Айқын газеті №70

Айқын газеті №70

Бұл нөмірден оқитындарыңыз:

  • Ұялы телефон және ұлт саулығы
  • Баламды бердім бақшаға...
  • Қазақстанға кім инвестиция салып жүр
  • Н.Әбіқаев: Қандастарымыз мемлекет қамқорлығында болады
  • Дүниені дүбірлеткен қазақ күйі

Материалы номера
Әділ сайлау – әділет нышаны
Бүгіннен бастап Қазақстан президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркістан облыстық қоғамдық штабы құрылды. Облыстық қоғамдық штабты бесінші шақырылымдағы Мәжіліс депутаты, облыс әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған Ұласбек Сәдібеков басқарады.
Насихат жұмыстары басталады
Nur Otan партиясы Жамбыл облыстық филиалының мәжіліс залында съез шешімімен Қазақстан президенттігіне ұсынылған кандидатты қолдау бойынша облыстық қоғамдық штабтың құрыл­ғаны туралы брифинг өтті.
Республикалық қоғамдық штаб құрылды
Nur Otan партиясының Орталық аппаратында Қазақстан прези­денттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республи­калық қоғамдық штабының жұмысы жайында арнайы брифинг өтті. Оған кандидаттың сенімді өкілі, Nur Otan партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев және басқа да бірқатар сенімді өкілдер қатысты.
Ұялы телефон және ұлт саулығы
Кез келген жерге барғанда қандай көріністі көресіз? Қазір үйге келген мейман да,  кафеде отырған адамдар да алақандарындағы ұялы телефонға үңіліп отырады. Баяғыдай шүйіркілесіп, өзара ортақ әңгіме айтып отыру далада қалды. Көптеген ата-ана балаларын  тамақтандыр­ған кезде олардың қол­дарына гаджет ұстата салады. Телефон болмаса тамақ ішпейтін бала көп. Сонда не боп барамыз?
Баламды бердім бақшаға...
Соңғы уақытта балаларға зорлық жасалғаны жайлы жиі естіп жүрміз. Оның үстіне заманның ағымына қарай бейнетаспаға түсірілген заттай дерек қоса жүреді.
Рамазан – жақсылыққа жарысатын ай
Аса қамқор, ерекше Мейірімді Алланың атымен бастаймын!
Қадірлі бауырлар, отандастар!
Дүниені дүбірлеткен қазақ күйі
Атырауда үш күн бойы Түркітілдес халықтардың «Саз пернелі Сарайшық» атты халықаралық домбыра фестиваль-байқауы өтті. Қазақтың төл өнерінің құдіреті  дүниені дүбірлетіп, күй сазы тыңдағанды  елітіп, айтып болмас әсерлі сәттерді тарту етті. Шетелдік қонақтар, екі ішекті домбырада күрделі шығармалардың орындалуын тыңдап көріп, ұлттық аспабымыздың құпиясы неде екені білуге қызығушылық  танытты.
Бабадан мұра болған күй өнерінің ұрпаққа қалай аманатталып отырғанына көз жеткізді. Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың «Ұлттық Домбыра күнін» атап өту жарлығының түп төркінінде баба мұрасын, ұлттық құндылықты сақтау мақсаты тұрғанын жете түсініп, көрегендігіне ризашылығын білдірді.  
Әсел Әбілсейітова, сопрано-әнші, Лондондағы Корольдік академияның түлегі: Музыкасыз өмір сүре алмаймын
Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтары аудио-визуалды көріністермен безендірілген классикалық музыка кешін тамашалады
«Мәміле» жобасының жемісі
Қарағанды облысында әрбір этнос ана тілін үйреніп, салт-дәстүрін сақтау мүмкіндігіне ие. Сонымен бірге, ниет білдірушінің барлығына қазақ тілін оқу орталықтары қолжетімді болып табылады, «Ахуалдық қазақ тілі – «Мәміле» жобасы жүзеге асырылуда.
Алакөлдің азаматтары жерлестерін жарылқады
