Айқын" газеті №95

Айқын" газеті №95

Бұл нөмірден оқитындарыңыз:

  • Қазақ киносы қайда барады?
  • Теңгерімді сыртқы саясат – Тәуелсіздік кепілі
  • Фотобизнестен басталған кәсіп
  • VPN деген немене, оған халық сене ме?
  • Тариф төңірегіндегі түсінбестік

Материалы номера
Шеберлер байқауы
Түрістан облысының 1 жылдық мерейтойына арналған Turkіstan ART fest жас дизайнерлер, суретшілер мен мүсіншілер, сәулетшілер, зергер және қолөнерші жастар арасында облыстық байқау өтті. Байқауда өңірдің  өнерлі жастары өздерінің қолынан шыққан 100-ден астам туындысын көрмеге қойды.
32 дәрігерге баспана берілді
Қарағанды облысы әкімі Ерлан Қошанов Шахтинск қаласында 32 қызметтік пәтердің кілтін табыс етті. Баспана Қарағанды меди­цина университетінің 2018-2019 жылғы түлектеріне берілді. Сондай-ақ жас ма­мандарды Шахтинск қа­ласының ауруханалары мен емханаларына жұмысқа шақырды.
Түбі түркіні топтастырған ойын
Жайдарман – қазақ елінің ғана емес, әлемнің түркітілдес мемлекеттері жастарының басын қосатын жоба. Осы мақсатты негізге алып, Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық даму істері басқармасы мен «Қазақстан КВН одағы» республикалық жастар қоғамдық бірлестігі фестиваль ұйымдастырды. Жылдағы дәстүрден жаңылмай, көршілес мемлекеттің жайдарман­шыларын қонақ ететін бұл жобаға қатысушылар саны да артып келеді.
Тау тұлғалы жазушы
Көрнекті жазушы,  ҚР еңбек сіңірген қайраткері, баспагер-ғалым, доцент Тұрлыбек Мәмесейіттің 70 жыл­дық мерейтойына орай  Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Заман және қаламгер: әдебиет пен журналистиканың жаңа міндеттері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Ұлы даладағы тарихи сабақтастық
Елбасы Н.Назарбаев «Рухани жаңғыру» мақаласының жалғасы ретіндегі «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында тарихқа қатысты түйінді тұжырымдар жасағаны елеулі оқиға болды.
Ұлт қызметшісіне құрмет
Өрімдей кезіңде өмірдің өткелінде жолығып, қол ұстасып қатар ғұмыр кешіп, достық бауырластыққа ұласқан шақта ондай замандасыңнан көз жазып қалу оңай болмайды екен. Сондай арда азаматы­мыздың бірегейі Ербол Шәймерденұлы мына фәни дүниеден бақи дүниеге аттанғалы да жеті жылға таяп қалыпты. Бірақ артында Абай айтқандай, өлмейтін сөзі, өшпейтін көзі қалды. Тәубе сөзі жұртқа жетіп, ұрпағына үлгі болып келеді.
Өңдеу өнеркәсібінің өркені кең
«Нұрлы жол» бағдарламасы отандық экспортты жарты триллион теңгеге арттырды. Бұл жайында Nur Otan фракциясы жанындағы «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға Ұлттық қордан бөлінетін қаражаттың және бюджет қаражатының нысаналы және тиімді жұмсалуын бақылау жөніндегі «Индустриалды, энергетикалық инфрақұрылымды дамыту, шағын және орта бизнесті, іскерлік белсенділікті қолдау» бағыты бойынша комиссияның отырысында айтылды.
Үміт сәулесі сөнбейді
Нұр-Сұлтанда Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының ұйымдастыруымен донор күніне арналған акция өтті. Дүниежүзілік қан доноры күніне ұйымдастырылған шараны Транзфузиология ғылыми-өндірістік орталығының директоры Сания Абдрахманова ашып, шақырылған құрметті донорлар мен қонақтарды құттықтады.
Тариф төңірегіндегі түсінбестік
Алматы облысының кәсіпкерлер палатасында Талдықорған қаласы бойынша қатты  тұрмыстық қалдықтарды тасымалдаумен айналысатын кәсіпкерлерді алаңдатқан мәселеге қатысты жиын өтті. Нәпақасын қаладан шығатын қатты тұр­мыстық қалдықтарды шығару арқылы тауып жүрген жергілікті кәсіпкерлер об­лыс орталығынан тасымалданатын қалдықтарды орналастыру полигонын се­нім­ді басқаруға алған ADAL DAMU Capital ЖШС-ның қалдықтарды қабылдау қызметіне  тарифті ешкіммен келіспестен өз бетімен белгілейтіндігіне орай шағымданды.
