Айқын" газеті №97

Айқын" газеті №97

Бұл нөмірден оқитындарыңыз:

  • Ұлтқа қызмет ету үлгісі
  • Ғылымға ұмтылғаның қандай жақсы?
  • Көзіме бір көрінші 140 балл...
  • Тазалық – тілден, кім бар оны білген?
  • Қарамола жарғысы – құнды қазына

Материалы номера
Теңізден соққан дауыл
Атырау облысы Жылыой ауданындағы Теңіз қала­шығында 29 маусым күні күндізгі сағат 11:00 шама­сында қазақстандық жұ­мыс­шылар тарапынан наразылық оқиғасы орын алды. Сonsolidated Contracting Engineering and Procurement S.A.L Offshore компа­ниясының жұмысшысы ливиялық Eli Daoud-тың WhatsАpp мессенджеріне қойған суретіне наразылық білдірген қазақстандық жұмысшылар көп жылдан бері еңбек жағдайларының әртүрлі болуынан зәрезап болғандығын да осы оқиға барысында ашық мәлім етті.
Шаттық отанынан ескен жылы леп
«Дина Нұрпейісова атындағы халықтық музыка академиясы» Атырау музыка колледжі – ұлы өнердің кәсіби бағыт алып биіктен көрінуіне, дамылсыз дамуына сүбелі үлес қосып келе жатқан ұлағатты ұжым. Талант иелерін өнер биігіне самғатқан өнер ордасына биыл – 60 жыл. Исатай мен Махамбеттей батырлар туған, Құрманғазы мен Динадай күй алыптары өткен тарихы сырға толы қазыналы өлкедегі өнер ұжымы мерейтойын астаналықтармен атап өтті – «Шаттық Отаны» атты есеп беру концертін ұсынды.
Тартоғайдың тарланы
Екеуміз бір ауданнанбыз. Екеуміз де Қазақ ұлттық университетін бітірдік. Екеуміз де журналистік еңбек жолымызды Арқа өңірінен бастадық. Екеуміз де Президент сыйлығының лауреатымыз.
Екеуміз де қолға қалам алғанды мұрат тұтқанбыз. Екеуміз әлі жазып келеміз...
Тазалық – тілден, кім бар оны білген?
Осы күні тіліміздің шұбарланғаны сондай: Қаз дауысты Қазыбек, Төле би мен Әйтеке билер тіріліп келсе, қазіргі қазақтың сөйлеу қалыбын көргенде қу жанынан түңілер ме еді; түрлі кірме сөздермен әбден қойыртпақ болған қайран тілдің жайына қарап, қорланар ма еді; түйдек-түйдек шешендік тіркес­тердің орнына, түсініксіз, ұғынықсыз, ұсқынсыз қаншама сөздердің қаптап кеткенін көріп, қамшыларын екі бүктеп атып ұрар ма еді, кім білсін?!.
Сана серпілісі
«Рухани жаңғыру» бағдар­ламасының мемлекеттік қызметкерлерге арналған «Өзгерістерді өзіңнен баста» кіші бағдарламасына Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жетекшілік етуде.
Қарамола жарғысы – құнды қазына
Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейі қызметкерлерінің ғылыми іссапарының нәтижесінде Қазан қаласынан құнды қазына табылды. Бұл – 1885 жылы Абай Құнанбайұлының төбе би болған Қарамола съезінде қабылданған жарғының 1886 жылы Қазан қаласынан шыққан басылымы.
Әріптесіміз – жүлдегер!
Төл мерекеміз қарсаңында Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті мен Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған «Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық конкурсының нәтижесі  белгілі болды.
КПО мен HONEYWELL өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды
«Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б. В.» (КПО) компаниясы мен Honeywell (NYSE: HON) корпорациясы Қарашығанақ жобасын­дағы жергілікті қамтуды дамытуға бағытталған өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.
Көзіме бір көрінші 140 балл...
Тартысқа толы 9 күн. Қолжетпеске айналған 140 балл. Жылаған оқушы, жұбатқан ата-ана. Иә, мектеп бітіруші кез келген түлектің арманы – жоғары балл алу. Тестілеудің дәл осы балдық жүйесі 2017 жылдан бастап өзгерген еді. Содан бері 3 жыл өтсе де, ең жоғары балды қанжығасына байлаған бір ғана түлек  Шиара Құдайбергенова болып тұр. Шиара Құдайбергенова бүгінде  Алматыдағы Сүлеймен Демирел атындағы университеттің 1-курсын тамамдады.
