Айқын газеті №86

Айқын газеті №86

Бұл нөмірден оқитындарыңыз:

  • Еңбекті қадірлеу үлгісі
  • Алпауыттардың айқасы
  • Абайдың атқа міну мәдениеті
  • Руханият көшіндегі ұлы табыс
  • Қалтаны толтыруды білеміз, ал сақтыққа неге салғыртпыз?

Материалы номера
Мектеп түлегіне көрсетілген құрмет
Алматыдағы Абай атын­дағы Республикалық маман­дан­дырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интер­нат­та осы білім ордасының түле­гі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы болған, Қорғаныс министрлігінде жауапты басшылық қызмет атқарған, кейін Ұлттық қауіп­­­сіздік академиясын бас­­қарып, қазір Орталық Азия­дағы халықаралық есірткіге қарсы күрес орта­лы­ғы директоры­ның орынба­са­ры қызметін атқарып жүрген кәсіби маман, генерал-лейтенант Әділ Шаях­метовке арналған алғашқы әскери дайындық сыныбы ашылып, «Ұлы дала қыраны» атты арда азаматтың өмір тарихынан сыр шертер кітаптың тұсауы кесілді. Сонымен қатар мек­теп қабырғасына Әділ Шаях­ме­тов­тің өнегелі өмірін жас буынға үлгі ету мақсатын­да «Тамыры терең тектілік» тақырыбындағы стенд ілінді.
Жамбылдық өнерпаздар – Жизақта
Биыл – Қазақстанның Өзбекстандағы жылы. Осыған орай, жамбылдық өнерпаздар Өзбекстанның Жизақ облысында болып қайтты. Шара Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2017 жылдың қыркүйегінде Өзбекстанға жасаған мемлекеттік сапары барысында екі елдің ғасырлар бойы үзілмей келе жатқан мәдени байланысын нығайту мақсатында жамбылдық өнер шеберлерінің «Жамбылдан Жизаққа тарту» атты мәдени іс-шарасы Жизақ облысы Мырзашөл ауданынан бастау алды.
4 000 балаға арналған оқушылар сарайы
Қарағандыда Балалар мен жеткіншектер сарайының құрылысы басталды. Оқушылар сарайында 4 000-нан астам бала робототехника, бағдарламалау, авиамоделдеу, гидропоника, аэропоника сияқты 50-ден астам техникалық бағыттағы үйірмелерге қатысатын болады.
Көңілді концерт
Балалар мерекесіне орай Нұр-Сұлтан қаласындағы Жетісу саябағында Қазақ радиоларының ұйымдастыруымен  «Бала – болашағымыз» атты концерт өтті. Кеште радио журналистері мен эстрада әншілері өнерлі балалармен ән шырқады.
Руханият көшіндегі ұлы табыс
«Кілемге бергісіз алаша бар, ханға бергісіз қараша бар» демекші, мына дөңгеленген төрткүл атыраптың жұмбақ, тылсым сырларын зерделей қалсаң, білетінің бір тоғыз, білмейтінің тоқсан тоғыз көрініп, шынайы таңданушы едік. Әсіресе, көне дәуірдің күмбіріндей болып 3 мың жылдық ғұмырымен әлем картасында мәңгі қала атанған Рим, одан кейін 2700 жыл жасаған Ани, Двин, Эрибуни атауын иемденген Арменияның астанасы Ереван, шығыс мәдениетінің орталығына айналған Самарқанд т.б. толып жатқан шаһардың тарихы ешкімді бейжай қалдырмайтын әрі қызығушылық тудыратын. Бүгінде осынау көне қалалар адамзаттың бойтұмарына айналды десек те болады.
Алпауыттардың айқасы
Біз бәсекеге құрылған қоғамда өмір сүреміз. Кеңістік түрлі рейтинг, статистика, цифр мен технологияға толы. Pepsi мен Coca-Сola, Nike пен Adidas, BMW мен Mersedes, Google мен Apple, iPhone мен Samsung арасында бітпейтін өзара бәсекелестік бар. Соңғы кезде телефон текетіресіне Huawei қосылды. Үштіктің жыл сайынғы статистикасы бас айналдырады.
Кәсіптің нәсібі қоғамға арналған
Елімізде өмірлік мақсатын жүзеге асыруды армандаған жандарға мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетіліп келеді. Ең бастысы, кәсібі арқылы өзіне де, қоғамға да пайдасын тигізетіндей іс атқарып, қайтарымсыз берілген гранттың өтеуін адал өтеп, өзгелердің де мемлекет қолдауын ұтымды пайдалануына үлгі болса болғаны.
