі арнайы өкілі Петер Бурианды қабылдады.