"Айқын" газеті №110

"Айқын" газеті №110

Бұл нөмірден оқитындарыңыз:

  • Бір аптада - 61 адам
  • Арыстағы қоймалар тағы қайда бар?
  • Құлагер тағдырлы қазақ
  • Қарқаралы мен Қарағайлы сұсты мекеннен мысты мекенге айналса...
  • Жағдайы жоқ ел жанымен алыса ма?




Материалы номера
Жұмыскер жасқа – жалдамалы пәтер
Елбасы жұмыс істейтін жастардың жағдайын жасау керегін бірнеше рет тілге тиек еткен еді. Болашақтың басты қозғаушы күші саналатын топты елеусіз қалдыруға болмайды. Осы мақсатта осы жыл «Жастар жылы» деп белгіленгенінен де бар­лығы дерлік хабар­дар. Жалпыға жақсы жаңалықтың бірі – жалға берілетін пәтерлердің салы­на­ты­ны. Қашан жүзеге асады, бағасы қанша, шарттары мен талаптары қандай? Осындай түрлі сауалға жауап іздеп көрелік.  
Қасқасу курорты қалай дамиды?
Түркістан облысы Төле би ауданы, Қасқасу елдімекені, Еco Village Кaskasu демалыс аймағында «Қасқасу» тау-шаңғы курортын дамыту бойынша халықаралық сарап­шылардың қатысуымен дөңгелек үстел өтті.
100 мың теңгені кім алады?
Арыс жағдайы бойынша Үкіметтен қолдауға берілетін қаржыны қай ауылдар алатыны белгіленді. Атап айтқанда, аталған өтемақы қаржысы Арыс қаласы мен іргесіндегі үш ауылдың тұрғындарына беріледі.  
Арыс: мыңнан астам үй жөнделді
Бүгінде Арысты қалыпқа келтіру бағытындағы құрылыс қарқынды жүріп жатыр. Мәселен, қазіргі таңда қалада нақты 1091 үйдің жұмысы толық аяқталған. Сондай-ақ 4362 үйдің құрылысы және жөндеу жұмыстары атқарылып жатыр.
Сапалы электр желісі тартылды
Шымкент қаласында  электр энергиясымен қамту жұмыстары қарқынды жүруде. Қазіргі таңда Құрсай шағынауданындағы 1 816 тұтынушыға сапалы электр жарығы жеткізілген.
Тауар өндірушілер жәрмеңкесі өтті
Шымкент қаласындағы «Көрме орталығында» «Қазақстанның үздік тауары» аймақтық көрме-байқауы және «Оңтүстік өнімдері» атты көрме-жәрмеңкесі өтті.
Аманат насихатшысы
Еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру»   мақаласы ұлттық бірегейлікті сақтау, сана ашықтығы мен білімге баулуды дәріптеу, прагматизм, бәсекеге қабілеттілікті арттыру мен қоғамдық сананы жаңғыр­ту­дың маңызын алға тартады.   Осы тұста ақын  Қадыр Мырза Әлінің «Руха­ни биік кісі – ұлттың ұйытқысы» деген  сөзі еске түседі. Бүгінгі қазақстан­дықтардың бойында қандай қасиет болуы тиіс десе, рухани биіктік дер едім.
Қарқаралы мен Қарағайлы сұсты мекеннен мысты мекенге айналса...
Қазақтың кең сахара­сының тағы бір пұшпағын көрудің сәті түсті. Бұл жолы Сарыарқаның алтын тәжі Қарқаралыға бардық. Мұн­дай мүмкіндікті «Қазақ­мыс Барлау» компаниясы сыйлап, таңғажайып таби­ға­тымен тамсандырған өңір­ді аралатып, сонымен қатар бұл аймақтан мыстың мол қорын іздеп жатқанын көрсетті. Жай ғана іздеп жатқан жоқ, жаңа техноло­гиялардың көмегімен аз уақыттың ішінде барлау жұмыстарын қалай жүргізу керек екенін, бұл аралықта пайдалы қазбаның қаншалықты қоры барын анықтайтын тәсілдерін тамашалатты. Демек, туризмнің кілтін тапқан Қарқаралы өңірі, енді индустрияландырудың да жаңа жолын тапқан секілді.
Жаңа оқулықтар таныстырылды
Елімізде Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында қоғамдық және гуманитарлық ғылымдарды дамыту бойынша «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы  табысты іске асуда.
Энергия үнемдеу – экономикалық табыстың кепілі
«ҚазТрансОйл» АҚ мұнай құбыры бағыттары бойынша мұнай және мұнай қоспаларын тасы­малдауда энергия үнем­деуді ғылыми-техникалық қамтамасыз ету» жұмысы 2019 жылғы әл-Фараби атындағы ғылым және техника саласындағы Қазақстан Республика­сының мемлекеттік сыйлығының алдын ала іріктеуінен сәтті өтті.
Бизнестің беделі әлеуметтің әл-ауқатына байланысты