Бұл, әсіресе, кәсіпкерлік салада жетістікке жетуді мақсат еткендер үшін мол мүмкіндік.
Дүниежүзі тарихының бедерлі бейнесі
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бағыттарының бірі – «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында ағылшын тілінен тікелей қазақ тіліне аударылған оқулықтар қатарында америкалық ғалымдар Р.Данн мен Дж.Митчелдің «Panorama: Дүниежүзі тарихы» оқулығы бар.
Түркістан жәрмеңкесі
1-2 маусым күні Нұр-Сұлтан қаласында Түркістан облысы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті.
Отбасы өнегесін ұлықтағандар
«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының алғаш аудандарда өткен іріктеу кезеңдерінде топ жарған үздіктер облыстық кезеңге жолдама алған болатын. Аудандарда өткен байқауларға өңірден 180 отбасы қатысып, оның 44-і жүл­дегер атанды. Іріктелгендері Тараз қаласындағы Ы.Дүкенұлы атын­дағы қалалық мәдениет үйінде өткен салтанатты шарада марапатталды. Облыстық сараптау комиссиясы осы үміткерлердің ішінен алты отбасын іріктеген екен.
Мемлекеттік рәміздердің маңызы зор
Елімізде Мемлекеттік рәміздер күні атап өтілді. Nur Otan партиясының Шымкент қалалық филиалында айтулы мерекеге орай жиын өтті.
Лекция оқыды
«Ұлт тағдыры» қозғалысы атынан Қазақстан президенттігіне үміткер Әміржан Қосанов кеше Батыс Қазақстан облысында орналасқан «Орал ауыл­шаруашылық тәжірибелік стансасы» ЖШС жұмыс­шыларымен кездесті.
Колледждегі жүздесу
Қазақстан коммунистік халық партиясының атынан Қазақстан президенттігіне үміткер Жамбыл Ахметбеков Өскемендегі экономика және қаржы колледжінің оқытушы-профессорлар құрамымен және студенттерімен кездесті.
Ғылым өкілдерімен кездесті
«Ауыл» партиясынан  президенттікке түсіп жатқан Төлеутай Рақымбеков Алматы облысына сапары барысында  жуырда ашылған агропарк пен салаға қызмет ететін авиация өкілдерімен кездесті.
Мәдениет мәселесін көтерді
Қызылорда қаласындағы Қорқыт ата атындағы Студенттер сарайында ҚР президенттігіне үміткер Дания Еспаеваның республикалық штабы мен «Ақ жол» партиясы Қызылорда облыстық филиалы үгіт-насихат шаралары аясында жиын өткізді.
Сайлауға қатысуға шақырды
Кәсіподақтар ұсынған кандидат Амангелді Таспиховтың сенімді өкілдері Шымкент қаласының Алматы – Ташкент және Бәйдібек би даңғылы қиылысында орналасқан «Арай мұнай» жанар-жағармай бекетінің қызметкерлерімен және жұмысшыларымен кездесу өтті.
Батыр ауылына барды
Қазақстан президентіне кандидат Сәдібек Түгел Ақмола облысы Целиноград ауданы Қабанбай батыр ауылындағы № 41 мектепте жас отбасылар және ауыл тұрғындарымен кездесті.
Штаб мүшелері – Шығыста
Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикалық штабы аймақтарға сапарын Шығыс Қазақстан облысында жалғастырды. Штаб өкілдері Өскемен қаласының жұртшылығымен кездесу өткізді. Облыстық драма театрына жиналған 500-ден аса адаммен  Елбасы ұсынған кандидаттың сайлауалды бағдарламасының басымдықтарын талқылады.
Қайырымды жандар баспана сыйлады
Атырау қаласы  маңындағы Еркінқала елдімекенінде қайырымды жандар көпбалалы отбасыға үй салып берді. Жаңа баспана үш ай ішінде салынып, қасиетті Рамазан айы­ның Қадір түнінде  Мейрамгүл Әмірғалиева төрт бала­сы­мен өздеріне тиесілі шаңырақта алаңсыз өмірін бастады.
Беттер: 1 2 Келесі