Айқын газеті №72

Айқын газеті №72

Бұл нөмірден оқитындарыңыз:

  • Сұрапыл соғыс салмағы
  • Көмек берген қандай-ды...
  • Қалам мен қаруды қатар ұстап
  • "Халық жауы" балалары қан майданда қандай ерлік көрсетті?

Материалы номера
«Халық жауы» балалары қан майданда қандай ерлік көрсетті?
Екінші дүниежүзілік соғыс қаншама қазақтың басына қайғы-қасірет әкелді. Бұл қанқұйлы соғысқа «халық жауының» балалары да қатысты. Олардың соғысқа сұранғандағы бар мақсаты жазықсыз жапа шегіп, атылып кеткен әкелерін ақтау болатын.
Қалам мен қаруды қатар ұстап...
1941-45 жылдар арасында Қазақстан ұлттың жартысынан астамын қан майданға берді.  КСРО халқы Ұлы Отан үшін  шайқаста жан аямай күресті. «Ұлы Отан соғысы» туралы атауға қарсылар да көп. «Қазақ  кімнің  Отаны үшін жан қиды?» дейтін пікірлер де аракідік  кездесіп жатады.  Дегенмен бұл соғысқа Қазақстаннан жүздеген мың адам қолына қару алып, ұрыстарға қатынасқаны,  Отан қорғау жолында мыңдаған қазақстандықтың шейіт болғаны – тарихи шындық. Бұл шындықтан қаша алмайтынымыз рас.
Күләш Қыдыржанова, Майданда із-түзсіз жоғалған әкемнің зиратын таптым
Жеңістің жетпіс төртінші көктемі де келіп жетті. XX ға­сыр­дағы ең алапат, ең ауқым­ды соғыстың аяқталға­ны­на да осыншама жыл болыпты. Мұрты тебіндеген шақта майданға аттанып, елге оралмай қалған боздақ қаншама. Алматы қаласының тұрғыны, зейнеткер Күләш Қы­дыржанова – өмір бойы әкесін іздеген жан. Ақыры арманына жетіп, майдан даласында қаза тапқан әке зиратын тауып, былтыр тәу етіп қайтыпты. Саналы ғұмырын денсаулық сақтау саласына арнап, қалалық ардагерлер емханасында 10 жыл бас дәрігердің орынбасары, сосын 12 жыл бас дәрігер болып жұмыс істеп, 65 жасында зейнетке шығыпты. Қазір екі бала, он немересі бар.
Он мыңғы жуық «қара қағаз» таратылмай қалған
Соғыс! Аты да, заты да суық. Ұлынан, жарынан, әкесінен, бауырынан айырылған қаншама жанның күңіреніс-күрсінісі бар онда! Бұл – тағдыр! От ортасы­нан оралмай қалған ұлын сарғая күткен кешегі «қара кемпірдің» образына сыйып кеткен ұлт тағдыры. Иә, Ұлы Жеңіске 74 жыл толса да, сол бір сұрапыл жылдардың ауыр зардабы жер үстінде әлі күнге жаңғырығумен келеді. Қаншама оғыланның еш жерден дерегі табылмай, қаншама үміт үзілді десеңізші...
Ерлігі елге мұра, жас өскінге өнеге
Төшкен Мұхамеджанов 1919 жылы 15 шілдеде СҚО Приишимский ауданы (қазіргі Мамлют ауданы) Бостандық ауылында дүниеге келген. 1934 жылы толық емес орта мектептің 3-класын бітіріп, жергілікті колхозда жұмыс істейді. 21 жасында әскер қатарына шақырылады. 294-атқыштар дивизиясының 470-атқыштар полкінің құрамында әскери борышын өтеп, ары қарай 1941 жылы қыркүйекте Екінші дүниежүзілік соғысқа аттанады.
Көпбалалы отбасыларға пәтер берілді
Тараз қаласында 100 пәтерлі арендалық-коммуналдық көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Пәтер кілтін табыстау салтанатына облыс әкімі Асқар Мырзахметов арнайы қатысып, қуаныш иелерін құттықтады. Пәтер кілтін иеленгендер қатарында соғыс ардагері, жетім балалар, әлеуметтік аз қамтылғандар, мемлекеттік және бюджеттік ұйым қызметкерлері бар. Олардың ішінде барлығы 35 көпбалалы отбасы баспаналы болып отыр.
Қаза тапқан полицейлерге мемориалды ескерткіш тақта ашылды
Адам өмірін сақтап, өзі қаза тапқан полиция сержанты Шалқар Ақымғалиевке  Президент Жарлығымен ІІІ дәрежелі «Айбын» ордені берілді. Отан қорғаушылар күні өткен салтанатты шарада облыс әкімі Нұрлан Ноғаев полицейдің  анасы Ләззат Мәженқызына мемлекеттік награданы табыс етті.
Достықты ұлықтаған ескерткіш
Ұлы Жеңіс күні қарсаңында Петерборда қазақ халқының мақтанышы, Кеңес Одағының Батыры, снайпер қыз Әлия Молдағұловаға ескерткіш ашылды. Ерен ерлігі мәңгілік тағдырына айналған батырға арналған бұл мүсін – достықты, бейбітшілікті, сондай-ақ  қазақ халқының ұлы қызын ұлықтап тұрғандай.
Қандай құрмет көрсетсек те жарасады!