Кәсіпкерлер халықты ойлап, қайтсем де сапалы қызмет көрсетіп, пайдамды тигізем деп мақсат еткен кезде ғана бизнесі өркендеп, табысы артады. Басты құндылық деп қаржыны емес, тұтынушыны санайтын сана қалыптасқанда ел де, кәсіп те көркейеді. Осыдан-ақ әлеуметтік әріптестік жүйесін дамыту қажет екенін ұғуға болады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаментінің директоры Бағлан Жалпошевпен аталған тақырыпта сұхбаттасқан едік.
Депутаттар – Түркістанда
Түркістанға Мәжіліс депутаты, Nur Otan партиясы фракциясының мүшесі Фахриддин Қаратаев іссапармен келді. Ол қалалық аурухананың қызметкерлерімен кездесіп, мекеменің емделушілерімен әңгімелесті.
Кенттегі кешен керемет
Шымкент қаласына жұмыс сапарымен барған Мәжіліс депутаты, Nur Otan партиясы фракция мүшесі Нұржан Әлтаев Continental Logistics Shymkent көлік-логистикалық орталығына барып, ондағы қызметкерлермен кездесу өткізіп, компанияның тыныс-тіршілігімен жете танысты.
Білім орталығы ашылды
Nur Otan партиясының «Қазақстан кітапханалары – заманауи білім орталықтары» партиялық жобасы аясында білім орталығы ашылды.
Көпқабатты үйдің құрылысымен танысты
Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен Мәжіліс депутаттары Қанат Мусин, Шавхат Өтемісов келді. Мәжілісмендер Зашаған кентіндегі «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынып жатқан 9 қабатты үйдің құрылысымен танысты.
Құлагер тағдырлы қазақ
«Айқын» газетіне «Жасырын» лауреат немесе Ленин сыйлығын алған қанша қазақ бар?» деген мақаламыз жарық көрген күннің ертесіне белгілі журналист, қазақ журналистика­сының жампозы Жанболат Аупбаев ағамыз қоңырау шалып: «Тізіміңе тағы бір кісіні қосып қой, академик Мұрат Айтхожин, Ленин сыйлығын 1976 жылы алған» деді.
«Жәрдемнен» жәрдем көп
Тігіншілік – ісмерлікке, ептілікке, дәлдікке баулитын өнер ғана емес, істің көзін таба білген адамға жақсы кәсіп көзі. Бүгін елордалық жиырма көпбалалы ана осы тігін шеберлігін меңгергенін айғақтай­тын арнайы сертификат пен алғашқы кәсіптерін ашуға мүмкін­дік беретін тігін машинасын алды.
Елорда қаржы орталығына қашан айналады?
Еліміздегі саяси науқан мен ауыс-түйістердің көлеңкесінде маңызды бір шараның өткені байқал­май қалғандай. Ол жиын несімен ерекшеленді, әңгіме сол жөнінде. Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) 1-4 шілдеде ұйымдастыр­ған Астана қаржы күнде­ріне бизнес, үкіметтік органдар, қаржы саласы­ның көшбасшылары мен академиялық орта өкілдері бас қосты. Биыл жиынға 55 елден 3 500 адам қатысты. 25 меморандумға қол қойылды. Осылайша, Ел­басының Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам бағдарламасында айтылған АХҚО құру, дамыту тапсырмасы орындалды деуге болады.
Бір аптада – 61 адам...
Қазір – жазғы демалыс мезгілі. Аптап ыстықтан қашқан адамдар салқын суға түсіп, жан шақырғысы келеді. Жаздың әрбір қолайлы күнін еңбек демалысына шыққандар да тиімді пайдаланғысы келетіні тағы бар. Шетелге шыға алмайтындар Қазақстанның өзен-көлдерін жағалайды. Жолдың жайсыздығына қарамай, көлікпен сапар шегетіндер де жеткілікті.
Жағдайы жоқ ел жанымен алыса ма?
Душанбеде өз-өзіне қол жұмсауды бақылаған ғалымдардың қатысуымен арнайы дәріс өткізілді. 30 жылдық бақылау нәтижелері бойынша Орталық Азиядағы суицидтер саны бойынша Қазақстанның бірінші орынды иеленгені белгілі болды. Деніміз ислам дінін ұстансақ та, тізімнің басынан орын алғанымыз қабырғамызды қайыстырды.
Ең өкініштісі, өз-өзіне қол жұмсаудың 76 пайызы халқының табысы төмен және орта елдерде орын алады екен. Демек, бұл жер­де ақын Иранғайып айтқан­дай, «өмірді сүрмей, өмірге сүрі­ліп жатқан» қазақтың бес батпан мұңы да тұр. Соғыссыз, табиғи апатсыз осынша жұрттың жап­пай қырылуына не себеп? Осы сауалды алдымызға көлденең тартып көрдік.
Беттер: 1 2 Келесі