Айқын газеті №79

Айқын газеті №79

Бұл нөмірден оқитындарыңыз:

  • Әскери әлеуетіміз қандай?
  • Еуразия аумағына ықпалы зор форум
  • Грачевтер отбасы: Ғылымға құштарлық – ұрпақ үндестігі
  • Сапекеңнің сарабдал сапары
  • Елдік үшін күрескен Сартай батыр

Материалы номера
Әке аманатына адалдық
Алға жылжыған жылдармен бірге қанатын жайып, көркейіп келе жатқан Талдықорған қаласындағы өткен жылы пайдалануға берілген әсем ғимараттардың бірі – Бикен Римова атындағы драма театрында мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай, салтанатты жиын өтіп, Жетісу жері мәдениетінің мәртебесін асырып, өнерін өрге жүздіріп жүрген сала майталмандары марапатталды. Руханияттағы жетекші саланың сардарлары мен сарбаздарын Алматы облысының әкімі Амандық Баталов арнайы келіп құттықтап, үздік деп танылғандарға жүлделерін өз қолымен тапсырып, ізгі лебізін білдірді.
Миллионмен келген қуаныш
Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Рухани жаңғыру» бағдар­ламасы аясында «Рухани қазына – 2019» фестивалі өтті. Іс-шара соңында мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлері марапатталды.
Жас ғалымдар жиыны
Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Жастар жылы аясында жас ғалымдардың республикалық конгресі өтеді. Іс-шараның мақсаты – Елбасының мемлекеттік бағдарлама­лары­ның негізгі тұжырымдамаларын іске асыру шеңберінде түйінді проблемаларды инновациялық индустрияландыру арқылы жаңғыртып, елдің экономикалық жағдайын жақсарту.
Қой жүні шикізат ретінде экспортталады
Қытайдағы «Жүн маркеті компаниясы» қоғамдық ұйымдар бірлестігі, облыстық кәсіпкерлер палатасы, өңірлік жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары мен «Шеберлер мекені» тігін өндірісі қауымдас­тықтары арасындағы төртжақты әріптестік ынтымақтастық аймақтың тігін нарығының ауқымы едәуір ұлғаюына жаңа мүмкіндіктер беретін болады.
Елдік үшін күрескен Сартай батыр
Қазір қазақ елі – абыройы артқан, төрткүл дүниені мойындатқан тәуелсіз мемлекет. Сол егемен­діктің жолында қазақ бабам не көрмеді десеңізші. Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыс та өтті. Әсі­ресе, өткен ғасыр қа­зақ халқына ауыр тиді.
Сапекеңнің сарабдал сапары
Бүгін – белгілі публицист, жазушы Әділ Дүйсенбектің туған күні.  Қаламгердің төл мерекесі күні «Егемен Қазақстан» газетінің 100 жылдығына арнап жазған  «Егеменде» еңбек еткендер» атты циклды мақаласынан үзінді жариялауды жөн көріп отырмыз.
Талғарда тау-шаңғы туризмі дамиды
Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың төраға­лы­ғымен өткен инвесторлар­мен кездесу барысында биыл жыл басына пайдалануға беріліп, жарты жылға жетер-жетпес уақыт аралығында тауда шаңғы спортымен шұғылданып, демалғанды жақсы көретіндер мен алыс-жақын шет мемле­кет­терден келген туристердің көңілінен шыққан Талғар ауда­нындағы «Ойқарағай – Лесная сказка» тау-шаңғы кешенін одан ары дамыту жоспары мен қажетті мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтылды. Сонымен бірге, жалпы Жетісу өңіріндегі көрікті және тарихи жерлерге апаратын жолдар мәселесі де талқыланды.
Мәдениет қызметкерлері марапатталды
Қарағанды облысында биыл алғаш рет облыстық бюджеттен мәдениет са­ла­сы мамандарына жоғары білім беруге мем­лекеттік тапсырыс берілді. Сонымен қатар жергілікті университеттер­де мәде­ниет және өнер маман­дарын даярлау мүмкіндігі талқыланып отыр.
Еуразия аумағына ықпалы зор форум
