Айқын газеті №76

Айқын газеті №76

Бұл нөмірден оқитындарыңыз:

  • Мектеп бітірушілер және мейірім
  • Түркістан әуежайын түріктер тұрғызады
  • Бекзат Алтынбеков: Мешкей – жақсы ат емес
  • Ер
  • Ұмыт болған тағамдар

Материалы номера
Ер
Мәскеудің «Художественная литература» баспасы қазақтың аса көрнекті ақыны, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтің 80 жылдығына орай «Олжас және мен. Екінші кітап» жинағын шығарды. Аңдатпада айтылғандай, «Бұл басылымды екі жыл бұрын шығарылған «Олжас және мен» кітабының қисынды жалғасы деп санауға болады. Бірінші кітапта біздің ұлы замандасымыз  Олжас Сүлейменов туралы өз ойларын ақынның Қазақстаннан тысқары жерлерде тұратын достары мен әріптестері ортаға салған еді. «Олжас және мен. Екінші кітап» жинағында негізінен Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, ғылыми һәм шығармашылық элита өкілдерінің, прозашылары мен ақындарының О.Сүлейменов шығармашылығы мен тұлғасы хақындағы пайымдары мен ой-толғаныстары қамтылды».
Ермек Алданов құрастырған бұл кітап көрнекті әдебиеттанушы, филология ғылымдарының докторы Сауытбек Абдрахмановтың «Айқын» газетінің оқырмандарының назарына ұсынып отырған мақаласымен ашылған. Белгілі ақын Қорғанбек Аманжол аударып берген мақаладағы қазақ көзімен қарағанда қажетсіз көрінетін кейбір жайлар («Әбіш – біздің ұлы ақынымыз Абай Құнанбаевтың сүйікті ұлы. Қаныш – атақты геолог, академик, Ленин сыйлығының лауреаты Қаныш Сәтбаев», «Мұрат Әуезов (Мұхтар Әуезовтің ұлы)») ресейлік оқырмандардың біздің мәдениетімізден хабардарлық деңгейін ескеруден туғанын айта кету де артықтық етпейді деп ойлаймыз.
Жүргенов жайлы жылы естеліктер
Нұр-Сұлтандағы Ұлттық академиялық кітапханада мемлекет және қоғам қайраткері, әдебиетші, журналист, саяси қуғын-сүргін құрбаны Темірбек Жүргеновке арналған «Ұлт рухын қайта түлеткен қайраткер» атты еске алу кеші өтті.
Ұмыт болған тағамдар дастарқанға қашан қойылады?
Наурыздағы көжемен бірге ғана ұлттық астың түрлерін түгендейміз. Былайғы күні дастарқанымызда түк жоқ. Жоқ дегенде, сол дәстүрлі тағамды айтып отырмыз. Оларды көбіне бағасы аспандап тұрған кейбір қымбат мейрамханалардан кезіктіреміз. Қарапайым асханалардың мәзірінде көбіне қазақы ет пен қазы, әсіп, сірне ғана тұруы мүмкін. Ғалымдар мыңдаған жыл бойы дәстүрлі асын ішуін қойған халықтың түбі жоғалатынын айтады. Біз осы қазақта ет пен қымыздан басқа ештеңе болмағандай пікір қалыптастыратын жағдайға жақындап келе жатқандаймыз.
Бір ғана сүттің өзінен 30-дан астам тағам жасаған қазақ бүгін неге енжар? Ұлттық асты дамытуға неге құлықсыз?
Жауап іздеп көрдік.
Екі қала мен үш ауданда 16 тұрғын үй
Кез келген мемлекеттік бағдарлама бірінші кезекте елде қордаланып қалған мәселелерді реттеуге, халықтың әл-ауқатын жақсартуға қызмет етуі тиіс. Бір өкініштісі, осындай ел мүддесіне негізделген бағдарламаларды жұртқа жете түсіндіруде кемшін қалып жатамыз. Сонымен бірге, адамдардың құқықтық сауаты да керемет болып тұрған жоқ. Мәселен, басты мақсаты халықты қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету болып саналатын бағдарламалар бірінен соң бірі жарияланып жатқанымен, солардың ешқайсысы нақты нәтижеге жеткен жоқ. Қазіргі кезде ел құлағын елеңдетіп отырған «7 – 20 – 25» мемлекеттік бағдарламасы бойынша да шығандап алға шыға қойған жоқпыз.
Бекзат Алтынбеков: Мешкей – жақсы ат емес
Адамды кейде қарапайым қағидасы, адами болмысы, азаматтық көзқарасы бөлектеп тұрады. Оның бойында бәрі бар: білім, білік, парасат, кәсібилік жетеді. Бастысы, нені қалады, неге қол жеткізгісі келді, нені мақсат тұтты, соның бәріне там-тұмдап болса да, қол жеткізіп келеді. Біз білетін Алтынбеков – турашыл жан.  Ал біз білмейтін Алтынбеков – қандай адам?  Сенбілік сұхбаттың бүгінгі кейіпкерінен білгіміз келгені де – осы.
Суреттер қала сәулетіне сән берді
Атыраудағы тұрғын үйлердің қабырғаларына street-art суреттер салынды. Бұл суреттер, әсіресе, бұрын салынған ескі үйлердің сұр қабырғасына әсемдік сыйлап, көрген жұрттың көз қуанышына айналды.
