Айқын" газеті №98

Айқын" газеті №98

Бұл нөмірден оқитындарыңыз:

  • Мемлекет басшысы Арысқа барды
  • Білгеннің болмас артығы
  • Арыстағы алапат жарылыс
  • Таңдайға тамған әр тамшы қымбат
  • Үйі бардың көтеріңкі күйі бар

Материалы номера
Құдай берген!
Тарихтан там-тұмдасақ, кезінде Әміре Қашаубаев шетелде өнер көрсетіп, қазақ елін танытқан тұңғыш әнші болды. 1927 жылы Мәскеу консерваториясында қазақ әндерін тамылжыта шырқады. Германияның Франкфурт қаласындағы концертке қатысып, қазақтың халық әндерін тағы да әлемге паш етті. Әміре Қашаубаев әндерінің дүние жүзі мәдениетінің ірі өкілдері – Ромен Роллан, Анри Барбюс, тағы басқалар тарапынан жоғары баға алғаны белгілі. Осындай ұлы жолды жалғастырып, жас болса да, жарқ етіп көрінген Димашты қазақ ұзақ күтті.
Полиция департаментіне – 86 арнайы көлік
Қарағанды облысы полиция департаментінің автопаркі жаңа қызметтік автокөліктермен толықты. Тәртіп сақшыларында заманауи құрылғылармен жабдықталған 86 арнайы көлік табысталды.
Қапшағайдағы ерекше зауыт еліміздегі балық шаруашылығын жаңа сатыға көтереді
Бизнесмен Александр Щетининнің командасы балық өсіру ісін бекерден-бекер таңдаған жоқ. Үш жыл бойы әлемдегі бірқатар балық зауыттарының тәжірибесін зерделеп, ең тиімді деген тәсілдер мен балық түрлерін  таңдап алды. Ақыры Қапшағай су қоймасының солтүстік жағалауында Қазақстанда бірінші болып KazOrganicProduct ЖШС балық өсірудің толық кезеңін қамтитын органикалық балық өнеркәсібі кешенін іске қосты.  
Ел бірлігі – өркендеу кепілі
«Бүлік шығару – кісі өлтіруден де ауыр күнә», – делінген қасиетті Құранда. Бұл аят ел ішіне іріткі салып, тыныштықты бұзудың қандай үлкен қылмыс екенін білдірсе, "Күмәнсіз, мұсылмандар бір-бірімен бауыр" деген келе­сі бір аят әр біріміздің ел бірлігіне үлес қосу керегі­міз­ді паш етіп тұр. Сондықтан ауызбіршілікте болайық. Бұл – еліміздің тұтастығы мен тұрақтылығы үшін аса маңыз­ды әрі өте қажет. Осы ретте Сириядағы жағдай бәрімізге сабақ болса игі.
Фейк-ақпарат кімге керек?
Әлеуметтік желі мен түрлі мессенджерлер қоғам дертіне айналды. «Жақындарыңды ескертіңдер», «баласы барларға жіберіңдер», «мұқият қараңдар» мәтініндегі хабарланы күнде байқаймыз. Бұл кімге керек? Бірі жай ғана үркіту үшін, ендігісі арнайы жоспармен, үшіншісі нарықтағы пиар үшін аталған қадамға барады.
Тарих сілемін сүзген ғалым
Әлем ойшылдары ғасырлар бойы құқық қайдан шықты, дәстүр, әдет-ғұрып қай уақытта құқық сипатына ие болды деген сан алуан сұрақтарға жауап іздеуде. Тарихта адами қатынасты реттеу жүйесінің қайсы тиімді, оңтайлысын  табу, табиғи мен мемлекет жасаған позитивтік  норманың ара жігін саралау ізденісінде  философтар  бір шешімге келген емес, оның танымдық деңгейінің өзі тұңғиық. Осындай күрделі ғылым саласын өзінің өмірлік зертеу тақырыбына айналдырған ғалым  – менің курстасым Зайлағи Кенжалиев.