Алматыда XVI Еура­зия­лық медиа форумы өтіп жатыр. «Бүгінгі әлем: шына­йы­лық трансформа­циясы ма?» тақырыбына арналған халықара­лық жиынға Сенат спикері, форумның негізін салушы Дариға Назарбаева қатысты. Шара шымылдығы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау сөзімен ашылды. Ресми хатты Ақпарат және коғамдық даму министрі Дәурен Абаев оқып берді. Онда: «Бұл форум –халықаралық, аймақтық деңгейдегі қордаланған мәселелердің мәні мен мазмұнына үңіліп, себебі мен салдарын анықтауға мүмкіндік беретін маңызды алаң. Еуразия қоғамы үшін өмірлік маңызы зор ауқымды шараға айналды.
Қосанов Қостанайға барды
«Ұлт тағдыры» қозғалысының үміткері Әміржан Қосанов Қостанай облыстық сайлауалды штабының белсенділерімен және қала тұрғындарымен кездесті. Басқосуда  кандидаттың сайлауалды платформасы  таныстырылып, талқыланды. Кандидат коғамдағы  өзекті  мәселелерге қатысты өз ұстанымын жеткізді.
Жастармен жүздесті
Коммунистерден ұсынылған кандидат Жамбыл Ахметбековтің Шымкент қалалық сайлауалды штабының жетекшісі Н.Қадырқұлов пен партия комитетінің белсенділері Индустриалды-техникалық колледжде  студент жастармен кездесті.
Ауылдық үміткер шығыста жүр
«Ауыл» партиясынан президенттікке үміткер Төлеутай Рақымбеков Шығыс Қазақстан облысын аралап жүр. Кандидаттың айтуынша, бұл са­пар­дың мақсаты – өңірдің ауылшаруашылық саласындағы мәселелерімен жақын танысып, тұрғындарының сауалдарына жауап беру.
Дания Еспаева – Қарағандыда
«Ақ жол» демократиялық партиясы атынан президенттікке үміткер Дания Еспаева Қарағандыға барды. Қарағандылық кәсіпкерлер кандидаттың сайлауалды бағдарламасымен танысып, ойымен бөлісті.
Еңбек адамын қолдайды
Қазақстан Кәсіподақтар федерациясынан Қазақстан президенттігіне үміткер А.Таспи­ховтің сенімді өкілдері Батыс Қазақстан облысының Сырым аудандық білім беру бөлімінде дөңгелек үстел өткізді.
Тоғызқұмалақтан турнир өткізді
Қазақстан президенттігіне үміткер Сәдібек Түгелдің Алматы қалалық сайлауалды  штабы тоғызқұмалақтан турнир ұйымдастырды. Турнир мақсаты – ұлттық құндылықтар қатарына жататын зияткерлік ойын түріне жас ұрпақтың ынтасын оятып, бұқаралық спорт түріне айналдыру. Турнирге   кандидат Сәдібек Түгел де қатысты.
Үгіт-насихат мұнайлы өңірде жалғасты
Қазақстан президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабының мүшелері үгіт-насихат жұмыстарын Атырау облысында жалғастырды. Алдымен штаб мүшелері өңірдегі бюджет саласы қызметкер­лері­мен және жергілікті белсенді азаматтармен кездесті.
Салық қатесі рақымшылықпен түзеле ме?
Палата cпикері Нұрлан Нығма­ту­линнің төрағалығы­мен өткен жалпы отырыста Мәжіліс депутаттары қаржы нарығына қатысты жаңа заң жобасын I оқылымда мақұлдады. Құжат көптеген басқа да жаңалықтары сыртында, елімізде жаңа мемлекеттік органның құрылуын заңдастырады.
Ашық пікірлесу – ынтымақтың бастауы
Сенат төрағасы, Еуразиялық медиафорумның ұйымдастыру комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева Алматыда, форум аясында бірқатар кездесулер өткізді.
Инвестициялық жоба жайы баяндалды
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазмұнайгаз» ҰК» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Алик Айдарбаевты қабылдады.
Грачевтер отбасы: ғылымға құштарлық – ұрпақ үндестігі
Отандық ғылымның зоология саласындағы Грачевтердің отбасылық жетістіктері ел аумағынан тыс мемлекеттерге де белгілі. Грачев Владимир (1926-2016 жылдар) – аңызға айналған орнитолог және аң танушы. Оның кіші бауыры Юрий Грачев – қазақстандық жетекші териолог (сүтқоректілерді зерттеуші), ақбөкен бойынша дүниежүзіне белгілі сарапшы. Владимир Грачевтің ұлы Александр Грачев ақбөкен жануарын зерттеуге 30 жылын арнаса, немересі Алексей Грачев – бүгінгі таңда белгілі қар барысын зерттеуімен баршаға белгілі. Ғұмырын ғылымға арнаған танымал отбасының қызметі мен өмірі БҒМ Ғылым комитетіне қарасты Алматы қаласындағы Зоология институтымен және тәуелсіз еліміздің байтақ даласындағы тылсым табиғатпен тығыз байланысты.
Беттер: 1 2 Келесі