Айқын газеті №87

Айқын газеті №87

Бұл нөмірден оқитындарыңыз:

  • Ұлықтай білетін жұрт еңбекті ұмытпайды
  • Іс тетігін кадр табады
  • Министрдің уәдесі орындалмай қалуы мүмкін бе?
  • Ғайбат пен айбат
  • Баспана кезегінде 145 мың адама тұр

Материалы номера
Ұстаздар қызыл кілеммен жүрді
Ғалым да, кенші де алдында бас иген бір топ ұлағатты ұстаздарға бүгін отырарлықтар құрмет көрсетіп, зейнеткерлік­ке шығарып салу кешін өткізді. Өздеріне арнайы төселген қызыл кілеммен жүріп өткен ұстаздарды қолына алқы­зыл гүл шоғын ұстаған шәкірт­тер мен аудан әкімі Ерлан Айтаханов құрметпен күтіп алды.
Пушкинді еске алды
Биыл классикалық орыс әдебиетінің негізін салушы, ұлы ақын әрі жазушы Александр Пушкиннің туғанына – 220 жыл. Осыған байланысты елордада бір­­­қатар мәдени іс-шаралар өтті.
Білімқұмар балаларды қолдайды
Биыл М.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің 8 оқытушысы 2018 жылдың қорытындысы бойынша республикада үздік атанды. Негізі «Жоғары оқу орындарының үздік оқытушысын» анықтаған байқауға білім ордаларының әрбір 50 оқытушысы­ның ішінде біреуі ғана қатысуы тиіс болған. Мұндай мүмкіндік аталған білім ордасының 12 қызметкеріне бұйырып, соның 8-і жүлдегерлер қатарынан көрінді. Бұл – әр 3 оқытушы-профессордың 2-еуі байқау жеңімпазы атанып отыр деген сөз.
Арманы асқақ, абыройлы жан еді
Парламент Сенаты аппаратында қатарласа қызмет атқарған Әбен Жұмашұлын еске алғанда осы бір сөздердің ойға оралатыны бар.
«Ашық әкімдік» форматына ауысты
Шымкент қаласы әкімдігі халыққа қолайлы мемлекеттік қызмет түрлерін ұсыну мақсатында «Ашық әкімдік» форматында жұмыс істеуді қолға алды. Бұл жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жергілікті атқарушы органдардың халықпен тығыз байланыс орнатудың жаңа форматына көшу туралы тапсырмасы аясында қала әкімі Ғ.Әбдірахымовтың бастамасымен жүзеге асып отыр.
Жетістік бірден келмейді
Қазақстан Президентінің Жарлығымен 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы бекітілгені белгілі. Қазір жер-жерде аталған бағдарламаға қатысты жұмыстар жүргізіліп жатыр. Түркістан облысындағы Отырар ауданында бұл бағытта жемісті жұмыс көп.
Баспана кезегінде 145 мың адам тұр
Алматы облысының Алматы қаласымен  шектесіп жатқан Талғар ауданында жалпы аумағы  850 мың шаршы метр болатын тұрғын үй құрылысы салынып жатыр. Сонымен бірге, жолдар жөнделіп, елдімекендерді таза ауызсумен қамтамасыз етуге қатысты да үлкен шаруалар атқарылып жатыр. Жалпы бұған дейін жазғанымыздай, Алматы қаласы маңындағы аудандарға қоныстанушылар қатары алға жыл санап артып келеді.
Тынығу маусымы басталды
Жадырап жаз шығысымен балалардың барлығы жазғы тынығу лагерьлеріне барып тынығады. Дәстүрге айналған мұндай тынығу мерзімі жыл айналып тағы да келді. Осыған орай Қазалыдағы «Шағала» балалар лагері 1 маусымнан бастап жазғы тынығу маусымына балаларды қабылдады.
Салық рақымшылығы кімге жасалады?
Елбасы тапсырмасы бойынша елімізде шағын және орта бизнес субъектілеріне негізгі салық сомасын төлеген жағдайда өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығару бойынша салық рақымшылығы жүргізіліп жатқаны белгілі. Оны жүргізу тәртібіне сәйкес мемлекеттік кірістер органдары өз еркімен салық төлеушілердің жеке шоттарын тексеріп, күнделікті салықтың негізгі сомасының төленуіне мониторинг жүргізеді.
