Айқын" газеті №96

Айқын" газеті №96

Бұл нөмірден оқитындарыңыз:

  • Тағдырлы таңдау
  • Қой өсір – табысы көл көсір
  • Тарихи жарлыққа 1 жыл толды
  • Ұлттың саны сапаны көтереді
  • Табиғат көрдік, көрмеден...

Материалы номера
Табиғат көрдік, көрмеден...
Шымкент қаласы әкімдігі мен National Geographic Qazaqstan журналы бірігіп, Нұр-Сұлтанда «Шырайлы Шымкент!» атты фотокөрме ұйымдастырды. Шымкент қаласының ішкі туризм әлеуетін жан-жақты көрсететін, жүзеге асатын жобаларды фотосурет тілімен жеткізуді мақсат еткен көрме табиғаты бай өлкенің көрікті жерлерін паш етті.
Тау етегіндегі храм
Қаламына қасиет орнаған, сол арқылы бір тағдырдың ғана емес бүкіл бір заман­ның суреткері­не ай­налған тұлғалар бар. Солардың бірі журналистиканың жампозы, тарих ғылым­дарының док­­торы, профессор – Сағымбай Қозы­баев. Киелі білім орда­сы атанған ҚазҰУ-да 40 жылдан астам еңбек етіп келе жат­қан ұстаз 50-ге та­р­та кітаптың авто­ры. Оның шығармалары өмір айнасы іспетті. Қоғам­ның дертті жарасына  шипа, жыртығына жамау. Ешкімді қайталамайтын өзіндік үн мен ерекше талғам. Жастыққа мас болып шаттанған студенттік ғұмырына, жауапкершілік жүгін алғаш сезінген ұстаздық жолына куә ҚазҰУ – Сағымбай Қозыбаевтың мәңгі өшпес өміршең тақырыбы.  
Тарихи жарлыққа 1 жыл толды
Ер түріктің бесігі атанған Түркістан облыс орталығы болғанына да –1 жыл. 2018 жылдың 19 маусымында Елбасы, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев Түркістан облысын құру туралы Жарлыққа қол қойып, облыс орталығы етіп Түркістан қаласын бекітті. Арада небәрі бір жыл өтсе де, өңір қарқынды дамудың жолына түсіп, облыс орталығы болған Түркістан қаласы жаңа кейіпке еніп келеді. Түркістан облысының құрылғанына бір жыл толуына орай, облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістанда  баспасөз конференциясын өткізді. Жиынға республикалық және өңірлік БАҚ өкілдері  қатысты.
KPI зауытының құрылысы қарқын алды
Атырау облысында, дәлірек айтсақ, облыстағы еркін экономикалық аймақта интеграцияланған газ-химия кешенінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр.
Ұлттың саны сапаны көтереді
Мемлекет үшін маңызды мәселе – демографиялық ахуал. Себебі сол, қай мемлекеттің де дамуына, ең алдымен, халық саны әсер етеді. Кез келген елдің ішкі-сыртқы дамуы тікелей халық санының өсімімен байланысты. Сондықтан Елбасы «Қазақстан – 2050» стратегиясында демографиялық жағдайға ерекше көңіл бөліп келді.
Кеше – курсант, бүгін – офицер
14 маусым күні азаматтық қорғаныс органдары жас құтқарушы офицерлерді қатарына қосты. Олар енді теориялық білімі мен практикалық дағдысын іс-жүзінде пайдалана отырып, Төтенше жағдайлар комитеті бөлімшелерінде қызмет етуді бастайды.
Дархан МЫҢБАЙ, Парламент Мәжілісінің депутаты: Нақты істердің кезегі келді
Парламентте Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматуллиннің төрағалығымен Палатаның жалпы отырысы өтті. Жалпы отырыста Мәжіліс депутаты Дархан Мыңбай мемлекеттік тіл мәселесіне қатысты Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықованың атына депутаттық сауал жолдады. Біз төменде Дархан Мыңбай жолдаған депутаттық сауалдың мәтінін сөзбе-сөз ұсынып отырмыз.
Тату елге тыныштық орнайды
Елімізде болып жатқан ауқымды саяси өзгерістерге Қазақстан халқы ассамблеясы да үн қосты. Соған орай, Ұлттық академиялық кітапхана төрінде  ҚХА ғылыми-сарапшылық кеңесінің кеңейтілген отырысы өткізілді.
Елдіктің алтын қазығы
Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтті. Күн тәртібіне сәйкес, депутаттар Конституциялық кеңестің «Қазақстандағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы» жолдауын тыңдады. Сондай-ақ ел Үкіметінің және Есеп комитетінің 2018 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін талқылай келе, мақұлдады.
Жемқорлық – ел дамуын тежеуші фактор
Ақмола облысы Зеренді аудандық соты аудан әкімі М.Мұстафинді 3 жылға бас бостандығынан айырды. Ал оның бір орынбасары 1 жыл 6 айға сотталса, екінші орынбасарына 4 млн теңге айыппұл салынды. Себебі, олар  жеке компаниялардың директорларынан жер телімін жалға алу мерзімін ұзарту және оларға тиесілі емес телімде дәнді дақылдар егуіне «мүмкіндік беру» үшін 3 млн теңге сомасында пара алған. Сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында қызмет атқару құқынан айырылды. Өңірлердегі мемлекеттік қызмет­керлер арасында осы тектес жемқорлық деректері, өкінішке қарай, жиі тіркеледі.  
Ғылым дамыса, өмір сүру жеңілдейді
Бас қалада Nur Otan партиясының қолдауымен Жаңа технологияларды дамыту бағыты бойынша кеңестің отырысы өтті.
Табанды күрес қана табысты
Nur Otan партиясы Шымкент қала­лық филиалында кезектен тыс өткен президенттік сайлаудағы штаб жұмысын қорытындылау мақсатында саяси кеңес мәжілісі өтті.
Мақсат – өмір сүру жасын ұзарту
Nur Otan партиясының «Қазақстан – 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» бағдарламасының «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша комиссия отырысы өтті.
Әр отбасының мәселесі – басты назарда
Елордада Nur Otan партиясы жанындағы Балалар құқығын қорғау жөніндегі республикалық кеңестің отырысы өтті.  Партия хатшысы Тамара Дүйсенова Елбасының бастамасымен іске асып жатқан «Бақытты отбасы» партиялық жобасының нәтижесін қорытындылады.
Қой өсір – табысы көл-көсір
Кейде Қазақстанның сыртқа шығаратын қандай өнімі бар деген сауал кеуделегенде ойланып қалатын едік. Біздің елдің экспортқа шығаратын өнімдері көбейді. Биыл еліміздің «Оптоград» дейтін сауда компаниясы Біріккен Араб Әмірлігіне қой етін жеткізді. Әлемдік нарық есігіне бұрын сығалап қарайтын болсақ, бұл заман еркін сауда жасай бастадық.
Айбынды жастарға үміт артамыз
Қазақстан Президенті – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев V «Айбын» республикалық әскери-патриоттық жастар жиынының ашылуына қатысты. Мемлекет басшысы ұлттық жиынға қатысушыларды құттықтап, іс-шараның маңызын атап өтті.  
Тағдырлы таңдау
Кейбір оқиғалар баяу ағыспен басталып, бірте-бірте арынды өзенге айналып кете баратын бұлақтарға ұқсайды, олар уақыт өте келе тұтас мемлекеттер мен халықтар үшін аса маңызды мәнге ие болады.