Айқын газеті №71

Айқын газеті №71

Бұл нөмірден оқитындарыңыз:

  • Ер қаруы – бес қару
  • Біздің жағдай – бірыңғай "бес"!
  • Бюджет қаржысын бақылап жүрміз бе?
  • Бақытын басқа елдерден іздегендер неге көбейіп барады?

Материалы номера
Біздің жағдай – бірыңғай «бес»!
Әскери саланың қызығы­нан гөрі қиын тұсы көбірек. Сол үшін де қызметшілердің әлеуметтік жағдайына мем­лекет ерекше көңіл бөледі. 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні қарса­ңын­да әскери қызметкер­лердің әлеуетін талқыға салғанды жөн көріп отыр­мыз. Оларға қандай же­ңіл­д­іктер ұсынылады, өзге­лерден бәсі артық деп ойлаудың қаншалықты негізі бар?
Бақытын басқа елден іздегендер неге көбейіп барады?
Шетелге турист ретінде барып, уақытша жұмыс істеп келгісі келетіндердің қарасы онсыз да көп. Талай қазақ солай жан бағып жүр деуге болады. Еңбегі қаналып, елге әрең дегенде оралатындары да бар. Жә, әңгіме  ол туралы емес. Әңгіме – арамызда­ғы көзі ашық, көкірегі ояу жандардың адамның ақылын бағалайтын елдерге, көптеп кете бастауында болып тұр. Дамушы елден дамыған елге саналы түрде кетуді жөн көретіндер мұны әлемдік тәжірибедегі қалыпты үрдіс деп санай­ды. Ол да мүмкін. Бірақ ұланғайыр аумақты алып жатқан атырапта онсыз да азбыз деп жүргенде, жастардың жаппай шекара асып жатқаны жақсы құбылыс емес.
Құлбек Ергөбек, жазушы, ғалым: Ұлтты жаңғыртатын мәдениет
Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында халқымызға, ұлтымызға тікелей байланысты, оның бай мәдениеті мен тарихи ұстынын әйгілейтін біраз тақырып кеңінен қамтылған. Соның бірі – түрік өркениеті жайында. Осы орайда белгілі түріктанушы ғалым Құлбек Ергөбек аға­мыз­бен сұхбаттастық.
Әзімбектей дос қайда?!
Биыл  Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына – 30 жыл. Отан алдындағы азаматтық және интернационалдық  борышын өтеу үшін жат елге, жат жерге аттанған отандастарымыздың арасында – белгілі айтыскер ақын Әзімбек Жанқұлиев те болған еді. 1981 жылы мамыр айында Жамбыл өңірінен әскерге алынған төрт жігіттің қатарында Әзімбек Жанқұлиев және байзақтық Аманжол Қонысбеков Түркімен­стан­ның Кеджин деген елдіме­ке­нін­де алты ай оқу-жаттығуда бірге болып, механик-жүргізуші біліктілі­гі­мен танк механиктері Ауған жерінде әскери ұрысқа кіреді. Бұлар Ауғанстанның Пулихумри деген қаласына түседі. Бұл өзі Келегай деген елді­ме­кен­ге қарайды екен. Кезінде мұнда француздар біраз жыл билік құрғанға ұқсайды. Кейін жергілікті тұрғындар оларды қырып тастаған. Келегай деген сөздің өзі «қырғын» деген мағынаны білдірсе керек-ті.
Алдымен ауыл-аймақ көркейеді
«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Қазығұрт ауданын көркейту мақсатында алдымен аудан орталығы, округ орталығы, кейін жыл сайын 5 ауылды көркейтіп, абаттандыру жұмыстары жүргізілетін болды. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Естайұлы Қазығұрт ауданындағы жұмыс сапарында айтты.
Ұлттық кадр ұстаханасы
Талантты жастар, білімді ұрпақ  мемлекеттің басты капиталы екенін есте ұстауымыз керек. Халқымыздың сапалық құрамы өзгенің емес, осы елдің мүддесіне қызмет етуі керек емес пе? Бұл орайда, бакалавриат, магистратура мен докторантура бағдар­ламалары бойынша білікті мамандарды Қазақ­станның жоғары оқу орын­дарынан өсіріп шы­ғу­ға талпынуымыз қажет.
Ана тілімізді ардақ тұтқан
