Айқын газеті №85

Айқын газеті №85

Бұл нөмірден оқитындарыңыз:

  • Көне Тараз тарихы зерттеле береді
  • Балаңыз қайда барады?
  • Қала баласы қайда демалады?
  • Тарихтың бір тіні – түйе табанында
  • Қаламгерге құрмет

Материалы номера
«Алтын қанат» иегері анықталды
Елімізге Медеу Арынбаев, Мәдина Сәдуақасова, Маржан Арапбаева, Жанар Дұғалова, Димаш Құдайберген сынды талай таланттарды сыйлаған республикалық «Жас қанат» жас орындаушылар байқауы 31 мамыр мен 2 маусым аралығында жиырма сегізінші рет өтті. Тәуелсіздігіміздің төл құрдасы болған музыкалық додада Қазақстанның 10 қаласынан 14 үміткер бақ сынады.
Сәуле Парманова, Әуезов аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы: Көлеңкелі экономикамен күрес – басты міндет
Қазіргі кезде отандық нарықта шетелден әкелінген түрлі киім тауарлары сатылымға шығарылған. Оның арасында сапасы төмен, жасанды өнімдердің қатары артып келе жатыр. Мемлекет соларға тосқауыл қойғысы келеді. Тұтынушылар жалған өнімдердің құрбаны болмас үшін сырттан әкелінген киімдерге арнайы таңба белгісі жапсырылмақ. Жоба осыдан екі жыл бұрын қолға алынған еді. Бұл бірінші кезекте сатып алушының мүддесін қорғаса, екінші тұрғыдан алғанда түпнұсқа өнімді өндірушілердің құқығын қорғайды. Осы орайда өнімдерді таңбалау жұмысын қадағалаумен белсенді түрде айналысып жатқан Алматы қаласы Әуезов аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманымен пікірлескен едік.
Қылқалам шеберлерінің көрмесі
Тәуелсіздік сарайында «Сиқырлы бояулар әлемі» атты жас қылқалам шеберлерінің көрмесі өтті.
Көше атауы берілсе...
Қазақстанның Тұңғыш Президенті өзінің өкілеттігін тоқтататыны туралы мәлімдегенде, Елбасының тарихи шешіміне қазақстандықтар қимастық танытқанымен, қолдау көрсетіп, сын сәтте ауызбіршілік танытты. Көпшіліктің көкейінде «Енді қалай болар екен?» деген сұрақ тұрғаны анық. Қазақстанда билік транзиті заң шеңберінде, демократиялық үрдістерге сай бейбіт жағдайда өтті. Халқымыз сабырлы қалпын сақтап, биліктің ауысуын қалыпты қабылдады. Елінің қамын, бейбітшіліктің бұзылмауын ойлаған дана шешімі үшін, оған деген туған халқының сүйіспеншілігі де арта түсті. Әлем саясаткерлері Елбасының парасаттылығымен көрегендігін мойындады.
Тарихтың бір тіні – түйе табанында
Қазақ тарихын түйеден айырсаңыз не болады? Онда Асан қайғы бабамыз желмая мініп желдіртпей, «Жерұйықты» қалай іздер еді? Молшылыққа, қуанышқа, үлкен тойға кенелді дегенді «ақ сиырдың қарны жарылды» деп айтар ма едік? Ойсыл қара түлігіндей 250 келідей жүкті басқа үй жануары көтере алмайтындықтан, ол болмағанда, Ұлы даланың символына айналған керуен жолдары да дамымауы мүмкін еді.
Қала баласы қайда демалады?
Санасын сабақтан арылтып, балалық шақтың аралында алаңсыз сайрандауды армандамайтын бала жоқ. Ауыл баласы Қожадай қырықтыққа, шөп шабуға шабылып жатпаса да, кекiлiн күнге сүйдiрiп, табанын құмға күйдiре алатын үлкен мүмкіндікке ие. Қала баласы ше? Олар не істейді? Бүгінде апасының ауылына баратын бала бар ма өзі? Жазғы демалысы басталған қала балалары қалай демалады?
Әр студент – тұлға
Орталық коммуникациялар қызметінде «Жастардың өзін-өзі басқару органдарының жүйе­сін дамыту» атты әлеумет­тік жоба аясында «Студенттер үйі 2:0» акциясының танысты­рылы­мы өтті.
Мемлекет ұсынған мүмкіндік
Еңбегі өнімді, табысы тұрақты кәсіпкер атану үшін тың тәжірибе мен қарқынды қолдаудың қажет екені белгілі. Осы орайда табиғаттың мына заңдылығы еске түседі: пілләдан көбелек жарып шығар кезде қауашақтың іші 80 градусқа дейін ысып-күйе бастайды. Әлгіндей қызуға шыдағанда ғана қауашақтан әдемі көбелек дүниеге келеді. Жас кәсіпкер де осыған ұқсас, сан түрлі кедергі, қаржылық қиындықтарға төтеп беріп, бизнес бағытына төселу алғашында кімге болсын оңай тимейді. Алайда қазір мемлекет тарапынан көрсетілген қолдау үлкен мүмкіндікке айналуда.
Мамочкина моласына ескерткіш орнатылады