VPN деген немене, оған халық сене ме?
«Германиядан сәлем», «Польшадан байланысқа шығып тұрмыз», «Франция­­лық ағайын бар ма екен?», «Голландия­лықтар, қайда­сыңдар?». Өткенде желіде осындай жазбалар қаптап кетті. Сөйтсек, біздің жұрт VPN деген қосымшаны қолдану арқылы өзге елдерден желіге жалғанып жатыр екен.
Фотобизнестен басталған кәсіп
Бүгіндері жеке кәсіп бастау осыдан он жыл бұрынғы кезеңмен салыстырғанда, анағұрлым жеңіл. Себебі, бұрындары бизнеспен айналысқысы келетіндер кәсіпті қалай бастаймын, немен айналысамын, кімнен кеңес аламын, бастапқы капиталды қайдан табамын деген сұрақтың жауабын таппай бас қатыратын. Ол кезде екінші деңгейлі банктер беретін несиенің пайыздық мөлшерлемесі тым жоғары еді. Соның салдарынан ашқан кәсібін дамыта алмай, дағдарып қалғандар аз болған жоқ.  Ал қазіргі күні  кәсіп ашпас бұрын бизнес-тренингтен өтіп, қажетті кеңес алып, пайызы төмен несиеге қол жеткізуге болады. Бұл ретте «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының бергені көп.  
Жаңа тарих бастауы
Қазақстан халқы ассамблеясы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесіне ұсыныстарын енгізеді. Бұл туралы ассамблеяның Мәжілістегі депутаттық тобының отырысында жария етілді. Жиында «ҚХА-ның Мәжілістегі депутаттық тобының Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевтың сайлау алдындағы бағдарлама­сынан және ұлықтау рәсімінде сөйлеген сөздерінен туындайтын міндеттері» қаралды.
Бейбіт күннің сақшылары
Біз қиялымыздан қаһарман бейнесін жасаймыз. Жақсылық жасауға, көмектесуге бейім адамның кейпін көрсетеміз. Жеме-жемге келгенде тайқып шыға келеміз. Санаулы секундтың ішінде шешім қабылдай алатындар – жүректілер. Батыс Қазақстан облыстық полиция қызметкерлері өмір мен өлім мәселесімен жиі бетпе-бет келеді. Әр тапсырманы мүлтіксіз атқаруға тырысады.
Масылдық көзқарастан арылу керек
Nur Otan партиясының Қызылорда облыстық филиалы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.
Сайлау қорытындысын бағалады
Алматыда түрлі меке­мелер мен саяси ұйымдар сайлау қоры­тын­дысына байланысты бас қосып, үлкен саяси дода кезінде қандай жұмыс атқарылғанын кеңінен талқылап жатыр. Сондай жиынның бірі «Алма­тыинжстрой» мекемесінде болды. Аталған бастауыш партия ұйымының қолға алуымен арнайы дөңгелек үстел өтті.
«Құтты мекеннің» жаңа жобасы
Nur Otan партиясы Орталық аппаратының партиялық бақылау қызметі Ақмола облысына арнайы сапармен келді.
Бастауыш партия ұйымы белсенді
Шымкент қаласында Nur Otan партиясы Еңбекші аудандық филиалына қарасты «Тұран» бастауыш партия ұйымында жуырда өткен Президент сайлауын қорытындылау жиыны өтті.
Он бағытты талқылады
Таразда Президент белгілеген негізгі 10 бағытты жүзеге асыру мәселелері талқыланды.  
Дәрігер тапшы болмайды
Елордада University Medical Center корпоративтік қорының республикалық диагностикалық орталығында президент сайлауының қоры­тындысы жөнінде жиын өтті.
Үш елшімен тілдесті
Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин бірқатар шетелдің Төтен­ше және өкілетті елшіле­рін қабылдады. Түркімен­стан елшісі Тойлы Көмековпен кездесу барысында парламент­ші­лер арасындағы екіжақты ықпалдастық, сондай-ақ сауда-экономикалық, отын-энерге­тика­лық, көлік және мәдени-гуманитарлық салалар­дағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Беттер: 1 2 Келесі