ЖАНАШЫР
Дәм-тұз бұйырып 2016 жылы қасиетті Жамбыл ауданының «Атамекен» газетіне тілшілік қызметке қабылдандым. Құрылғанына 87 жылдан асқан қара шаңырақтың тарихы тереңде. Осы рухани ордада жазушы Нағашыбек Қапалбеков, Күмісжан Байжан, ақын Есенқұл Жақыпбек тәрізді танымал қаламгерлер газетті әр жылдары басқарған. Бүгінгі күні ақын Рәтбек Терлікбаев – бас редактор.
Партияға қабылдады
Nur Otan партиясының Шымкент қаласы әл-Фараби аудандық филиалында партияға қабылдау шарасы өтті. Шара барысында Nur Otan партиясы әл-Фараби аудандық филиалының бірінші орынбасары Данияр Тілеубергенов 9 азаматқа партиялық билет табыстады.
Паралимпиада чемпионымен кездесті
Nur Otan партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының ­ұйым­дастыруымен Алматыда «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы­ның жеңім­пазы, волей­болдан пара­лим­пиада ойындарының чемпионы Серік Есматов­пен кездесу кеші өтті.
Көпбалалы отбасыға – 500 мың теңге
Түркістан облысындағы көпбалалы отбасыларға 500 мың теңге төленетін болды. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Ербол Садыр облыстық Орталық коммуникация­лар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.
Білім берудегі өзекті мәселе қандай?
Nur Otan партиясының Орталық аппаратында «Білім беру» бағыты бойынша партиялық куратор, Мәжіліс депутаты Әбдіманап Бектұрғановтың жетекшілігімен комиссия отырысы өтті.
Көгалдандыруға үлес қосты
  Әміржан Қосановтың сайлауалды штабының мүшелері кеше Өскемен қаласында үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырды. Атап айтқанда, штаб белсенділері облыс орталығының дамып келе жатқан  ауданында «Қаланы көгалдандыру» шарасын өткізді.
Сайлауалды штаб жиыны өтті
Жамбыл Ахметбековтің республикалық сайлауалды штабы Нұр-Сұлтан қаласында  «Халық коммунистері» депутаттық фракциясы үгіт топтарының облыстық штабтары кеңейтілген отырысын өткізді. Видеоконференция арқылы өткен басқосуға республикалық сайлауалды штаб жетекшісі Айқын Қоныров  төрағалық етті.
Университет ұжымының ортасында
«Ауыл» партиясының үміті –  Төлеутай Рақымбеков елордадағы Қазақ агротехникалық университет ұжымымен кездесіп, сайлауалды бағдарламасын таныстырды.
Алтынсарин ауданына барды
«Ақ жол» партиясы атынан сайлауға түсетін үміткер Дания Еспаева Қостанай облысының Алтынсарин ауданында сайлаушылармен кездесті. Аталған үгіт-насихат шарасына Республикалық қоғамдық штаб мүшесі, Мәжіліс депутаты  Ерлан Барлыбаев, сонымен бірге канди­дат­тың сенімді өкілдері мен «Ақ жол» партиясының өңірлік активі қатысты.  
Еңбек ұжымдарымен жүздесті
Президентікке үміткер Аманкелді Таспиховтың Маңғыстау облысындағы сайлауалды штабының өкілдері CaspiBitum ЖШС еңбек ұжымымен кездесті. Аймақтық қоғамдық штабтың жетекшісі Киікбай Жаулин және кәсіподақ ардагері Марат Дәулетов CaspiBitum ЖШС қызметкерлеріне кандидаттың сайлауалды бағдарламасын таныстырды.
Ұлт дәстүрін оқытуды ұсынды
Қазақстан президенттігіне үміткер Сәдібек Түгел мектепте қазақтың сәлт-дәстүрін оқытуды ұсынды. Ұлттық құндылықтарды жақтаушы кандидаттың пікірінше, жаңа пәнді енгізу өскелең ұрпақтың отансүйгіш қасиетін оятады. Оқу бағдарламасына жаңа курсты енгізу туралы  ұсынысын үміткер Нұр-Сұлтан қаласындағы сайлаушылармен өткен кездесуде жасады.
Астықты өңірге ат басын тіреді
Қазақстан президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың РҚШ мүшелері астықты өлке Қостанай облысына келді.  Бұл өңірде  «Соколов-Сарыбай» тау-кен байыту өндірістік бірлестігі ұжымымен кездесті.
Мал өнімі түйткілі пысықталмақ
Мәжілісте ет және сүт өнімдерінің өндірісіне қатысты қордаланған мә­селелер ашық талқыланады.
Түркі палатасына бірікті
Түркі елдері бірлескен сауда палатасын құрды. Қазақстан Үкіметінің басшысы Асқар Мамин ХІІ АЭФ алаңында өтіп жатқан Түркі іскерлік кеңесінің отырысы аясында жаңа «Түркі сауда-өнеркәсіптік палатасының» жарғысына қол қою рәсіміне қатысты.
Беттер: 1 2 Келесі