Үйі бардың көтеріңкі күйі бар
2018 жылдың 31 ма­­мырында «7 – 20 – 25» атты жаңа мемлекеттік ипотекалық бағдарлама бекітілгені көпшілікке белгілі. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен «Бес әлеу­мет­тік бастама» шеңберінде даярланған болатын. Бағ­дар­ла­маның операторы – Ұлттық банктің еншісіндегі «Баспана» компаниясы. «7 – 20 – 25» жайлы осыған дейін көп жазылды. Оның ішінде тиімді-тиімсіз тұстарын да тіздік. Биылғы көрсеткіштерге тоқ­­­талсақ, алғашқы төрт айда-ақ 13 мың жаңа тұрғын үй ғимараты пайдалануға беріліп, рекордтық көр­сет­кіш­ке қол жеткен. 20 мамырға дейінгі мәліметтерге сүйен­сек, бір ғана «7 – 20 – 25» бағ­­дар­ламасы арқылы 147,5 мил­лиард теңгеге қарыз алуға 13 009 өтініш келіп түскен. Оның ішінде 7 737-сі мақұлда­нып, 89,7 миллиард теңге займ рәсімделген.
Әлем әдебиеті теориясын қазақша оқимыз
М.Әуезов атындағы Әде­биет және өнер инс­ти­тутында Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағ­дар­ламасы бағыттары­ның бірі – «Жаңа гума­ни­тар­­лық білім. Қазақ тілін­дегі 100 жаңа оқулық» жоба­сы ая­сын­да ауда­ры­лып ба­сылған әлем әде­бие­ті тео­риясының жинақ­тары таныстырылды.
Әділбек Қаба – академик
Белгілі журналист, жазушы, ақын, қоғам қайраткері, ұлтжанды азамат, Парламент Сенаты Баспасөз қызметінің жетекшісі Әділбек Қаба Қазақстан Журналистикасы академиясының академигі атанды.
Электронды үкімет уақытты үнемдейді
Бұрын «Қазақстанда емес қағаздан бас алмайтын Қағазстанда өмір сүріп жатқан­дай­мыз» деп, базынасын айтатын адамның қарасы көп еді. Ал бүгін бұл пікірдің іргесі сөгілді. Себебі сол, мемлекеттік мекеме орындарынан қажетті құжатты алу айтар­лық­тай жеңілдеді. Ол үшін электронды үкімет порталының ресми сайтына кіріп, өз ЖСН-іңізді енгізіп тіркелесіз. Кейін керек құжатқа өтініш бересіз. Осылайша, небәрі 10-15 минут ішінде анықтама алуға, күн-түн демей, кез келген уақытта баланың бала­­бақшадағы кезегін көруге, мекенжай анықтамасын ұялы телефонға жүктеуге болады.
Демографиялық институт болса қалай?
2019 жылғы 1 мамырға еліміздегі халық саны 18 468,9 мың адамға жетті. Былтыр бұл уақыт­тағы көрсеткіш 18 321 606 адам еді. Араға бір жыл салғанмен демография­лық ахуалда айтарлықтай жаңалық болмай тұр. Мамандар, қоғам белсенділері осыған алаңдауда. Енді қайтпек керек? Халық санының өсуі мен тұрақтылық мәселесін қалай реттейміз? «Қазақстан халқының демография­лық даму бағыттары және әлемдік тәжірибе» атты халықаралық ғылыми конференцияда бас қосқан ғалымдар бірауыз­дан «Бізге демография­лық институт» керек деді. Бұл институттың жұмысы қалай жүреді? Бұл орда шын мәнісінде халық санының өсуіне мұрындық бола ала ма? Саналы ұрпақ тәрбиелеуге үлес қоса ала ма?
Зерттеуші мамандар­дан сұрап білдік.
Жол қауіпсіздігі – басты назарда
Алматы құшағына екі миллионға жуық халықты еркін сыйғызып жатқан, қаржы айналымы елдегі ең үлкен ресурсты ортаны құрайтын аса ірі шаһар болғандықтан күнделікті мегаполиске ат басын тірейтін көліктердің де саны көп. Тәртіп сақшылары, әсіресе, ауыр жүк тиеген автокөліктерді жіті қадағалап, олардың автомобиль жолына зиян келтірмеуін, шамадан тыс жүк тиеп жол бойында қауіпті жағдай тудырмауын қатаң бақылайды.
