Айқын газеті №91

Айқын газеті №91

Бұл нөмірден оқитындарыңыз:

  • Намыс
  • Қалауымыз – қуатты Қазақстан
  • Жүрекке Абай сөзін сақтаған жан...
  • Қандала қаныңды ғана ішпейді...
  • Доменіңіз қай тілде?
  • Адал келген ас тәтті

Материалы номера
Нұрлан ЖҰМАНИЯЗОВ, режиссер: Өнер құрбандықсыз болмайды, жанкештілік те керек
Жақында танымал театр режиссері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, атақты Әзірбайжан Мәмбетовтың төл шәкірті Нұрлан Жұманиязовпен сұхбаттасудың сәті түскен еді. Марғасқа өнер мен бүгінгі өмір жайлы әңгімені назарларыңызға ұсынамыз.
Адал келген ас тәтті
Үкімет қазір жұмыссыздықты жою үшін біршама бағдарлама жасады. Сонда да елімізде екі қолға бір күрек таппай жүргендер жетерлік. Құлықсыздық ба­сым көбімізде. Күнделікті тапқан ақшаға мәз болып жүргендер де жетерлік. Болашағын емес, бір күндік қарын тойғанды ойлайтындардың да саны азаяр емес.
Парасат мектебі» – Шығыста
Жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты қалыптастыру, сондай-ақ жемқорлыққа қарсы қарсылық көрсете алатын жаңа формациядағы жастар легін дайындау мақсатында Қазақстан президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы еліміздің барлық өңірлерінде «Парасат мектебі»  курстарын өткізуді бастады.
Доменіңіз қай тілде?
Ақпарат құралдарында мемлекеттік тілдің мәселесі аз жазылған жоқ.  Жиындар қашан қазақша өтеді,  қызмет көрсету орындары неге орыстілді,  латын қарпіне көшу, тіл мамандарын айтпағанда, қарапайым жұртты бейжай қалдырған емес. Тіл жанашырлары мекеме маңдайшасынан қате көрсе, дабыл қағуды әдетке айналдырды. Сол әдет мемлекеттік органдардың ресми сайттарын ашқан сайын  бой көтеретін болды. Себебі, ол сайттар­дың домен тілі әртүрлі.
Қандала қаныңды ғана ішпейді...
Қандала дейтін жәндікті астаналықтар жақсы біледі. Аты қаншалықты сүйкімсіз болса, адамға келтірер зияны да соншалықты. Дәл қазір қалада бір жасырын эпидемия жүріп жатқан тәрізді. «Қандалаға таландық» деп айқайлап ешкім айтпаса да, сол қансорғыштан қашып, пәтерден пәтерге көшіп жүргендер өте көп. Ең өкініштісі, бұл қандала қаныңды ғана ішіп қоймайды. Қалтаңды қағады. Ауру таратады.
Тазалыққа шақырған күн
«Сырт көз сыншы» дегендей, сен тұрып жатқан қалаға сырттан келген қонақ, ең алдымен, көше тазалығына қарайды. Ол үшін әр көше мұнтаздай таза болуы керек. Сол арқылы қаламыздың ғана емес өзіміздің де тазалығымызды көрсетеміз!
Музейлер фестивалі басталды
Ел тарихынан сыр шертер бабала­ры­мыздан қалған жәдігерлер мұра-жайларда сақталады. Осы мұра арқылы өткенге көз саламыз. Бұрынғы заманға сапар шегеміз. Міне, осыны басты бағдар етіп алған «Ұлы дала мұрасы» халықаралық мұражайлар фестивалі Жезқазғанда басталды. Оған әлемнің бірнеше елінен 18 мұражайдың қызметкері қатысуда.
Жүрекке Абай сөзін сақтаған жан...
Қазақ халқымен ғасырлар бойы бірге жасап келе жатқан асыл сөздің, шешендіктің небір маржандарынан қорытып, саралап, бойына сіңіріп, бүгінгі күнге жеткізген халық ауыз әдебиеті екені белгілі. Ал сол мол мұраны бірден-бірге, ұрпақтан-ұрпаққа сары алтындай сақтап, шаң жуытпай, кірлетпей алып келушілер  халық  ақындары мен жыраулары. Сонау өткен тар, қапас заманда халық мұңын жырлаған, елдің, жалпының жоғын жоқтаған, халқымен бірге қуанып, бірге қайғырған, әділін айтып, шындық ақиқат үшін күрескен осындай дәуір үніне ақындық дауыс қосқан, халқының қасиетін жанымен ұққан, ойы – өрелі, шешен, жүйріктердің бірі – халық ақыны Төлеу Көбдіков.