Н.Бекежанов атындағы облыстық драма театрында Жеңістің 74 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті. Шара дүниеден озған майдан жауынгерлерін бір минут үнсіздікпен еске алудан басталды. Кешегі жауынгерлер мен олардың ізін жалғастырған Отан қорғаушыларды облыс әкімі Қырымбек Көшербаев құттықтады.
Сый-сыяпат жасады
Бүгінде Түркістан облысы бойынша ҰОС ардагерлері және оларға теңестірілген­дер саны он екі мыңнан асса, соның ішінде 60-тан астамы сұрапыл соғыс дала­сынан келгендер.  Ал тыл ардагерлері тоғыз мыңнан асылып жығылады. Ұлы Жеңістің 74 жылдығы мерекесі қарсаңында Түркі­стан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев бірқатар ҰОС ардагерлерінің шаңырақтарына барып, арнайы құттықтады.
Ардагерді құттықтады
Жеңіс күніне орай облыс әкімі Асқар Мырзахметов Ұлы Отан соғысының ардагері, Тараз қаласының тұрғыны Тілеуқабыл Төребековтің шаңырағына арнайы барып, құттықтады.
Студенттермен жүздесті
Мәжіліс депутаттары Зағипа Балиева, Амангелді Дәурен­баев және Бақтияр Мәкен Алма­тыдағы Қазақ ұлттық аграрлық универси­тетінің ұстаз-ғалымдарымен, жаста­ры­мен кездесті. Олар мемле­кеттік ауқымды бағдарламалар барысын түсіндіріп, жастардың заман талабына сай білім алуы, ғылыммен айналысуы жөнінде кеңінен әңгіме қозғап, әлеу­меттік мәселелер төңірегінде ой бөлісті.
Саяси науқанның маңызы талқыланды
Шымкентте «Сайлау – 2019: жоспарланған саяси науқанның ерекшеліктері» тақырыбында эксперттік талқылау жиыны өтті. Оған  Шымкент қалалық қоғамдық кеңесінің төрағасы Нұрғазы Бұхарбаев, Шымкент қалалық «Азаматтық Альянс» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Жұмағали Біліс­бе­ков, Қазақстан Журналистер одағы Шымкент қалалық филиалының төрайымы Айгүл Қапбарова, журналист, блогер Сырым Итқұлов қатысты.
Орталық жұмысымен танысты
Бүгінде Nur Otan партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» әлеуметтік қайырымдылық жобасы аясында ашылған Қарағанды облысындағы Достық үйінде ардагерлерге арналған «Белсенді өмір сүру орталығы» үлкен маңызға ие. Мекемеде мәдени-рухани клубтар, тіл үйрету және компьютерлік сыныптар жұмыс істейді. Аталған мекемеде зейнет жасындағы қариялар шахмат ойнап, кітап оқып, домбыра тартып, қолөнермен шұғылданады, тіпті фитнес залында жаттығулар жасай алады.
Еуропалық одақ өкілдігі басшысымен кездесті
Nur Otan партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев Еуропалық одақтың Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Свен-Олов Карлссонмен кездесті. Кездесуде тараптар екіжақты ынтымақтастық­тың маңызы мен алдағы Қазақстан президентінің сайлауына қатысты мәселелерді талқылады.
Омбудсмендер алаңы құрылады
Қазақстанның адам құқықтары жөніндегі уәкілі Асқар Шәкіров Еуропалық одақтың еліміздегі елшісі Свен-Олов Карлссонмен кездесу өткізді. Оның барысында адам құқықтарын қорғау мен ілгерілетудің өзекті мәселелері талқыланды, сондай-ақ осы саладағы ынтымақтастықтың мүмкіндіктері пысықталды.
Жалдамалы үй қанша уақытқа беріледі?
Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифингте Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» жаңа әлеуметтік шаралары аясында берілген жалдамалы үйлерде отбасылардың қанша уақыт тұра алатыны туралы айтып берді.
Әр үміткерге – 7 млн теңге
Алдағы сенбіде, яғни 11 мамырда сағат 18:00-де Қазақстан президенттігіне кандидаттарды тіркеу кезеңі аяқталуы тиіс еді. Алайда  Орталық сайлау комиссиясы заң талабына сай келетін үміткерлерді 6 мамырға дейін тіркеп қойды. Үміткерлер осы мүмкіндікті пайдаланып, үгіт-насихат жұмысына 5 күн бойы дайындала алады. Ел қазынасынан әр үміткерге үгіт жүргізуі үшін 7 млн 331 200 теңге беру көзделген. Бұл жөнінде Орталық сайлау комиссиясының отырысында айтылды.
Шетелдік байқаушылар ашық бағалауға ниетті
Польшаға жұмыс сапары аясында Қазақстанның сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының (ЕҚЫҰ/ДИАҚБ) директоры Ингибьерг Сольрун Гисладоттирмен кездесу өткізді.
Литвамен келісім құпталды
Палата спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен Мәжілістің кезекті жалпы отырысында депутаттар бірқатар жаңа заң жобаларын қарады.
Беттер: 1 2 Келесі