Көпбалалы, аз қамтылған отбасыларға қамқорлық жасау, соның ішінде қайырымдылықтың ең үлкені – баспана алып беру сынды игілікті іс Жетісуда қарқын алды. Облыс орталығынан бастап, аудандар мен қалалардағы қайырымды азаматтар үйсіз-күйсіз жерлестеріне қуаныш тарту етуде.
100 отбасы қуанған күн
Мамыр айының соңына дейін Қарағанды облысында 130-дан астам көпбалалы отбасы баспанаға ие болады. Жыл соңына дейін облыста 560 көпбалалы отбасы баспанамен қамтылады.
Табиғи қоспалардан жасалған
Біз осы күнге дейін косметикалық өнімдерді негізінен шет мемле­кеттерден алып келдік. Енді осы олқылықтың орны толатын түрі бар. Отандық косметология саласында жиырма жылдан бері үздіксіз еңбек етіп, тәжірибе жинаған белгілі косметолог Гүлшаш Әубәкірқызы өз косме­ти­калық өнімдерін нарыққа шығарды. Өнімдерді көпшілікке таныстыру рәсіміне өнер жұлдыздары мен белгілі тұлғалар қатысты.
Банктер қашан байыпты болады?
Кредит-қарызды ауылдас, көрші, ағайыннан алуға, ал теңге-ділдәні сандық түбінде сақтауға үйренген көшпелі халқымызда банк болмағаны белгілі. Алғашқы банктер Қазақстанда патша өкіметі тұсында ашылып, Кеңес Одағы тұсында мемлекеттік-салалық банктер түрінде дамыды. Бірақ бұл сектордың нағыз өрлеуі тәуелсіздік алған жылдарға тап келді.
Қандастарымыз мемлекет қамқорлығында болады
«Отандастар қоры» КЕАҚ президенті Нұртай Әбіқаевпен сұхбат.
Кеншілер қаласындағы кездесу
Елбасының партия съе­зін­де берген тапсырма­ла­рының өңірлерде қалай жү­зе­ге асып жатқанын көз­дерімен көру мақсатында ел аралауға шыққан Мәжілісі депутаттарының бір тобы Текелі қаласындағы Green House ЖШС және «ТЭЦ» энергокешенінің еңбек ұжымдарымен кездесті.
Офтальмологиялық орталықпен танысты
Мәжіліс депутаттары Сергей Звольский, Артур Платонов, Құралай Қаракен және Кәрібай Мұсырман Петропавл өңіріне сапары аясында  офтальмологиялық орталықтың жұмысымен танысты. Орталық жыл сайын түрлі дәрежедегі көру қабілеті бұзылған 5 000 пациент қабылдай алады.
1 086 көпбалалы отбасыға көмек көрсетілді
Мәжіліс Төрағасының орынбасары Гүлмира Исимбаева және Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Гүлнар Иксанова Nur Otan партиясы Алматы қалалық филиалында көпбалалы аналар қоғамдық ұйымдарының көшбасшыларын қабылдады.
Қазақстанға кім инвестиция салып жүр?
Инвестиция – экономикадағы аса маңызды әрі қажетті термин. Бұл терминнің астарында қаншама қаражат буда-будасымен шашылып жатыр. Соны тиімді кәдеге жарату керек. Қысқаша айтқанда, қарызға берілген ақша. Алайда инвести­цияланған жоба табыс әкелер болса, онда ақша беруші де қарық болмақ. Ал егер банкротқа ұшыраса, онда көк қағазы желге ұшты деген сөз. Тәуелсіздік алғалы бері Қазақстан да инвесторлармен үздіксіз жұмыс істеп келе жатыр.
Көмек алушылар саны артты
Қазақстанда жаңар­тылған, яғни қаражаты көбейтілген атаулы әлеу­меттік көмек алудан үмітті адамдар саны 800 мыңға жуықтап қалды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.
Үміткерлер тіркелуде
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашевтың төрағалығымен өткен комиссия отырысында Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында Амангелді Таспиховты Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат ретінде тіркеу туралы қаулы қабылданды.
Беттер: 1 2 Келесі