Айқын газеті №84

Айқын газеті №84

Бұл нөмірден оқитындарыңыз:

  • Ұлттық тұтастық ұғымы
  • Салық пен сүлік арасы
  • Балаңыз қауіпсіз бе?
  • Бірнеше сағаттық көзбояу керек пе?
  • Ономастикалық атауларды латын әліпбиінде жазуда қиындатпау керек

Материалы номера
Шымкентке жасалған алғашқы рейс
Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Air Astana әуекомпаниясының президенті Питер Фостерді әуежайдан күтіп алды. Шырайлы қалаға ат басын бұрудағы себеп – жаңа әуекомпанияның алғашқы рейс жасауы.  
Даулы мәселені шешудегі заңнаманның тиімділігі
Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотымен жаңа азаматтық-процессуалдық кодексінің жобасы дайындалған. Аталған кодекске енгізілген нормалар «Даулы мәселелерді шешудегі заңнаманың тиімділігі» индикаторы көрсеткіштерін көтеруге септігін тигізеді.
Лука Йович
Югославиялық басқа ойыншыларға қарағанда, Лука Йовичтің жолы болды. Ол – бейбіт әлемнің өкілі. Серб-босния арасындағы қақтығысты көрген жоқ, туған жері Батарға қауып төнген емес. Йович Боснияда дүниеге келді. Серб отбасында тәрбиеленді. Футбол – генінде. «Црвена Звездада» тәлім алған балаға қазір әлем көз тігіп отыр. ЕЛ-дің жартылай финалында «Челсиге» гол соққан Луканың қауқары белгілі.
«Әлеуметтік карта» көңілден шыға ма?
Бір бұлқынып басылған халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтылған тобындағылардың мәселелері толығымен шешілді деуге болмайды. Соған сай көпбалалы отбасылардың, жалғыз­басты аналардың және тағы да басқа да қолдауға мұқтаждар санатында­ғы­лар­дың алаң көңілі ты­нышталды дей алмаймыз. Баспанаға мұқтаж көп­балалы аналардың алғашқы наразылығы былайғы кезде бұйығы жататын Жетісу өңірінде басталып, содан кейін бүкіл республика аумағында жалғасын тапқанын жұрт жақсы біледі.
Ел сенімін ақтаған ер
Өмірде мамандығына аса сүйіспеншілікпен қарап, өмірінің бір бөлше­гіне айналдырып, шыңына жеткен адамдарды өз ісінің хас маманы дейміз. Ондай азаматтарға халық та құрметпен қарап, ба­ға­лайды, мақтаныш етеді.
Ономастикалық атауларды латын әліпбиінде жазуда қиындатпау керек
Ономастикалық атаулар, оның ішінде еліміздің жер-су атаулары, аты-жөндеріміз – ұлттық-тілдік және мемлекеттік бірегейлігімізді айқындайтын басты факторлардың бірі. Тәуелсіздік алған жылдардан бері ономастикалық атаулардың мазмұнын  ұлттандыруға бағытталған қыруар іс-шаралар атқарылғандығы белгілі. Енді латын әліпбиі енгізілген сәттен бастап мыңдаған, жүз мыңдаған ономастикалық атауларымыз кең халықаралық, әлемдік ақпараттық кеңістіктегі айналымға енгелі отыр.  Осы орайда еліміздің жер-су атауларын латын әліпбиінде таңбалау, сондай-ақ, шеттілдік географиялық атауларды қазақ тілінің жаңа әліпбиінде жазу және төл антропонимдік жүйемізбен қатар шеттілдік есімдерді таңбалау мәселесі өзекті болмақ.
Бірнеше сағаттық көзбояу керек пе?
Барша қазақстандық түлектер 12 маусым күні мектеппен қоштасу кешін өткізеді. Жыл сайын көтерілетін тақырыптан бұл жолы да аттап өте алмадық. «Айта-айта Алтайды, Жамал апам қартайды» деген бар. Бірақ мектеп бітіру кешін қарапайым өткізу туралы айтып-айтып ақыры бір сең қозғалып келеді. Қарқыны әзірге баяу. Десек те, бірінен бірі көріп, үлгі-ғибрат алса құба-құп. Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшідинова да бұл тақырыпқа қатысты пікір білдіріп, ұстаздар мен ата-аналарға ескерту жасады. Қайырымдылық жасап, тал егуге тыйым жоқ. Аста-төк кеш, ұлан-асыр той жасаудан бас тартуға ғана шақырады.
Түркістанда түркі әлемі бас қосты
Түркі тілдес әлемнің мәдени және рухани орталығы – Түркістан қаласы тарихының, фольклорының, мәдениетінің халықарлық өркениеттегі маңызын айқындау, тәжірибе алмасу және пікірлермен бөлісу мақсатында «Түркістан – түркі әлемінің бесігі» атты халықарлық конференциясы өтті.
Қаржылай емес қолдау қалай жүргізіледі?