Газ саласында – кіл шеберлер
Әр үйде маздап жанған көгілдір отын сөне қалса, бірінші іздейтініміз – газ мамандары. Газ кен орындарын барлау, бұрғылау – оны өндіріп, тазалау, тасымалдап тұтынушыға жеткізу тізбегін мінсіз басқарып отырған сала мамандары 9 млн қазақстандықтың үйіне жылу мен шаттық сыйлап отыр. Қауіпсіздікті ту еткен «ҚазТрансГаз» компаниясы Қызылорда облысында өз ісінің шеберлерін анықтайтын ауқымды байқау ұйымдастырды. «Үздік маман» деген атаққа «Интергаз Орталық Азия» компаниясының барлық аймақтық филиалынан келген жүзге тарта қызметкер үміткер болды. Олардың арасында дәнекерлеушілер, бұрғылаушылар, мұнай және газ өндіру операторлары және өзге де мамандар өз шеберліктерін көрсетуге тырысты. Он бес мамандық өкілі өзара бақ сынады. «Үздік маман» байқауы – жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруда, газ саласындағы еңбек жетістіктері мен озық тәжірибені насихаттауда маңызды элемент. Оны өткізу жұмысшы мамандықтары бойынша оқыту мен еңбекке орналастыру үшін жастарды тартуға ықпал етеді.
Жазғы мектеп басталды
Қазақстан халқы Ассамблеясы және ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Орталық Азия өңіріндегі этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «Жастар ортасындағы этносаралық қатынастар мәдениеті» тақырыбындағы жазғы мектеп басталды.
Батырларды құрметтеу – бұлжымас парызымыз
Адам ішкі ниеті мен жүрек сөзі үндескенде ғана батыр болады. Ары қарайғы ерлік – сынақ. Сенің еліңе деген, қызметіңе деген махаббатың қиындықта сыналады. Ғазиз Байтасов елдік үшін жан беріп, қызмет жолында үлгі көрсеткен жан.
Таңдайға тамған әр тамшы қымбат
Ғылымы өркендемеген мемлекет дамуда артта қалады. Біліктілігі төмен адам еңбекақысы төмен қара жұмыстың қамытын сүйреуге мәжбүр болады. Ауқаты төмен отбасылар кедейшілік тауқыметін тартады. Ал ауызсу болмаса, адам ары кетсе, екі аптадай ғана өмір сүретіні белгілі.
Мақсат – соттың абыройын жоғарылату
Nur Otan партиясы жанындағы Құқықтық кеңес өкілдері Маңғыстау облысында болды. Іс-шараны Жоғарғы сот, Nur Otan партиясы жанындағы Құқықтық кеңес, «АСТАНА» халықаралық ғылыми кешенінің Құқықтық зерттеулер институты ұйымдастырып отыр.
Жастарға зор мүмкіндік
Ақтөбе облыстық филиалында Саяси кеңес отырысы өтті. Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ақтөбе облыстық қо­ғам­дық штабының атқар­ған жұмысы қорытын­дыланды. Президенттің бағдар­ламасын жүзеге асыруға байланысты ұсыныстар қаралды.
М.Әшімбаев: Nur Otan Арыс тұрғындарына көмек көрсетеді
Бұл туралы Nur Otan партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.
Жегенді саламен сараласа...
Ауызсуға зарыққан қаншама ел бар? Үйге кезегі жете алмай немесе сатып алар қаражаты жетпей мемлекеттік мекемелердің табалдырығын тоздырғандардың саны қанша? Шұрық тесік жолдар талайдың көлігін сындырды, ең ауыры осы жолдарда апаттан қаншама адамның өмірі қиылды. Осыны көріп отырып, қоғамның ең ауыр дерті жемқорлық болмаса қаншама мәселе шешілер еді деп қынжыласың!
Беттер: 1 2 Келесі