Айгүлге мемлекеттің қолдауы жігер берді
Айгүл Абдихаюмова – Сарыағаш ауданы Абай ауылының тумасы. Бүгінгі таңда Шымкент қаласында тұрады. Бойында туабітті кемісі болғандықтан, балалар үйінде тәрбиеленген. Диагнозы — омыртқа жотасының бір бүйіріне қарай қисаюы, яғни «сколиоз ауруы». Айгүл Еділқызы балалар үйінде жүргенде ұстаздарынан тігіншілікті үйренеді. Өзінің бала күнгі арманы да, қалауы да дизайнерлік болған. Осында тігіншілікті меңгеріп, сертификат алып шыққан ол мектеп бітірген соң медицина колледжіне оқуға түседі. Аз уақыт өз мамандығымен жұмыс істеп те көреді.
Сақ жүрген абзал
Қазір халық  жоғалған телефон қайта табылатынына сенбейді. Тіпті арыз жазуға асықпайды. Түркістан облысы полиция департаменті тұрғындарды учаскеге келіп, анық-қанығына көз жеткізуге шақырады. Тыңғылықты іздеу нәтижесінде, жоғалған телефон табылғанын хабарлайды.
Қызмет сапасы – бақылауда
Әлеуметтік желіде пойызға билетсіз мінген жолаушылар туралы видео тараған соң, қоғамдық талқы тудырған заңбұзу­шылыққа қатысты «Жолаушылар тасымалы» АҚ компаниясы ресми жауап берді. Компания өкілі видеодағы жағдайды растап, кінәлі қызмет­кердің салғырттығына қатысты тиісті шаралар қабылданатынын мәлімдеді.
Тұрақтылық ұстынын атады
Қазақстан мен Болгария арасында сенімді серіктестік орнатылды. Бұл жайында Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Болгария республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Васил Петковты қа­был­дау кезінде мәлім етті.
Ғылымға ұмтылғаның қандай жақсы?!
Дүниежүзілік экономикалық форумның 2018 жылғы жаһандық бәсекеге қабілет индексінде Қазақстан 140 елдің ішінен 59-орында тұр. Соның ішінде білім беру деңгейі бойынша – 40, адами потенциалдың дамуы бойынша 58-орынға табан тіреген. Жалпы алғанда нәтижеге қуануға болады. Білім мен ғылымның даму деңгейін анықтайтын индикаторлар ретінде білім беру сапасы, ғылыми-зерттеу ұйымдарының болуы, мектептердің интернетпен қамтамасыз етілуі ескеріледі. Әлбетте, мегаполистер мен облыс орталықтарындағы сапалы білім беретін лицей, гимназиялар, зияткерлік мектептерге көз салсақ, көңіл қуанып, жүрек жұбанады. Десек те, тегін білім беретін еліміздегі мектептердің ахуалы, ғылымның дамуы соншалық жоғары деңгейде деуге ерте дейміз бе, сенбейміз дейміз бе, белгісіз...
ІТ орталықтың жетістігі көп
Nur Otan партиясының Атырау облыстық филиа­лында «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында құрылған  Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетіндегі ІТ орталықтың түлектеріне үздік жобалары үшін арнайы сертификат тапсырылды.
Мақсат – он бағытты жүзеге асыру
Түркістанда кезектен тыс президенттік сайлау қорытындыларын қолдау мақсатында Түркістан облыстық Демократиялық күштердің «Қазақстан-2050» жалпыұлттық коалициясы­ның отырысы өтті.
Зағиптарға қуаныш сыйлайды
Nur Otan партиясы ІТ мамандарды оқыту пар­тиялық жобасы аясын­да «Әлеуметтік мәселелердің ІТ шешімі» байқауының жеңімпаз­дарын марапаттады.
Филиалға – жаңа төраға
Nur Otan партиясы Төра­ғасының Бірінші орын­ба­сары Мәулен Әшімбаев партияның Нұр-Сұлтан қалалық филиалының кезектен тыс ХXX кон­фе­ренция­сына қатысты. Жиын­да филиалдың жаңа төрағасын сайлау мәселесі қаралды. Одан бөлек, қа­тысушылар Қазақстан Президентінің сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру жөнінде ұсынысын айтты. Сонымен қатар қалалық филиалдың жұмы­сына қатысты мәселелерді де талқылады.
Іс-қимыл Жоспары бекіді
Мемлекет басшысы өзінің сайлауал­ды тұғырнамасын жүзеге асыру жөніндегі іс-қимыл Жоспарын бекітті.