Айқын" газеті №99

Айқын" газеті №99

Бұл нөмірден оқитындарыңыз:

  • Сенім кеңесі шынайы алаңға айналады
  • Қазаққа кім қорған?
  • Арысым – ұлттық намысым!
  • Тұрғын үй нарығы қандай деңгейде?
  • Туризм бе, табыс па?

Материалы номера
Туризм бе, табыс па?
Мамыр айынан бастап әлеуметтік желіде студенттердің шетел асқан суреттері қаптап кетті. Сөйтсек, еліміздің жастары жаз шыға мұхит асып, чемодандарын арқалап, америкалық Work and Travel бағдарламасы бойынша  жұмысқа аттанады екен.
Автопарк 136 автокөлікпен толықты
Аптаның алғашқы күні облыс басшысы полиция қызметкерлерін кәсіби мереке күнімен құттықтап, су жаңа жүрдек автокөліктердің кілттерін тапсырды. Қазынадан қарастырылған 1,1 миллиард теңгеге сатып алынған 136 қызметтік автокөліктің арқасында облыстық полиция департаментінің қызметтік автокөлікпен қамтамасыз етілуі 98,7 пайызға жетті.
Біз қаншамыз, қандаймыз?
Қазақстан Республикасының 1989 жылғы халық санағында 1 миллион 619 мың адам тіркелді. 1999 жылғы санаққа дейінгі аралықта Қазақстан халқы 12 461 мың адамға кеміген. Санақ көрсеткішінің кемуіне бұрын қуғын-сүргінге ұшырап Қазақстан жеріне қоныстандырылған өзге ұлт өкілдері (орыстардың, украиндардың, немістердің, кавказ халықтарының) өз атамекендеріне көшіп кеткендігі себеп болған. Кеңестік дәуірде, әсіресе, 1930 жылдан кейін Қазақстан жеріне сырт өлкеден халық толассыз келумен болды. Барлықтарыңыз білетіндей, 1937-1944 жылдары тұтас халықтарды Қазақстан аумағына күштеп  көшіру науқаны жүрді. 1937 жылы алғашқылардың бірі болып, Қиыр Шығыстағы корейлер көшірілді.
Бір өзінде қос пайғамбар аты бар
Қазақ өнерінің әлемдік деңгейдегі «жұлдызы» Димаш Құдайбергенге шетелдіктер тарапынан  әншінің шет тіліндегі мәтіндерді нәшін келтіре алмай айтатыны туралы арагідік сын айтылып қалады. Бұл жағдайдың өзге тілдерді айтпағанда,  әлемге кеңінен таралған, оқыту әдістемесі дамып кеткен ағылшынша мәтіндерге де тән болуы таңдандырады әлгі сыншыларды. Шындығында, соңғылары Қазақстанда, ол ғана емес-ау, бүкіл ТМД аумағын алғанда шетел тілін үйрену Кеңес Одағы тұсындағы практикалық-қолданбалы түрде емес, тілдік ортадан алыс, көзапара, тасқа басылған сөз күйінде, теориялық негізде үйрену қалыбынан аса алмай отырғанын білмеуі мүмкін.
Екінші кезеңге жол ашық
Бұдан бес жыл бұрын Инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бастау алған болатын. Экономикалық дағдарыстың алдын алып, қазақстандықтардың әлеуметтік ахуалын жақсартуға бағытталған  үлкен жоба мәресіне жетіп қалды.
Фидерлік тасымал ТХКҚ тиімділігін арттырады
Транзиттік тасымалды дамыту мен жетілдірудің мемлекеттер арасындағы шаруашылық байланысты нығайтуда   саяси маңызы зор.  Аталған тасымал түрін Қазақстан аумағы арқылы жүзеге асыру үшін «Азия – Еуропа» қатынасындағы контейнерлік тасымал басымдыққа ие болып келеді. «Нұрлы жол» бағдарламасы мен Қазақстанның транзиттік стратегиясын енгізудің нәтижесінде елімізге маңызды транзиттік жүктерді тартуға мүмкіндік беретін көліктік бағыттар  жасалды.
Іскер азамат
Қарағанды облысы Приозерск қаласының тұрғыны Азамат Чалгым­баев тұрмысқа қажетті тауарлар өндірумен айналысады. «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының көмегімен Азамат марке­тингтік стратегияны, бизнес жоспарды жергі­лікті шикізатты негізге алып жасауды меңгерді, бизнес идеялар байқа­уын­да бақ сынады.  2018 жылы ол Приозерск қаласы әкімінің жастарға арналған 1 млн 200 мың теңге грантын ұтып алды.
Бәсекеге дайынсыз ба?
Нұр-Сұлтан қаласында «Қазақстанның өнеркә­сіптік саясаты: еңбек өнімділігін арттыру арқылы кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру» атты VIII халықаралық конференция өтті.
Жаңаға жол ашқан жаңғыру