Кәсіпкерлерді сервистік қолдау – «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарла­масы шеңбе­рінде көрсетілетін қаржылай емес қолдаудың бір бағыты. «Атамекен» Ұлттық кәсіп­керлер палатасы – осы бағдарлама шеңберінде қаржылай емес қолдаудың операторы. Бұл шара жеке кәсіпкерлік субъектілері және кәсіп бастағысы келетін адамдарға беріледі. Қолдау кәсіп­керлікті ақпараттық-талдама­лық қамтамасыз ету, кәсіпкерлер­дің біліктілігін арттыру, кәсіп­кер­лер қызметінің өнімділігін арттыру, сонымен қатар іскерлік байланыс­ты арттыру бағытында жүреді. Қолдаудың бұл түрі кәсіпкерлер арасында сұранысқа ие.
Балаңыз қауіпсіз бе?
Бала – адамның өмірдегі ең маңызды жетістігі, елдің ертеңгі болашағы. Оның күлкісі бүкіл әлемге сән береді.
Бүгін – Халықаралық балаларды қорғау күні. Осы орайда еліміздің кішкентай азаматтарының қауіпсіздігіне қаншалықты көңіл бөліп жүрміз деген сауал туындайды.
Ұлттық ойындар ұлықталған күн
Жамбыл өңірінде бір аптаға созылған спорттың төрт түрінен өткен ел біріншілігінде 15 өңірдің құрамалары бақ сынады. Қазақстан чемпионатында жамбылдықтар да ауыз толтырып айтарлықтай жеңіске қол жеткізді.
Жаңа орталық құзыреті
Қостанай облысындағы  Лисаков техникалық колледжінде тау-кен өндіру саласындағы мамандарды даярлауға бағытталған құзыреттілік орталығы ашылды. Айта кету керек, бұл еліміз бойынша алтыншы, ал Тобыл-Торғай топырағындағы алғашқы орталық. Еңбек министрілігінің жол картасына сәйкес  шетел инвесторларымен техникалық және кәсіби білімді жетілдіру мақсатында қолға алынған бастамалардың біріне Лисаков білім ордасы да еніп отыр.  
Көпбалалы аналарға – баспана
Бүгінде Nur Otan партиясы­ның XVIII съезінде талқыланған көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды әлеуметтік қол­дау­дың жаңа шаралары еліміз­дің әр аймағында белсенді түрде жүзеге асырылуда. Көпбалалы аналарға атаулы әлеуметтік көмек беріліп, түрлі жеңілдіктер қарастырылып жатыр.
Белсенді жастар бас қосты
Алматыда еліміздегі еріктілер қозғалысының дамуына арналған «Жас Отан» Жастар қанаты мен «Еріктілер лигасы» қоғамдық қорының белсенді жастары арасында кездесу өтті. Дөңгелек үстелде Алматы қалалық «Жас Отан» Жастар қанатының төрағасы Мәди Ахметов, «Еріктілер лигасы» қоғамдық ұйымының жетекшісі Айсұлу Ерниязова жүзеге асырылып жатқан жобалар жөнінде әңгімелеп, келешектегі жоспарларымен бөлісті.
Сайлау алдындағы семинар
«Ұлт тағдыры» қозғалысы атынан  Қазақстан президентіне сайлауға түсіп жатқан Әміржан Қосанов Павлодар облысына қарасты Ақсу қаласының тұрғындарымен кездесті. Іс-шарада кандидаттың сайлауалды платформасы терең талқыланды. Үміткер түрлі өзекті қоғамдық мәселелерге қатысты өз ұстанымын жеткізіді.
Көркем әдебиет оқуға шақырды
  Алматы облысы Ескелді ауданы Текелі қаласында коммунистер ұсынған кандидат Жамбыл Ахметбековтің Алматы облыстық сайлауалды штабының жетекшісі С.Биғарова №5 мектеп-лицейінің   педагогикалық ұжымымен кездесті.
Жылыжай көбею керек
«Ауыл» партиясы атынан президенттікке кандидат Төлеутай Рақымбеков Маңғыстау жұртшылығына сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Үміткер жергілікті тұрғындармен кездесуде аймаққа тән мәселелерді көтеріп, оны шешу жолдарын ұсынды.  
Ана капиталын енгізсе...
«Ақ жол» партиясынан үміткер Дания Еспаеваның Павлодардағы штабы кандидат пен кәсіпкерлердің кездесуін ұйымдастырды.  Аймақтық штаб қатысуымен өткен үгіт шаралары аясында Дания Еспаева «Технопром текс» ЖШС, «Мерусар и К» біржолғы медициналық өнімдер зауыты мен  «Қазэнергокабель» АҚ-на барды.
Білім қызметкерлерімен кездесті
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы Маңғыстау облыстық ұйымының төрайымы, президенттікке үміткер Амангелді Таспиxовтың сенімді өкілі Тарбия Байымбетова Мұнайлы ауданының білім беру ұйымдарының директорлары, іс-жүргізуші кадр мамандары, есепшілері мен бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жетекшілерімен кездесті.
Алматы сапары жалғасты
Республикалық штабтың Алматы қаласындағы сапары жалғасын тапты. Кездесудің екінші күні қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдерімен жүздесуден басталды.
Беттер: 1 2 Келесі