Ескерту жасады
Қазақстанның Бас прокуратурасы қоғамдық тыныштықты бұзушыларға қатысты түсініктеме берді. Ол елімізде жария түрдегі заңсыз акцияларға жол берілмейтіні туралы бұған дейін бірнеше рет ескерткеніне назар аудартады.
Ықпалдастық пен ынтымақ
Бразилия сенаторлары Қазақстандағы президенттік сайлаудың өткізілуіне өз бағаларын берді. Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов еліміздегі кезектен тыс президент сайлауын бақылау үшін елордаға келген Бразилия Федеративтік Республикасының Ұлттық конгресінің сенаторлары Франсиско де Ассис Родригеспен және Жакес Вагнермен кездесу өткізді.
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құру туралы Қаулыға қол қойды.
Түрік инвесторы аурухана салады
Ауруханалар құры­лы­сы­на шетелдік инвес­тициялар тартылуда. Үкімет басшысы Асқар Мамин мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі бойынша жаңа ден­саулық сақтау нысан­дарын тұрғызу туралы келісімдерге қол қою рәсіміне қатысты.
Жоба негізі – жолдау
Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен жалпы отырыста депутаттар міндетті әлеуметтік сақтандыру мәселелеріне қатысты заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Құжат Елбасы Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты өткен жылғы Жолдауында айтылған тапсырмасын орындау мақсатында әзірленді.  
Сенат сенім білдірді
Парламент Сенатының басшысы Дариға Назарбаеваның төрағалық етуімен Жоғарғы палатаның жалпы отырысы болды. Онда депутаттар Қазақстан президентінің Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы етіп Кәрім Мәсімовті тағайындауына келісім берді.
Пікіріміз де, шүкіріміз де – бір
Бүгін тарихи оқиға болды. Жаңа сайланған Мемлекет басшысы, Қасым-Жомарт Тоқаев халық пен мемлекетке адал болуға ант берді
Пікір
Халықтың жағдайы мен тұрмысы қандай болса, мемлекеттің келешегі де сондай болады
Нұрлан ОРАЗАЛИН: Дипломатия ішкі саясатта да керек
Жаңа президентіміз Қазақстан халқы­на осы уақытқа дейін айтып келе жатқан бағдар­ла­масы мен бағы­ты­на қатысты сауал­дарға мар­дым­­ды әрі тұшым­ды жауап берді
Несіпбек АЙТҰЛЫ, ақын: Жаңа белеске – жаңаша қарқынмен
Президент бүгін ант қабылдады. Енді жаңа Президенттің алдында қордалы мәселелер тұр. Үлкен істер тұр. Әсіресе, ең әуелі, ел ішіндегі түрлі қарсылықтың тоқтауына күш салуы керек. Ол үшін халықпен сөйлесіп, қалауы­на құлақ асуы қажет. Қуанатынымыз – ол әлеу­мет­тік жағдайды жақсар­та­ты­нын жиі айтуда. Сондықтан бұл Президент­тен көп үміт күтемін.
Мұхтар Құл-Мұхаммед, Сенат депутаты: Ұлтты ұлықтау
Сәрсенбінің сәтінде өткен ұлықтау рәсімі Қасым-Жомарт Кемелұлының мінезіне ұқсас салмақты, сабырлы жағдайда өтті. Біз сарайдан шыға бере Алланың нұры жауды. Ежелден ырымшыл халықпыз ғой. Осының бәрін жақсылыққа баладық.
Президентке жеделхат жолдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасының Президенті болып сайлануына орай, құттықтау хаттар мен жеделхаттар келіп түсуде.
Беттер: 1 2 Келесі