Бәрімізге жаңғыру керек. Қай сала болмасын өткенін бағамдап, болашаққа жоспар құрғаны абзал. Ішкі істер органы да жаңа даму жүйесін ұсынады. Жаңғы­рудың 9 бағыты әр сала бойынша жүреді. Еңбекақы төлеуден бастап, кадр даярлау, аттестациядан өту, тіпті полицияны баға­лау критерийлерін енгізу жолға қойылған. Төменде бағыт пен бағдарды айқындап көреміз.
Бақытқа бастар он басымдық
Кез келген білікті дәрігер біледі: дертті емдеу жолындағы ең бірінші қадам – проблеманы нақты айқындап алу. «Қай айлаққа бет алғанын білмейтін кеменің желі де оңынан тұрмайды» дейді Сенека. Осы орайда биылғы 12 маусымда Қазақстан Президенті қызметіне кірісу рәсіміндегі сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі шешілуге тиісті басты әрі көкейкесті проблемаларды нақты көрсетіп берді.
Жалақыны көтермей, жағдай түзелмейді
Nur Otan партиясының Орталық аппаратында 2016-2019 жылдарға арналған білім беру мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасына қатысты мемлекеттік органдардың атқарған жұмыстары талқыланды. Партия жанындағы Мемлекеттік бағдарламалар мен реформалардың тиімділігін бағалау мен мониторингін іске асыру орталығы алаңының жиынына Nur Otan партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Парламент Мәжілісі депутаттары, қоғамдық ұйым өкілдері мен сарапшылар қатысты.
Арыс, біз біргеміз!
Nur Otan партиясы барлық аймақтық филиалдарында Арыстың тұрғындарына көмек көрсету мақсатында арнайы орталықтар жұмыс істейды. Партия Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев бүкіл елдің көрсетіп жатқан көмегі жіті қадағалауда болатынын айтты.
Біз елдігімізді тағы таныттық
Арыс тұрғындарына Қазақстанның түпкір-түпкірінен көмек беруге ықылас танытып жатқан азаматтардың саны артып келеді. Кеше халықпен есептік кездесуінде Қазақстан Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев осылай хабарлады.
Апаттан арашалау жалғасуда
Арыстың тұрғын үй қоры қысқа мерзім ішінде қалпына келтірі­леді. Бұл жайында Үкімет отырысында Премьер-министр Асқар Мамин мәлімдеді. Жиында Түркістан облы­сының Арыс қаласында­ғы төтенше жағдай орнын­да жүргізіліп жат­қан жұмыстар, сон­дай-ақ зардап шеккен­дерге көмек көрсету шаралары туралы баяндамалар тыңдалды.
Қайырымдылық көрсетті
Әскери қару-жарақ қойма­сының жарылысынан зардап шеккен ар­ыстықтарға Қазақ­стан­ның әр өңірінен қолдау көрсетілуде. Бұл ізгі істен парла­ментшілер де қалыс қалмады.
Біздің күшіміз – бірлікте
Сенаторлар Түркістан облысының Арыс қаласында болған оқиғаға байланысты қайғырып көңіл айтты. Әскери бөлімдегі жарылыс салдарынан адамдар қаза болды, жараланғандар бар, мемлекетке тұрғындарды көшіруге тура келді. Осы төтенше оқиғаға орай Парламент Сенатының төрағасы Дариға Назарбаева жеделхат жолдады.
Тұрғын үй нарығы қандай деңгейде?
Елдегі баспана мәселесін шешу үшін мемлекет түрлі бағдарлама қабылдап жатыр. Алайда пәтер жалдап күнелткен тұрғындарды үймен қамту мүмкін болар емес. Себебі... себеп көп. Соның бірі де бірегейі – тұрғын үй тапшылығы.
Арысым – ұлттық намысым!
Арыстағы қайғылы оқиға ешкімді бейжай қалдырмады. Қазақстан жұрты жұдырықтай жұмылып, елдігін көрсетіп жатыр. Мемлекет басшысынан бастап қарапайым жұмысшыға дейін біркүндік жалақысын аудара бастады. Күні кеше республика көлемінде «Арыс, біз біргеміз» атты акция басталды. Акция шеңберінде кез келген адам Арыс халқына көмек көр­сету үшін құрылған штабтар­ға барып, көмек ұсына алады.
Бейімбеттің өз ауданы бар
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысының Таран ауданын қайта атау туралы Жарлыққа қол қойды
Телефонмен сөйлесті
Мемлекет басшысы Қыр­­ғыз­­стан Президенті Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті
Беттер: 1 2 Келесі