Қарағанды облысында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды. Митинг-реквием Спасск мемориалды кешенінде өтті. Ресми деректер бойынша, Спасск зиратында 5152 адам жерленген. 1937-1938 жылдардағы нәубет ұлт жанашырларын да жалмады. 165 мың қазақстандық үлкен террордың құрбанына айналды. Олардың 25 мыңы ату жазасына кесілді. Солақай саясаттың салдарынан құрбан болған боздақтарды қарағандылықтар ерекше тебіреніспен еске алды.    
Керекудегі кездесу
Қазақстан президентіне үміткер Әміржан Қосанов Павлодар облыстық сайлауалды штабының белсенділерімен және жергілікті тұрғындармен кездесті. Іс-шарада кандидаттың сайлауалды платформасы кеңірек талқыланып, түрлі өзекті қоғамдық мәселеге қатысты ұстанымын жеткізді.
Коммунистер флешмобы
Үміткер Ж.Ахметбековті қолдау мақсатында Көкшетау облыстық сайлауалды штабы белсенділері «РИО» сауда ойын-сауық орталығында әншілердің қатысуымен флешмоб өткізді. Артистер үміткердің баннерінің жанында кеңес кезіндегі танымал әндерді орындады.
Өнер бәйгесін өткізді
«Ауыл» партиясының атынан сайлауға түсіп жатқан Төлеутай Рақымбековтің сенімді өкілдерінің ұйымдастыруымен Орал қаласында жиын өттті. Онда қазіргі жастар мәселесі, оның ішінде жұмыссыздықпен күрес, баспанамен қамту және ұлттық құндылықтарды сақтау төңірегінде сөз болды.
Алашқа тағзым
«Ақ жол» партиясынан президенттікке үміткер Дания Еспаеваның штабы «Алашқа тағзым» акциясын өткізді. Партия басшылығы, «Ақ жол» партиясының депутаттары, үміткердің сенімді өкілдері «Алаш» қайраткерлері мен қуғын-сүргінге ұшыраған ата-бабаларының портреттерімен репрессия құрбандарының  ескерткішіне барды.
Сенімді өкілдер – сапарда
Кәсіподақтар атынан президент сайлауына түсіп жатқан Аманкелді Таспиховтың аймақтық қоғамдық штабының өкілдері Шымкент қаласындағы Саз колледжі еңбек ұжымымен кездесті. Білім ордасында 446 студент оқиды. Оларға 153 оқытушы және оқыту-шеберлері білім береді.
Демографияға көңіл бөлді
Қазақстан президентіне кандидат Сәдібек Түгел 1 маусым бала­ларды қорғау күні қарсаңында Қарағанды облыстық клиникалық ау­ру­хана жанындағы перзентхана бөлімінде болды. Өмірге перзент әкеліп, қуаныштан жүздері жайнаған төрт анаға гүл шоғын сыйлап, ақ тілегін арнады.
Жетісу жұртымен жүздесті
Қазақстан президентіне үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикалық штабының мүшелері Алматы облысында халықпен тығыз жұмыс істейтін сала мамандарымен, қоғам белсенділерімен кездесті.  
Саясаттанушыға сұраныс неге жоқ?
Дамуды көздеген ел саясаттанушылар кеңесіне жүгінеді. Осы саланың мамандары жасаған сараптамаларға сүйеніп, әрекет етеді.  Қазақстанда әзірге олай болмай тұр. Саясаттанушы сараптамасын  сынап жатыр деп қабылдайтын билік олардан іргесін аулақ салуға тырысады. Сол себепті, сапалы саяси сараптамалар қағаз жүзінде қалады, ескеріп жатқан билік жоқ. Өңірлерде де саясаттанушылар қызметін  керек еткен ешкім жоқ. Соның салдарынан түрлі кикілжіңдер орын алып жатады. Саясаттану ғылымының маңызын түсінбеген жоғары оқу орындарының басшылары саясаттану кафедраларын қысқартып жіберген. Саясаттану ғылымының дамуы талқыланған Қазақстан саясаттанушыларының конгресінде осы және өзге де өзекті мәселелер сөз болды.
Қазақстанның батыс қақпасын аралады
Үкімет басшысы Асқар Мамин Каспий жағалауында халықаралық деңгейдегі жаңа туристік кешен құрылысының басталу рәсіміне қатысты. Маңғыстау облысында ол Елбасы қойған міндеттердің және Мемлекет басшысының биылғы сәуірдегі жұмыс сапары барысында өңірді әлеуметтік-экономикалық дамыту бойынша берген тапсырмаларының орындалу барысымен танысты.
Ынтымақтастыққа инновация септеседі
Қазақ-чех қарым-қаты­нас­тарының келешегі зор. Бұл туралы Мәжіліс спи­ке­рі Нұрлан Нығ­ма­ту­лин Чех Респуб­ли­касының Қазақ­стан­дағы Төтенше және өкі­летті елшісі Рудолф Гикл­ді қабылдаған кезде айтты.
Беттер: 1 2 Келесі