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ұстаздық етіп келе жатқан  тілші ғалым, профессор Берікбай Сағындықұлының есімі қазақ еліне кеңінен танымал. Көненің көзі іспетті түркітанушы ғалымның қазақ тіл біліміне сіңірген еңбегі атап өтуге тұрарлық. Әрине, оны қазақ тіл білімінде еңбек етіп жүрген қалың көпшілік білмесе де, түркология саласында жүрген ғалымдар білері хақ. Бүгінде үстелге тапжылмай отыру деген қасиет жетіспейтіні белгілі, ал бұл кісілер бір шешуі қиын мәселені жазып шыққанша ештеңеге алаңдамай жазу үстелінде ұзақ отыруға үйренген. Ұстазым Берікбай Сағындықұлы – осындай қасиетке ие тұлғалардың бірі.
Мұнайлы астанада инвестицилық даму сараланды
Атырауда Парламент Сенатының Қаржы және бюджет комитеті еліміздің инвестиция­лық климатының дамуы мәселесін талқылады.
Сенаторлар мен жергілікті атқарушы органдар стратегиялық инвесторларды тарту және экономиканың басым бағыттарында «зәкірлі инвесторлармен» біріккен кәсіпорындар құру жөнінде пікірлерімен бөлісті. Мұнай-газ өндірісі шоғыр­ланған Атырау облысы әлемнің елуден аса елімен тығыз ынтымақта­суда. Басқосуда мұнайлы өңірде жүзден аса біріккен және шетел кәсіпорындары құрылып, өнімді жұмыс істеп жатқаны айтылды.
Бюджет қаржысын бақылап жүрміз бе?
Өркениетті елдің кез келген азаматы өзі төлеген салығының қалай жұмсалып жатқанын қадағалап отырады. Бұл мемлекет қазынасының тиімді жұмсалуына, жемқорлық­тың жолын кесуге мүмкіндік береді. Ондай елдің билігі де бюджет қаражатының әр тиынын шашау шығармай жұмсайды, сол туралы есеп береді. Бұл тұтас елдің дамуына ықпал етеді. Ал бізде ше? Сіз бюджет қаражатының қалай жұмсалып жатқанынан хабардарсыз ба? Қазақстан азаматы ретінде құзырлы орындардың бюджетті игерудегі жұмысына назар аударып көрдіңіз бе?
Саяси додаға жеті кандидат шығады
Қазақстан Президентінің сайлауына жеті кандидат қатысатын болды. Орталық сайлау комиссиясы кеше үш үміткерді кезектен тыс Президент сайлауына кандидат ретінде ресми түрде тіркеп, кандидат куәлігін тапсырды. Бұған дейін төрт үміткер кандидат куәлігін алған-ды.
Қай өңір ардагерге қанша төлейді?
Оққа оқ бейбітшілік үшін атылған. Бұл соғыс жат басқыншылар алдында тізе бүкпеу үшін тұтанған. Батырлық бабалардан мирасқа қалған. Бұл соғыс өзгенің жерінде жүрсе де, қанында бар қасиет болғасын, Ұлы дала ұландары қарсы келген қастан тайсалмай, бұқпантайлап қашпай, қаһармандықтың небір үлгісін көрсетті. Сол батырлардың қатары қатты селдіреп барады.
Ақтөбедегі зауытқа барды
Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен келген Мәжіліс депутаттары, Nur Otan партиясы фракциясының мүшелері Бейбіт Мамраев, Қанат Мусин, Асылбек  Смағұлов, Снежанна Имашева «Ақтөбе хром қосындылары зауыты» АҚ-да болып, зауыт жұмысшыларымен кездесті.
Аудандарды аралады
Мәжіліс депутаттары, Nur Otan партиясы фракциясының мүшелері Байділдә Жылқышиев, Мұхтар Ерман, Шавхат Өтемісов Бәйдібек ауданына іссапармен келді.
Орталық жұмысымен танысты
Сыр өңірінде жұмыс сапарымен болған Мәжіліс депутаттары Абзал Ералиев, Наталья Жұмаділдаева, Балайым Кесебаева және Нұржан Әлтаев Талсуат ауылдық округінде орналасқан арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету балалар орталығының жұмысымен
танысты.
Жеделхат жолдады
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады.
Елбасы көңіл айтты
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады.
Ер қаруы – бес қару
Тап бір кино лентасы тәрізді: болған оқиғаның бәрі көз алдымызда өтті, жер жүзін тітіреткен аса қуатты армиясы бар еді; КСРО тарқайтын тұста елдің саяси бекемдігінен түк те қалмаған-ды, ең мықты тірек – әскери әлеуеті де әлсіреді. Әбден тығырыққа тірелген Одақтан тәуелсіз елдер өз үлесін таласа-тармаса алып жатты. Бұл үрдіс Қазақстанға ауыр тиген болатын.