Айқын газеті №83

Айқын газеті №83

Бұл нөмірден оқитындарыңыз:

  • Мақсат – экономикалық қуатты Еуразия құру
  • Сирек мамандар сиреп...
  • Ораз Исаевтың еңбегін неге ескермейміз?..
  • Сүт өнімдеріне сұраныс бар ма?
  • АЛЖИР-де 16 мыңнан астам жәдігер бар

Материалы номера
АЛЖИР-де 16 мыңнан астам жәдігер бар
31 мамыр қарсаңында АЛЖИР-ге ағылатын халық қарасы көп екен. Тарихи ескерткішке арнайы ат басын бұрғандардың бірқатары музей алдындағы кең ауланы еркін аралап, әр экспонаттың қасына аз ғана аялдап, суретке түсіп жүр. Музей айналасын көзбен шолып шыққан адам «АЛЖИР» музей-мемориалды кешеніне қарсы орналасқан Целиноград аудандық сотының ғимаратын бірден байқайды. Шын кінәлілерге жаза кесіп, ақиқаттың салтанат құруына жұмыс істейтін сот үйінің бір кездері жазықсыз әйелдердің жан абақтысына айналған мекенге қарсы орын тебуі «әділет пен әділетсіздік текетіресі» атты әлі жазылмаған картинаға ұқсайды...
Сыннан көз ашпаған терминология
Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық академиялық кітапханада Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырмасымен Ш.Шаяхме­тов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы «Салалық терминология­ның жаңа кезеңдегі мәселелері мен міндеттері» әдістемелік семинарын өткізді. Іс-шараның мақсаты – 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру үшін салалық терминдерді біріздендіру және ұлттық терминқорымызды жетілдіру.
Сүт өнімдеріне сұраныс бар ма?
Басқа-басқа дәл Қазақстан сүттен тарықпауы тиіс еді. Ежелгі ертегілерді оқысақ та, өткен ғасырдағы деректерге көз жүгіртсек те желіні сыздаған сиыр туралы суреттеулерге жиі тап боламыз. Қазақ құрт пен май алып, ірімшік пен қауынқақты күнге жайып сүт өнімдерін қалай алудың бабын жақсы білген. Алайда қазіргі жағдай дәл сол кездегідей – бабы келіскен, бақуатты деп айтуға келмейді. Әрине, сиырды, жылқы мен түйені жайып, жем-шөбін әзірлеп, сүтін сауып, онысын сатып, не ішіп жарып отырғандар баршылық. Бірақ көп емес. Былай айтқанда ауыл шаруашылығы бізде әлі күнге заманға бейімделе алмай отыр. Осының кесірінен сүт өнімдері өзіміздің нарықты қамти алатын емес.
Мемлекеттік тілдің мәртебесі
Қазақ тілінің мемле­кеттік тіл мәртебесіне ие болғанына биыл 30 жыл толады. 1989 жылы Тіл­дер туралы заң қабыл­да­нып, қазақ тіліне ме­м­ле­­кеттік тіл мәртебесі беріл­генде әлі тәуелсіздік алмаған едік. Сірескен саяси жүйенің көбесін сөккендей болған сол күні қуанбаған қазақ қалмаған шығар. Тіл азаттығы ұлт азаттығына ұласты. Екі жылдан соң тәуелсіз­дігімізді алдық.
Ораз Исаевтың еңбегін неге ескермейміз?..
Өзі билік тізгінін ұстаған жылдары қалың қазағы үшін қыруар іс тындырған Ораз Исаевты Ақжайық ауданының халқы естерінен шығармаса да былайғы жұрт білмейді. Дұрысы, естеріне алмайды. Неге? Ол ҚазКСР үкіметінің елең-алаңында совнарком төрағасы болған, Ақ Жайық атырабынан түлеген ақиық Ораз Исаев қой! Оның атакүлдігі Жайықтың бұхар бетіндегі Көнеккеткен ауылы. Исаевты жетпісті желкелеп, сексенді төңіректеп жүргендер кәміл біледі. Ал кейінгі жастар, әй, қайдам?.. Өйткені жалы күміс, тұяғы алтын азаматтың аты ел көлемінде мүлдем аталмай, ұмытылып бара жатыр демеске амалымыз жоқ. Себебі, 39 жасында әзиз басы оққа байланып кете барған аяулы азаматтың кейін 60 жылдығын айтпағанның өзінде, соңынан да 70, 80, 90, 100, 110 жылдығы мүлдем атаусыз қалғанын қайтып жасырамыз-ау...
Келешегі кемел «Қамқор»
Қазіргі кезде елімізде мемлекет қолдауымен ашқан кәсібінің жемісін жеп, ісін өрге бастырған кәсіпкерлер мен кәсіпорындар алға қадам басу үшін мемлекетке арқа сүйейді. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы арқылы қолдауға қол жеткізген шағын және орта бизнестің тамырына қан жүгіріп, қызмет көрсету аясы да, жұмыспен қамту ісі де қарқын ала түседі. Сондай мемлекеттік бағдарламалар мен жобалардың жанды көмегі нәтижесінде табыс биігінен көрініп отырғандардың бірі – Қаратал ауданы, Үштөбе қаласындағы «Қамқор» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Жеңімпазға – 25 миллион
Орталық коммуника­циялар қызметінде Қазақ күресі федерациясының президенті Арман Шораев, Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев, ORDA INVEST корпорациясының Басқар­ма төрағасы Шалқарбек Талипов және Ұлттық Олимпиада комитеті Спорт дирекциясының директоры Елсияр Қанағатовтың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті.