Жалпыұлттық акция қорытындыланды
#NurOtanTrends алаңында бас қосқан елімізге белгілі сарапшылар мен мамандар #BIRGE жалпыұлттық акциясының алдын ала нәтижелерін талдап, талқыға салды.
Агротехнология алға бассын десек...
Nur Otan партия­сының «Қазақстан – 2021: Бірлік. Тұрақты­лық. Жасампаздық» сайлауалды бағдарла­масының аграрлық сектор бағыты бойын­ша комиссия отырысы өтті. Мәжіліс депутаты Жексенбай Дүйсебаев жетекшілік еткен жиынға Мәжіліс депу­тат­тары, орталық мемле­кеттік органдардың және басқа да салалық қауымдастық пен кәсіподақ өкілдері қатысты.
Штабтағы жүздесу
Қазақстан президентіне үміткер Әміржан Қосанов Батыс Қазақстан облыстық сайлауалды штабының белсенділерімен кездесті. Іс-шарада кандидаттың сайлауалды платформасы нақтырақ талқыланып, түрлі өзекті қоғамдық мәселелерге қатысты өз ұстанымын жеткізді.
Шахмат турнирі өтті
Президенттікке үміткер Жамбыл Ахметбековтің сенім білдірген тұлғалары қалалық Ардагерлер кеңесімен кездесті. Кездесу кезінде партияның жаңа мүшелеріне партиялық билеттер табысталып, шахмат турнирі ұйымдастырылды.
Рухани құндылықтың қайнар көзі
Ауыл тұрғындарының негізгі мәселесінің бірі – жайылымның жетіспеуі. Жер көлемі жағынан 9-орында тұрған ел үшін жайылым жердің табылмауы ақылға қонымсыз. «Ауыл» партиясының үміткері Төлеутай Рақымбековтің Ақмола облысы ауылдарының тұрғындарымен кездесуінде осы мәселе кеңінен сөз болды.
Азаматтарды қабылдады
«Ақ жол» партиясынан президенттікке үміткер Дания Еспаеваның штабы Ашық есік күнін өткізді. Нұр-Сұлтандағы штаб кеңсесінде Дания Еспаева  азаматтарды жеке сұрақтар бойынша қабылдады.  
Ұжымдық шартқа ұқыптылық керек
Кәсіподақтар атынан сайлауға түсіп жатқан кандидат Амангелді Таспиховтың Жамбыл облыстық қоғамдық штаб мүшесі Г.Момбекова облыстық Ана мен баланы оңалту орталығының еңбек ұжымымен кездесті.
Киелі мекендегі кездесу
Қазақстан президентіне кандидат Сәдібек Түгел Маңғыстау облысындағы үгіт-насихат жұмысын Ақтаудан бастады. Кандидаттың сенімді өкілдері ұйымдастырған кездесуде Сәдібек Түгел қала тұрғындарын сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.
Аймақты аралап, елордаға оралды
Қазақстан президенттігіне үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабы еліміздің барлық аймағын аралап, Нұр-Сұлтанға оралды. Штаб мүшелері елордалық өнеркәсіп кәсіпорындарының еңбек ұжымымен, астаналық ЖОО оқытушыларымен және студенттерімен кездесіп, «Есіктен есікке» акциясына қатысты.
Шетелдік БАҚ-тың ынтасы зор
Қазақстанда 9 маусымға тағайындал­ған кезектен тыс президенттік сайлауды жария етуге шетелдік журналистер­дің рекордтық саны тір­кел­ді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі хабарлады.
Сайлау науқанын талқылады
Bolashaq қауымдастығы сайлау туралы пікірсайыс алаңын өткізіп, сайлау науқанына қатысты маңызды тақырыптарды талқылады. Шараға «Болашақ» бағдарламасының түлектері жиналып, сайлауға дайындық барысы, үгіт-насихат жұмыстары мен қоғамдық пікір, әлеуметтік желілердің рөлі менбасқа елдер тәжірибесі туралы ойларымен бөлісті.
Беттер: 1 2 Келесі