Жол құрылысының қарқыны қандай?
Мәжілістегі Nur Otan партиясы фракциясы жанындағы «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарлама­сына бөлінетін Ұлттық Қор мен бюджеттік қаражатты тиімді пайдалануды ба­қы­­лау бойынша комис­сия мүшелері мен оның төра­ғасы, Мәжіліс депу­та­ты Глеб Щегельский «Щучинск-Зеренді» тас жолд­ың құрылыс бары­сымен танысты. Онда «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарлама­сы «Көлік-логистикалық инфра­құры­лымын дамы­ту» бойынша орындауға бө­лін­ген қар­жының ны­са­налы әрі тиім­ді жұмсалы­мын бақы­лау бойынша комиссия жұ­­мысы жүргізілді.
Саяси маңызы жоғары жүздесу
29 мамыр күні «Хабар» арнасынан тікелей эфирде Қазақстан президенттігіне кандидаттар арасында теледебат көрсетілді. Төрт кандидат пен үш сенімді өкілдің қатысуымен өткен теледебат 80 минутқа жалғасты. Үш раундтан тұратын пікірсайыс кезін­де канди­даттар сайлауал­ды бағдарламасын таныс­тырып, бір-біріне сұрақ қойды және қазақстан­дықтарға сөз арнады.
Кент тұрғындарымен кездесті
«Ұлт тағдыры» қозғалысы үміт артқан кандидат Әміржан Қосановтың Шығыс Қазақстан облысындағы сайлауалды штабы Зайсан, Аягөз, Қалбатау кенттерін аралады. Штаб өкілдері жергілікті тұрғындармен кездесіп, кандидаттың сайлауалды бағдарламасын таныстырды.
Тараздықтар экологияға алаңдайды
Президенттіктен үміткер коммунист Жамбыл Ахметбековтің сенімді өкілі Тараз қаласындағы «Дана-дель» ЖШС еңбек ұжымымен кездесті. Кәсіпорын – тігін өнеркәсібі саласындағы ірі ательелердің бірі. Мұнда осы кәсіпті үйренем деуші­лерге арналған оқу орталығы да бар.
Ауылдық кандидат – Атырауда
«Ауыл» партиясының кандидаты Төлеутай Рақымбеков үгіт-насихат жұмыстарымен Атырау өңіріндегі бірқатар кәсіпорындарды аралады.  «Сарайшық» кәсіпорнында ұсақ малдан 14 түрлі өнім шығарады, бұл – еліміздегі ғана емес, бүкіл ТМД көлеміндегі бірегей аграрлық ферма.
Өндірісті өңірге барды
«Ақ жол» партиясынан президенттікке үміткер Дания Еспаева Павлодар облысына қарасты Екібастұз қаласының халқына өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Мұнда үміткердің үгіт тобы жергілікті кәсіпкерлермен, энергетик және әлеуметтік сала жұмысшыларымен кездесті.
Еңбек ұжымдарымен жүздесті
Қазақстан кәсіподақтары атынан президентікке кандидат Аманкелді Таспиховтің сенімді өкілі – Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету ұйымдары қызметкерлерінің салалық кәсіподағы Атырау облыстық филиалының төрағасы Шыңғыс Абилов Атырау облысы жұмыспен камтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы және Атырау облысы қаржы басқармасы ұжымымен кездесті.
Ұлттық спортты сөз етті
Ел басқару үшін сайлауға түсіп жатқан кандидат Сәдібек Түгелдің Алматы облысы бойынша сенімді өкілдері ұлттық және ат спорты түрлерінен спорт мектебінің ұжымымен және қала тұрғындарымен кездесті.
Мемлекет пен бизнес – егіз ұғым
Қазақстан президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикалық қоғамдық штабының мүшелері Алматы қаласына келді. Штаб мүшелері алматылық кә­сіп­керлермен кездесіп, кандидаттың сайлауалды бағдарламасында бұл салаға ерекше басымдық берілгенін айтты.
Бизнеске төнген қауіпті сейілтті
Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалы­ғымен өткен палатаның жалпы отырысында депутаттар оңалту және банкроттық рәсімдерін жетiлдiруге қатысты түзе­тулерді бірінші оқы­лымда мақұлдады. Құжат дәрменсіз бизнес нысан­дарының осы рәсімдерді қолдануы шарттарын оңайлатуға бағытталған.
Елбасы – құрметті Сенатор
Сенат басшысы Дариға Назарбаеваның төрағалығымен өткен жалпы отырыста Парла­менттің Жоғарғы палатасы Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа «Құрметті сенатор» мәртебесін беру жөнінде шешім қабылдады.
Сирек мамандар сиреп...
Қазір сирек мамандық иелерінің қатары сиреп барады. Демография саласын індете зерттеген Мақаш Тәтімов дүниеден өтті, оның орнын басатын бір жас қазақ демограф шыққан жоқ. Сол тәрізді елімізде палеонтолог мамандарының шоғырын кездестіре алмайсыз. Бұл қалай?
Абайдың 175 жылдығы тойланады
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылы қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын жоғары ұйымдастыру­шылық және мазмұндық деңгейде мерекелеуді қамтамасыз ету туралы қаулыға қол қойды.
Беттер: 1 2 Келесі